Get Mystery Box with random crypto!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің үш обл | Новости ПК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің үш облысында вакцина паспортын сатқан медқызметкерлерді ұстады. Бұл туралы агенттік төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

«Вакцинация паспортын қолдан жасайтын деңгейге дейін жеттік. Күні кеше үш өңірде осындай паспорттарды сатып келген медқызметкерлер ұсталды. Олар екпе алмаған адамдарды алды деп құжат рәсімдеген. Ал, екпенің өзін төгіп отырған. Міне, халықтың денсаулығынан ақша істеп отыр, бюджеттің ақшасы да желге ұшып жатыр», - деді Ахметжанов агенттіктің алқа отырысында.

Ұсталған қызметкерлер Нұр-Сұлтанда, Ақмола мен Алматы облыстарында жұмыс істеген.

t.me/aibat_news