Get Mystery Box with random crypto!

Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы, Атадан арыстан туып ассаң-дағ | Қазақ әдебиеті

Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң,
Қырық жыл қашқан ажалдан
Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.

Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ,
Жігіттер, жас кезінде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ.

// Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)