Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 189

2021-07-14 09:43:20
Коронавирусқа қарсы вакцина алудан бас тартқандар жұмыстан шығарылмайды. Жұмыс берушінің ондай құқығы жоқ. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкеновтың жауабы.

Министрдің сөзіңше, жұмыс беруші екпе алмаған адамды қашықтан жұмысқа ауыстыра алады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда еңбекақысыз демалысқа жіберуіне болады. Ал қызметкер немесе жұмысшы демалыстан да, қашықтан жұмыс істеуден де бас тартса аптасына бір ПТР тест тапсыруға міндетті. Бұл шығынды жұмыс беруші өз мойнына ала алады. Тек тараптар келіссе болғаны. Халық денсаулығы туралы кодекске сай кез-келген медициналық процедура азаматтың келісімі бойынша ғана жүзеге асады. Қазақстанда екпеден бас тартқаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік жоқ.

t.me/aibat_news
84 views06:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 08:58:57
Көкөніс қашан арзандайды?

Тілшілеріміз анықтап көрді

t.me/aibat_news
96 views05:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 08:22:32
Мас шенеунік 15 тәулікке қамалды

Қызмет бабында ішімдік ішкен өскемендік шенеунік 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Халықпен кездесуге жеке көлігімен келген әкімдік қызметкерінің әрең тұрғанын көрген тұрғындар полиция шақырыпты.

Келеңсіз жағдайды телефон арқылы шешпек болған шенеуніктің әрекетінен түк шықпаған. Полиция оны көлігінен күшпен алып шыққан. Өскемен қаласы әкімдігінің аппаратында 16 жылдан бері істеп келе жатқан 54 жастағы Индира Қалжабаеваның мәселесі 15 күндік қамаудан шыққаннан кейін шешілмек.

«Қазір әкімшілік шаралар жұріп жатыр. ШҚО Полиция департаменті шешім шығарған соң, бізге құжаттар беріледі. Кейін біз мас күйінде көлік тізгіндеу және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасын бұзу дәйегі бойынша қызметтік тексеріс жүргіземіз»-деді Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек ТҰРСЫМБЕТОВ.
58 viewsedited  05:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 07:43:35 Қазақстанда бір тәулікте КВИ жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Өткен тәулікте 4375 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл елімізде пандемия басталғалы бері болған ең жоғарғы көрсеткіш.

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 59 адам көз жұмды.

Қазіргі уақытта 45 282 адам коронавирустан емделіп жатыр. 880 науқастың жағдайы ауыр.

t.me/aibat_news
54 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 17:09:01 Әлем жаңалықтары:

Үндістанның солтүстік штаттарында найзағайдан 49 адам қаза тапты. Олардың 11-і оқиға кезінде селфи жасамақ болған. Қайғылы оқиға Джайпур қаласында болды. 27 адам туристік орын саналатын күзет мұнарасында табиғи құбылысты тамашалаған. Найзағай түскенде көбі биіктен секіріп, бірнеше адам жараланған.

Жапонияда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай күшіне енді. Олимпиадаға екі апта қалса да, елде коронавирустың таралуы өршіп тұр. Төтенше жағдай тамыздың 22-не дейін ұзартылды. Токио ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін.

АҚШ-та әйгілі Tesla компаниясының басшысы Илон Маскқа қарсы сот отырысы өтіп жатыр. Оған SolarCity компаниясын банкроттан құтқару үшін Тесланың қаражатына сатып алды деген айып тағылып отыр. Басы даулы ұйымды Масктың екі туысы құрған. Миллиардер көмектесуге тырысып баққанмен, күн қуаты панелдерін шығаратын компания жұмсалған ақшаны ақтай алмаған. Сөйтіп Тесла акционерлері оны сотқа берді. Енді кінәсі дәлелденсе Маск инвесторларға 2 миллиард доллар төлеуі мүмкін.

Кештеріңіз тыныш болсын!

t.me/aibat_news
70 viewsedited  14:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 15:50:21 Міндетті вакциналаудың мерзімі 19 шілдеде айқындалады - комитет

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеге дейін қызметкерлерін вакциналауға міндеттелген нысандарда ешқандай тексеру жүрмейтінін растады.

«Яғни, 15 шілдеден кейін аталмыш нысандарға қызметкерлері вакцина алмағаны үшін ешқандай шара қолданылмайды. Мұны міндетті вакциналау мерзімі 19 шілдеге дейін созылды деп қате түсінуге болмайды. Нақты қанша мерзімге созылатыны 19 шілдедегі ведомствоаралық отырыста белгілі болады», - деді ол.

t.me/aibat_news
66 viewsedited  12:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 14:53:59
Қазақстанда қыркүйек айында үй бағасы арзандауы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың болжамы осындай. Ол бағаның күрт өсуін зейнетақы ақшасын баспана сатып алуға рұқсат берумен байланыстырды. Соған қарамастан, ол нарықтағы баға қазір біршама тұрақталды деп отыр.

Мысалы қаңтар айында жаңа үйлердің бағасы 3,8 пайызға өссе, қазір бұл көрсеткіш 0,9 пайызға дейін төмендеген. Ал екінші деңгейлі үй жыл басында 7,2 пайызға көтерілген болса, маусым айында 1,2 пайызға азайған. Ең қымбат үйлер қазір Түркістан қаласында. Мұндағы үйлер былтырғыдан 4,5 пайызға қымбат. Сондай-ақ, баға Қостанайда 2,9 пайызға, ал Нұр-Сұлтанда 1,3 пайызға өскен.

t.me/aibat_news
98 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 13:51:24
Ұлытауды құтқарушылар үйлеріне оралды

Ұлытауда отпен сегіз күн бойы арпалысқан құтқарушылар үйлеріне оралды. 26 жастағы Аятолла Нәбиев басқаратын қарауыл кілең жас жігіттерден жасақталған. От ошағына бір күнге кеткен өрт сөндірушілер далада 8 күнге қалып қойды. Толығырақ арнайы сюжетімізде

t.me/aibat_news
97 views10:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 13:12:59
Оның алпыс төрті қаралап болып, сотқа жіберілді. Тіркелген жағдай көп болғанымен, әзірге небары 9 қылмыскерге ғана жаза тағайындалған. Дені жақын шетелден келгендерді құрылысқа, малдың соңына салу мен жезөкшелікке мәжбүрлеу фактісі. Ішкі істер органдары қиындыққа тап болған өзге ел азаматтары мен құжатын жоғалтқандарға дереу полиция бөлімшесі арыздануды сұрауда.

t.me/aibat_news
102 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 19:21:49 Әлем жаңалықтары:

Бейжің АҚШ санкцияларына жауап қайтармақ. Бұған дейін Американың Сауда министрлігі шетелдік 30-дан астам компанияны «қара тізімге» енгізді. Олардың 23-і Қытайға тиесілі. Тыйым салынған ұйымдардың біріне Шыңжаңда мұсылмандарға бақылау жүргізіп, адам құқықтарын бұзды деген айып тағылған. Қалғандары АҚШ-тың саясаты мен қауіпсіздігіне қайшы әрекет етуде деген күдікке ілінді. Бейжің болса, бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.


Украина Қырымды қайтарған соң, сол жердегі ресейліктерді еліне депортациялауы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттің вице-премьері Алексей Резников хабарлады. Осылайша, 2014 жылы Қырым Ресей билігіне өткен соң, қоныс аударған 500 мыңдай ресейлік кері қайтарылмақ. Алайда Мәскеу түбекті Киевке беруі екіталай екенін білдіріп отыр. Бұл текетіресте Украина батыс елдерінің қолдауына үміт артуда. Мемлекет Еуропалық Одаққа мүше болуды көздеп, НАТО құрамына кіру үшін америкалық сарбаздармен әскери оқу-жаттығулар өткізіп жатыр.

Кештеріңіз тыныш болсын!
17 views16:21
Ашу / Түсініктеме