Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-05-31 19:45:45
Украина соты Қазақстан азаматын 9 жылға бас бостандығынан айырды. 25 жастағы Шыңғыс Сейпиевке «Вагнер» жасағы сапында ұрыстарға қатысты деген айыппен үкім шыққан. Сейпиевтің өзі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Аққұдық ауылының тумасы екенін айтыпты.
31 views16:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 16:25:43 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


74 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 13:57:00 Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, 6 бала құтқарылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 31 мамыр күні сағат 10.25-те «Құрылысшы» шағынауданында болды.

«Төртінші қабатта орналасқан балконда жеке заттар, есік, терезе жақтауы отқа оранды. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 7 адам эвакуацияланып, 2, 3, 4 және 5-қабаттан автосаты арқылы 6 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 10-45-те оқшауланып, 11.14-те сөндірілді. БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
43 views10:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 11:31:59
Президент Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты

Президент
ознакомился с редкими архивными документами деятелей Алаша

t.me/aqorda_resmi
50 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 10:33:32
Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Қала әкімі Ерболат Досаев 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жиналғандар қайғылы оқиғаларды есте сақтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай құрбандықтың болғанын және оларды ұлықтау қаншалықты маңызды екенін де тілге тиек етті.

Түрлі мәліметтер бойынша, өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында 3 млн-ға жуық қазақстандық жаппай ашаршылықтың құрбаны болды, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астам адам атылды.

Қуғын-сүргіннен Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин және басқалар зардап шекті.
73 views07:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 10:21:44 Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі.

Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді.

Орталықтың қорында 1 миллион 132 мың іс сақталған.
81 views07:21
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 09:42:31
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
17 views06:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 08:50:48 Кентауда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Оқиға 30 мамыр күні кешкісін болған. Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 18:10 шамасында Кентау қаласы, Д. Қонаев даңғылы бойындағы 5 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы терезеден кішкентай бала құлағаны туралы хабарлама түскен.

«Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін байқаусызда құлап кеткен. Ол 2020 жылы туған. Қазір ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған. Барлық ата-анаға балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеміз!», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
64 views05:50
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 07:27:52 Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.

– Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.
91 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 22:31:47
Ішкі әуе рейстерінің құны АҚШ пен Еуропадан да қымбат. Екі есе бағаның есебін сұраған премьер-министр бүгін Үкіметке есеп беруге келген отандық әуе компания басшыларын әбден сынады.
57 views19:31
Ашу / Түсініктеме