Get Mystery Box with random crypto!

Әлем жаңалықтарына шолу: Жаһанда коронавирустан қайтыс бол | Новости ПК

Әлем жаңалықтарына шолу:

Жаһанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университеті хабарлады. Осылайша індеттен көз жұмғандардың саны 1982 жылдан бері болған әлемдік соғыс құрбандарының санынан да асып кетті. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші бойынша АҚШ көш бастап тұр. Мұнда 606 мыңнан астам науқас «ковидтен» көз жұмған. Алғашқы үштікте Бразилия мен Үндістан бар.

Біріккен Араб Әмірліктерінде алғаш рет әйел-астронавт ғарышқа аттанады. 28 жастағы Нұра әл-Матруш әріптесімен бірге НАСА-ның ғарышкерлерді дайындау бағдарламасынан өтеді. Олар 4 мыңдай үміткердің ішінен іріктелген. Осылайша, ресми Абу-Даби ғарышты игерудегі әлеуетін кеңейтіп жатыр. 2021 жылы мемлекет Марсқа арнайы миссиясын жіберіп, Ай бетін де зерттеуді бастады.

Кештеріңіз көңілді өтсін

t.me/aibat_news