Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар мен жағажайлар жабылады Елорданың | Новости ПК

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар мен жағажайлар жабылады

Елорданың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Мейрамхана, дәмхана және кофеханалар жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетіп, сенбі және жексенбі күндері жабық болады.

Компьютер, PlayStation клубтары, боулингтер, концерт залдары, театрлар, көрмелер, бильярд, караоке, хайуанат парктері, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының жұмысына да тыйым салынбақ.

Құжат қала аумағындағы жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктердің жұмысына да тыйым салады.

Қаулы 11 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

t.me/aibat_news