Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-06-05 06:17:06 Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін азайтады

ОПЕК+ елдері төмендеп бара жатқан энергия бағасын қолдау үшін мұнай өндіруге шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.
54 views03:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-04 23:51:47 Таиландта зардап шеккен қазақстандық қалыңдығын құтқарамын деп суға батқан

Артурдың әпкесі оқиғаның қалай болғанын жазды. Оның үндеуі Facebook-те пайда болды.


"Қазір бізге Таиландтағы дәрігерлермен сөйлесетін реаниматолог дәрігерлер қажет, өйткені олардың жеке емдеу хаттамалары бар. Шұғыл репост жасауларыңызды өтінемін! Менің інім Ысқақов Артур Таиландқа қалыңдығымен бірге демалысқа ұшып кетті. Олар суға түскен кезде теңізде күшті толқын басталған, оның қызы суға бата бастаған, әрине, інім оны құтқармақшы болған, ол оны құтқарған, бірақ өзін толқын тартып алған, - деп жазды зардап шеккен қазақстандықтың әпкесі Алина.
Қазір Артурдың туыстары мен жақындары оны Қазақстанға жеткізуге тырысып жатыр.

Сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, Қазақстан азаматының жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Ол жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан, теңізге түсіп, көп су жұтып қойған. Кейінгі күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған.

Суға батып кете жаздаған отандасымыз Артур Ысқақов жансақтау бөлімінде көз жұмды

Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.

Бұл ақпаратты Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров та растады.
47 views20:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-04 11:03:44
Бокс жаттықтырушысы қызды құтқарды

Алматыда өзені бойында шәкірттерімен жүгіру кезінде спортшы жас қыздын арыққа құлағанын байқап қалған.
113 views08:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-03 14:46:57
Түркістан облысында кезекті кортеж жүргізушілері жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, тәртіп сақшыларының назарына Төлеби ауданы жолдарының бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің бейнежазбасы ілінді.

Құқық бұзушы Toyota Land Cruiser және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері, яғни Қазығұрт ауданының тұрғындары анықталды.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі мен 595-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған көлік құралдары айыптұраққа қойылды.
77 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2023-06-03 10:41:05
"Алтын Орда" базары директорының орынбасарын полиция ұстады

Полицияның ресми хабарламасы
:

"Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMМ автокөлігін тоқтатқан.

Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.

Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді".

Видео: 5region.ku
53 viewsedited  07:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-03 10:35:43 Ақтөбеде 10 жастағы бала суға батып кетті

Оқиға кеше сағат 18:26-да тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданы Айболит бау-бақша ұжымы ауданында баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түсті.

«Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша 10 жастағы бала ата-ананың қарауынсыз қалып, ойнап жүріп құлап кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19:05-те 10 жастағы ер баланың денесін судан шығарды. Оның үстінде киімі болған», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
60 views07:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-03 09:43:08
Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMМ автокөлігін тоқтатқан.

Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.

Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді.
73 views06:43
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 18:24:44
Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясы бас директорының орынбасары қамауға алынды. Бауыржан Мәмбетсапаев қызметін асыра пайдаланды деген күдікке іліккен.
110 views15:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 18:19:08
Ақтөбеге диплом алуға келе жатқан оралдық ұстаздар жол апатына ұшырап, төрт мұғалім қаза тауып, үш адам ауруханада жатыр.
116 views15:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 16:25:46 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


69 views13:25
Ашу / Түсініктеме