Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2023-05-29 19:31:27
Кореяда тағы да үш отандасымыз жазалануы мүмкін. Бұл жолы қазақстандық екі бойжеткен жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарып есірген. Екі қызбен қоса көлікті тізгіндеген 40 жастағы азаматқа қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.
68 views16:31
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 17:31:35
Қытаймен визасыз барыс-келіс екі-үш ай ішінде жандануы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бастысы, екі ел басшылары арасында келісім бар. Енді Үкімет деңгейінде құжат қабылдануы қажет. Ал бұл процесс біршама уақыт алатыны белгілі дейді ресми өкіл Айбек Смадияров.
28 views14:31
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 16:25:00 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


23 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 12:38:36 Атырауда көпірден секіруге оқталған 40 жастағы әйел құтқарылды

Оқиға бүгін, 29 мамырда Атырау қаласында болған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері таңғы сағат 04:00 шамасында әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде орталық көпірден әйелдің суға секіргелі тұрғанын байқаған. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, өзіне қол жұмсамау үшін көпірден секірмекші болған 40 жастағы әйелмен 4 минуттық профилактикалық келіссөз жүргізген. Сөйтіп, оны өз еркімен райынан қайтуға көндірді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Суицид жасауға бекінген әйелдің 1983 жылғы екені анықталды. Ол жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазір әйелдің мұндай әрекетке бару себебі тексеріліп жатыр.

Бұл – сәуірден бері тіркелген бесінші дерек. Көпірден секіруге оқталғандардың ішінде 4 әйел, 1 ер адам бар. Оның ішінде 2-еуінің жасы кәмелетке толмаған.
23 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 11:49:12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

«Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұл аса қажет емес, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімге қосылдық, сондықтан бұл қарудың бізге қажеті жоқ. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндеттемелерімізге берік боламыз»,-деді Мемлекет басшысы.
24 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 10:25:44
Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды

28 мамырда сағат 15.45-те Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, «Золотые пески» демалыс базасы ауданында шомылуға тыйым салынған орында бес адам отырған үрлемелі құрылғыға  байланған гидроцикл сынып қалды.

Алматы облысы ТЖД 3 құтқарушысы бес адамды құтқарып, жағаға жеткізді.
95 views07:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 09:33:40
Шымкентте нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны сот 12 жылға бас бостандығынан айырды

Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде екеуі кәмелетке толмаған
55 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 08:56:21 Flyarystan әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырау қаласына қонды

«29 мамыр күні сағат 00:45-те КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды. Атап айтқанда, жедел қонуға қалың тұман себеп болған. Рейс Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 29 мамыр сағат 10:00-де қайта ұшады. Біз кідірістердің алдын алу және рейстерді тоқтатуға себеп болатын жағдайларды жою үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Дегенмен бұл жағдайда рейстің кешігуі авиакомпанияның кінәсінен болып отырған жоқ», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.

Ал, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ беріледі.

5 сағаттан аса кешіктірілгенде бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
78 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 08:53:14 Қарағанды облысында ер адам ажырасу кезінде әйелін пышақтап өлтірді

Қарағанды облысында ажырасу процессі кезінде АХАТ бөлімінде ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, алған жарақатынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында болды. Аудандық АХАТ бөлімінде ер адам әйелінің кеудесіне бірнеше рет пышақ салған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ажырасу процесі әйелдің бастамасымен өтіп жатқан. Белгілі болғандай, ол күйеуімен ажырасу үшін Алматыдан арнайы келген. Кейінгі уақытта ол оңтүстік астанада тұрып жатқан. Қайғылы оқиға АХАТ қызметкерінің көз алдында болды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, бірақ дәрігерлер әйелді өлім аузынан құтқара алмады.
79 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2023-05-29 07:29:53 1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5%-ға ұлғайтылады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады.
107 views04:29
Ашу / Түсініктеме