Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-05-30 22:27:30
Жылу электр орталықтарына жүргізілген аудит аяқталды. Бес айға жуық созылған тексеріс 55 жылу электр орталығын қамтыған. Энергетика министрлігі Риддер, Екібастұз бен Теміртаудағы орталықтардың жағдайы тым мүшкіл екенін айтып, жөндеу жұмысына Үкіметтен қаражат сұрап отыр.
59 views19:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 16:25:00 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


27 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 14:54:37 Қостанайда танысын пышақтаған ер адам үйіне тәртіп сақшылары келген кезде 8-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты

Оқиғаға куәгер болған күдіктінің анасы полицейлерге ұлының бұған дейін суицидтік әрекетін байқағанын мәлімдеген.

Қазір тергеу жүріп жатыр.
24 views11:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 11:41:46 Алматы облысында энергетикалық сусындардың кесірінен ер адам жансақтау бөліміне түсті

Ол кеуде тұсының ауырсынуына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Туыстарының айтуынша, ол соңғы төрт жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен. Толық тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Бұл жүректің соғу функциясы бұзылып, органдар мен тіндерге оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегетін жағдай», - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Дәрігер энергетиктердің құрамында кофеиннің көп дозасы барын еске салды.

Айтуынша, бұл жүректің ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін, ал оның көмірқышқыл газының қантпен үйлесуі асқазан мен бауыр үшін қауіпті. «Энергетикалық сусындарды тұтыну артериялық гипертензияға, мигреньге, жүрек ритмінің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеледі. Сондай-ақ, психомоторлық қозуды, тітіркенуді, ұйқысыздықты, тахикардияны, аритмияны, қан қысымының жоғарылауын тудыруы мүмкін», - дейді кардиолог дәрігер Мұхамеджан Нұралиұлы.
89 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 11:37:23
Балаларға жыныс мүшелерін көрсетті: Семей полициясы күдіктінің жеке басын анықтады

Әлеуметтік желілерде Семейде белгілі бір ер адамның кіреберісте балаларға жыныс мүшелерін көрсеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамыр осы факті бойынша Әуезов ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын Абай облысы ПД хабарлайды.

Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны анықталды.

Қазір толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша заңды процесстік шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді.
108 views08:37
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 10:43:05
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Сенім грамоталарын Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Науман Башир Бхатти, Корея Республикасының елшісі Тэ-ик Чжо, Филиппин Республикасының елшісі Игорь Гарлит Байлен, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Джанита Абейвикрема Лиянге және Ангола Республикасының елшісі Аугушту Да Сильва Кунья тапсырды.

Президент елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.
40 views07:43
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 10:39:38 Автокөлікке VIP мемлекеттік нөмірді енді интернеттен таңдауға болады

Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі «беделді» нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің «Smart Bridge» сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді.

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр. Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде «беделді» нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.

ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
60 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 09:28:29
Қолына қолшатыр ұстаған бала 26-қабаттан секіріп, аман қалды

Басылым мәліметінше, баланың мұндай әрекетке баруына "Том мен Джерри" мультфильміндегі кадр себеп болған. Бала көп ойланбай мультфильмдегі әрекетті қайталамақ болған. Ол пәтердің балконына шығып, 26-қабаттан қолшатырмен секіріп кеткен.

Оқиға болған сәтте бала үйде жалғыз болған. Төрт жасар баланың әжесі оның әпкесіне кеткен. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері бала түрлі жарақат алғанын, алайда оның өміріне еш қауіп жоғын анықтаған. Оған бір ғана себеп бар: баланың салмағы аз, ал жерге құлар алдында ол ағашқа соғылып бір-ақ түскен.
78 views06:28
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 08:12:39
30 мамыр Қарағанды қаласы Дүйсембеков көшесінен Бұқар-Жырау даңғылына қарай бағыт алып бара жатқан Yutong автобусының 54 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережесін және жылдамдықты сақтамай, жаяу жүргіншіні өткізіп тұрған 51 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes қоғамдық көлігінің артынан соққан.

Салдарынан Mercedes қоғамдық көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші, Yutong автобусының екі жолаушысы және Mercedes автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
48 viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 07:07:17
Мемлекет басшысы Қызылжар өлкесінің зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен әңгімелесті.

– Бірлігіміз – әралуандықта. Бұл – біздің ең басты ұранымыз әрі ұстанымымыз. Қазақ болсын, басқа ұлт болсын – бәріміз бір халықпыз. Сондықтан бәріміз халқымыздың, еліміздің өркендеуіне қызмет етуіміз керек. Баршаңызға бақ-береке тілеймін. Біз әрдайым бірге боламыз. Алға қадам басу үшін ауызбіршілігімізді, достығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Әрине, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық сипаттағы мәселелер бар. Проблемасыз ел болмайды. Тіпті, ең дамыған, бақуатты елдерде де проблема бар. Егер елде тәртіп болса, заң қатаң сақталса, көздеген нәтижеге қол жеткіземіз, – деді Президент.

Президент қоғам белсенділерімен елдің дамуы және өскелең ұрпақ тәрбиесі жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өту қажет екенін айтты.
27 views04:07
Ашу / Түсініктеме