Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2023-05-25 11:36:58 Арыста қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр , деп хабарлайды Tengrinews.kz.

21 мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен.

"Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

"Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада.
327 viewsedited  08:36
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 18:24:27
Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша ешқандай дерек жарияланбайды. Өте құпия жағдайда тергеліп, үкім кесілген істің жәй-жапсарын жарияламау заңмен қарастырылған. Мемлекеттік құпияны ашқан адам түрмеге тоғытылады.
19 views15:24
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 18:17:53
Ақтөбе облысында зауыттағы өрттен күйік шалған мұнайшылардың екеуі қайтыс болды. Қалған екі жұмысшының бірі Ақтөбеде, екіншісі Астанадағы ауруханада ем алып жатыр.
27 views15:17
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 16:25:36 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


33 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 16:21:42 Жиын барысында су қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатер деңгейінің артып келе жатқаны атап өтілді.

Мемлекет басшысы экономиканың барлық саласында, әсіресе агроөнеркәсіп кешенінде суды үнемді пайдалану және су шығынын азайту үшін жүйелі тәсілдер қажет екеніне тоқталды. Себебі тоғандардың және су ресурстары шығынының негізгі бөлігі осы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.

Су үнемдейтін технологияны енгізу және суды тиімді тұтынуды экономикалық тұрғыда ынталандыру шараларын дамытумен қатар, су шаруашылығы инфрақұрылымын, атап айтқанда, суды пайдалану мөлшерін есептеу, мониторинг жүргізу және болжам жасау ісін цифрландырудың өзектілігі артып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы нысандары жұмысының тиімділігін және бөлінетін қаржыны жұмсаудың ашықтығы мен нәтижелілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент Үкіметке экология мен су салаларындағы ғылыми және кадрлық әлеуетті күшейту үшін шаралар қабылдауды тапсырды. 2030 жылға дейін кезеңде су ресурстарын бағалау саласында мақсатты ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Оның нәтижесі су саласын басқаруда ескеріледі.

Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау нәтижесінде сапалы ауызсудың қолжетімді болуы су қауіпсіздігінің басты көрсеткіші екенін атап өтті.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын соңында уәкілетті мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды бағыты саналатын су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

t.me/aqorda_resmi
38 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 16:21:26 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдері жекелеген мәселелер бойынша есеп берді.

Президент отырыс барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрес аса маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жылдары көптеген елдің үкіметтерінің белсенділігі артты. Экологияны жақсарту, «жасыл» экономикаға көшу және көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу үшін батыл шешімдер қабылданып жатыр. Ұрпағымыздың дені сау болып, ауасы таза елде өмір сүргіміз келсе және мемлекетімізді бүкіл әлем мойындағанын қаласақ, біз олардан үлгі алуымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды.

Кеңес кезеңінен келе жатқан көптеген өндіріс орны, көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырды, – деді Президент.

Бұдан бөлек, жиында қоршаған ортаны қорғауға үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде бірқатар мәселе көтерілді.

Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар басшыларының назарын рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою және қоқыс өңдеу көрсеткіштерінің төмен екеніне аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру нәтижесінде Үкіметке ұлттық экологиялық стандарттарды әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өндіріс орындарының зиянды шығарындыларын азайту, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою және эрозияға ұшыраған жерлерді қайта қалпына келтіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қарағанды облысы Шет ауданындағы егістік алқаптарын қалпына келтіріп, мал шаруашылығын дамытуға қатысты пилоттық жобаның жүзеге асырылу тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолдану мақсатында жан-жақты зерттеуге тапсырма берілді.

t.me/aqorda_resmi
38 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 12:36:49
Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткендер анықталды

Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері шар тәріздес тастарды алып кеткендердің жеке басын анықтады. Құқық бұзушыларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылатын болады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кету керек, Торыш – шар тәрiздi конкрециялар (шарлар) алқабы. Маңғыстау облысының ең көрікті жерлерінің бірі.
21 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 11:33:06
Маңғыстаудағы Торыш шатқалынан домалақ тастарды алып кетпек болғандар ұсталды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Полиция домалақ тастарды алып кеткендердің жеке басын анықтады. Құқық бұзушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылатын болады», - делінген хабарламада.
35 views08:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 10:45:47 Мұғалім мен директорға сыйлық жасау үшін ақша жинауға тыйым салынады – Шолпан Каринова

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аяқталып келе жатқан оқу жылының алғашқы қорытындыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Брифинг барысында министрдің орынбасары соңғы қоңырау шаралары қалай ұйымдастырылатынын айтты.

«Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шараны 1 маусым - балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынды. Тағы бір айта кететін жайт, 9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. Тоғызыншы сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. Ал 11 сынып түлектері мемлекеттік емтиханды 5-19 маусым арасында тапсырады. Аттестат тапсыру салтанаты өткізіледі. Бұл шараларды 20,21,22 маусым күндері өткізуді ұсынып отырмыз», - деді ол.

Шолпан Каринова соңғы қоңырауға деп ақша жинау заңсыз екенін еске салды.

«Атап өтейін дегенім, сынып сағатын өткізу кезінде, аттестат тапсыру, салтанатты линейка кезінде педагогикалық этиканы сақтап, сыбайласқан заңсыздықтың алдын алу үшін ата-аналардан іс шара өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады және педагогтерге мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасау үшін ешбір қаражат ата-аналардан, басқа жерлерден де жинауға тыйым салынатынын қатаң түрде ескертеміз», - деді вице-министр.
23 views07:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 09:51:00
Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен

Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған.

ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.
40 views06:51
Ашу / Түсініктеме