Get Mystery Box with random crypto!

​​Жағына сарт етіп тиген шапалағыңа жауап бермегеннен қауіптен | Қазақ әдебиеті

​​Жағына сарт етіп тиген шапалағыңа жауап бермегеннен қауіптен, ішінде кегі кетуі мүмкін. Өзгелердегі ұнатпайтын қылықты өзіңнен табудан сақтан, қорқыныш ішіңді жалап жемі етуі мүмкін.

Бірақ қауіптене берудің де қаупі бар. Үрей билеген кезде ержүрек адамның жасқаншақ болып, жасқаншақтың батыл боп кететінін талай кездестірдім. Сондықтан да қорқынышқа бойыңды билетсең де, ойыңды илетпе, қандасым! Қорқақ иттің үруі көп те, ұмтылуы жоқ. Ал батырдың батылдығы оның үрейін жеңуімен ғана бағаланады. Ал батылдықты үрей туғызатынын менен артық білесің, Алаш азаматы. Бүгінгі үрей билеген төбедегі төрелердің қорқынышы ғаламат. Өйткені өзіне де сенбейтіндер өзгенің бәрінен қауіптеніп бітеді де, өзіндегі үрейді өзгеге күштеп қопара салуда ештеңеден тайынбайды. Ал қорқақ жанның үрей себем деп жанталасуы – оның әлсіздігінің айғағы. Алтынды отпен, ерлікті оқпен сынайтынын ұмытпасаң, ұрандасым, үнемі өлімнен қорыққан жанның дұрыстап өмір сүре алмайтынын да қатты ескер.

Арыңмен келіссең – берілмейсің. Батылдығыңа жүгінсең – жеңілмейсің. Тізесін бүкпей тік тұрып өлген бабалардың уағызы осы.

// Софы Сматаев