Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-06-02 14:20:31 «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

Б.Мамбетсапаев лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтірген.

Тексеріс барысында «Өзен Мұнай Газ»-ға біліктіліктері сәйкес келмейтін бірқатар таныстарын заңсыз кіргізгені анықталды. Бұл компанияға жұмысқа тұруға кезекте тұрған 9 мың тұрғынның құқығын бұзуға алып келді.
114 views11:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 14:09:58 Президент:

«Екінші. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Орталық Азия «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 80 пайыздан астамы үшін өзіндік көпір саналады. Бұл ретте қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие болды. Бұл бағыт өңірлеріміз арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін едәуір арттыра алады.

Жуырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапарымның аясында қытайлық серіктестерімізбен бірге Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасын қаладық. Бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ.

Сондай-ақ біз Транскаспий бағытын Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыруға уағдаластық. Былтыр осы күре жол арқылы шамамен 1,7 миллион тонна жүк тасымалданғанын атап өткім келеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе көп»
123 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 14:09:29
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйледі

«Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық.

Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын»
116 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 11:17:21
Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады

Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде ерекше дерек анықталды. Автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналғандығы анықталды. Салон ішінде 12 жолаушы, оның 5-еуі бала болды.

Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы белгілі болды.

– Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқандығы анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қызмет барысында біз күн сайын әртүрлі жағдайларға тап боламыз – деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.
222 views08:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 10:32:00 Қайрат Сатыбалды ісі: Шетелге заңсыз шығарылған 14 млн АҚШ доллары Қазақстанға қайтарылды

Біріккен Араб Әмірлігінен қайтарылған қаражат енді әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылады.

«Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке Қайрат Сатыбалды және онымен байланысты тұлғалардың құны 464 млрд теңгеден асатын мүлкі мен қаржысы қайтарылды. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді», делінген Антикор хабарламасында.
63 views07:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 09:36:47
Адам денесінің бөліктері салынған 45 қап табылды

Жергілікті билік мәйіттерді өткен аптада із-түзсіз жоғалып кеткен колл-орталықтың жеті қызметкерін іздеп жатқанда тапты. Қаптарда әйел мен ер адамдардың сүйегі бар, нақты саны әзірге белгісіз.

Батыстағы Халиско штатының мемлекеттік прокуратурасы жеті адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскеннен кейін Мирадор-дель-Боске сайына тінту жүргізгенін мәлімдеді. Сол жерден дене бөліктері салынған қап табылды. Жергілікті өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметі полициямен және тікұшақ экипажымен бірлесіп қалдықтарды жоюмен айналысты.

Ресми деректер бойынша, Мексикада 100 000-нан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, олардың көбі ұйымдасқан қылмыс құрбандары болған. Қылмыскерлердің жазалануы да сирек құбылыс.

Жоғалған азаматтардың туыстары үкімет оларды табу үшін ешқандай күш жұмсамайтынына, олардың қайғысына бей-жай қарайтынына өкпелі.
192 views06:36
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 08:05:19 Астана әуежайы жолаушылардан суық қару әкелмеуді сұрады

Елордалық әуежай баспасөз қызметі ұшып келушілерден багажды мұқият жинауды сұрайды - 2023 жылдың алғашқы 3 айында Астана халықаралық әуежайы 660 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетті.

Әуе айлағының авиациялық қауіпсіздік қызметі саяхатшыларды тексеру кезінде 5177 тыйым салынған заттар тәркіледі.

Оның ішінде 124 бірлік суық және газ қаруы, 66 бұрыш спрейі мен электрошокер, 7 кастет, қаруға ұқсас 582 зат, 65 оқ-дәрі, 44 жарылғыш зат, 24 улы, коррозиялық және басқа заттар табылған.

Сондай-ақ, жолаушылардан 72.8 литр тез тұтанатын сұйықтықтар және әуе кемелерінде тасымалдауға тиым салынған 4264 ықтимал қауіпті заттар табылды. Көбінесе бұл бұрағыштар, балғалар, балталар, тесу-кесу және т. б. құралдары.
46 views05:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 06:48:42
Ақтауда кортеж жол ережесін өрескел бұзған

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 шағын аудандағы жолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, автокөлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін қолданбаған жүргізушілер бірден көзге түсті.

Осылайша, Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталды. Ал көлік құралының артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытып, құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
23 views03:48
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 17:38:52
Бүгін еліміздің мектептерінде 172 мың түлекке соңғы қоңырау соғылды. Бірақ бір аптаға ұзарған оқу жылы енді қайта өзгеруі мүмкін. Оған қатысты шешім алдағы екі аптаның ішінде қабылданады дейді оқу-ағарту министрі.
62 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 17:34:05
Суицидтің себебі белгісіз. Петропавлда мектеп оқушысы 16-шы қабаттан секіріп ажал құшты. Өзіне қол жұмсаған қыз 9-сыныпты енді аяқтаған. Ұстаздары оқу үлгерімі өте жақсы болған дейді. Бірақ соңғы қоңырау салтанатына 15 жастағы қыз қатыса алмады.
69 views14:34
Ашу / Түсініктеме