Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-06-01 17:27:02
Урологқа дер кезінде бармасаң, салдары не болады?
Ер-азаматтар көлігіне жұмсаған ақшасын өз денсаулығынан неге аяйды?
Еркектердің қуықасты безі қай кезде ауыра бастайды?
Еркектердің жыныс мүшесіне не үшін протез қояды?
Көліктегі жылы орындық ер адамның шәуетіне қалай әсер етеді?
Тұқым беру қабілеті жоқ бедеу еркектер неге көбейді?
Жалпы, ерлі-зайыптылар арасында бедеулікке кім жауап береді?

Бұл сұрақтардың жауабын «Без фильтров» студиясында уролог-андролог Әлижан Қожамжаров кеңінен айтып берді.

Сондай-ақ ол Камила Жүсіповаға берген сұхбатында уролог тек еркектердің ғана дәрігері емес екенін баса айтты.
Зәрді ұстай алмау, циститтің пайда болуы, бүйректегі тастарды емдеу әдістерін білгіңіз келсе, осы сұхбатты қарап шығыңыз.

Бағдарламаның толық нұсқасын YouTube-KTK TV арнасынан көріңіздер !
73 views14:27
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 16:25:39 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


73 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 14:51:05 Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды

18 жасар қыз үлкен көпірге жақын маңда өмірімен қош айтысуды шешкен. Ол Тобыл өзенінің ортасына қарай кеткен. Оны сол жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына Қайрат Қожахметов пен Мақсат Бәкіржан құрамындағы автопатруль қызметкерлері жедел келіп, қызды жағаға тез шығарып алды.

"Қоңырау түскен бойда біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды. Мен еш ойланбастан суға секірдім. Әріптесім мені жағалауда сақтандырып тұрды. Қыз тереңдікте болған жоқ, сондықтан оны жағаға тез шығарып, тексеріп, жедел медициналық жәрдемнің қолына тапсырдық", – деді Мақсат Бәкіржан.

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың ата-анасын анықтап жатыр. Онымен психологтар жұмыс істейтін болады.

Мақсат Бәкіржан тәжірибелі полиция қызметкері, Ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап, ал Қайрат Қожахметов 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында олар азаматтарға бірнеше мәрте көмек көрсеткен.
15 views11:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 11:10:40
СҚО-да көкшетаулық тұрғын лицензиясы жоқ мың литрге жуық спиртті сатпақ болды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында учаскелік инспектор алкогольді заңсыз сату фактісін анықтады.

Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны автокөлігін жергілікті дәмханалардың бірінің ауласындағы оңаша жерге қойып, автодүкен ұйымдастырған. Ол сол жерде жергілікті тұрғындарға және Петропавлдан келушілерге лицензиясы жоқ 5 литрлік бөтелкелерге құйылған алкогольді сатқан. Тексеру кезінде өнімді сатуға рұқсат құжаттары болмаған.

Полицейлер «автодүкеннен» 945 литр - барлығы 189 бөтелкені тәркіледі.

«Тұтынушылар шыққан жері және сапасы белгісіз спирттік өнімді алған. Оған ешкім кепілдік бермейді, сол себепті тұрғындардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. », - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
57 views08:10
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 09:56:47
Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".
9 views06:56
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 08:34:00
2023 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМ

2023 жылдың маусым айы. Астрологтардың маусымға жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің маусым айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2023/05/30/243737/
46 viewsedited  05:34
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 08:30:38
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент.
49 views05:30
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 07:37:55 Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 мамыр күні шамамен сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде болды.

«2001 жылғы тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде», - деп хабарлады ведомстводан.
26 views04:37
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 07:27:21
30 мамырда Павлодар облысы Шарбақты ауданы ауылдарының бірінде 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала тереңдігі шамамен 3 метр су құбыры траншеясына құлады. Жарақат алған ұл бала Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Күдіктіге қатысты іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы - келу туралы міндеттеме қолданылды.
31 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 19:55:04
Өскеменде құрбысын ұрып-соққан оқушылардың ісі сотқа жіберілді. Полиция төбелеске қатысы бар 14 қызды тергеуге алған. Алайда қазір тек үш бойжеткен айыпталушы деп танылған.
26 views16:55
Ашу / Түсініктеме