Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2023-05-29 05:34:28 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады

Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
138 views02:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-28 18:10:55 Лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

Жергілікті көшпенділер тайпасы ешкілерін айдап, Шоунтер асуынан өтіп бара жатқан кезде көшкін басталған.

Тағы 25 адам жарақат алды, құтқару операциясы жалғасып жатыр. Пәкістанның премьер-министрі Шехбаз Шариф адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтып, мұндай оқиғалар климаттың өзгеруіне байланысты жиілеп кеткенін мәлімдеді.

Жергілікті полиция қаза тапқандар арасында төрт әйел мен төрт жасар бала болғанын растады, деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Құтқарушылар лай көшкіні аймағына оның қашықтығы мен өтетін жері қиын болғандықтан кедергілерге тап болды. Әскерилер құтқару операциясын жүргізуге жергілікті билікке көмектескен. Екі әскеои тікұшақ әуеге көтерілді.

Куәгерлердің айтуынша, жергілкті тұрғындар да адамдарды құтқаруға көмектескен.

Премьер-министр Шариф Twitter-дегі аккаунтында «апаттың үлкен қайғы әкелгенін және адамдар қаза тапқанын» атап өтті.

«Климаттың өзгеруінің салдарынан Пәкістанда осындай жағдайлар жиілеп кетті. Бүкіл әлем Пәкістан сияқты дамушы елдерді қорғауға міндетті», - деп есептейді премьер-министр Шариф.

Пәкістанның солтүстік аймақтары климаттың өзгеруінен ауа райының төтенше жағдайларына жиі тап болады.

Аймақты кейде «үшінші полюстің» бөлігі деп атайды, өйткені онда полярлық аймақтардан тыс әлемнің басқа жерлеріне қарағанда мұздық көп.

Бұл үлкен мұздықтардың кейбіреулері климаттың өзгеруіне байланысты еріп, 3 мыңнан астам көл пайда болды. Өткен жылы елде 1700-ден астам адамның өмірін қиған жойқын су тасқыны болды
103 views15:10
Ашу / Түсініктеме
2023-05-28 14:24:21
Жетісуда ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді

63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық, - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.
26 views11:24
Ашу / Түсініктеме
2023-05-28 10:36:31 Қостанайда 13 жасар оқушы қыз абайсызда терезеден құлап кетті

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, кеше, 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 13 жасар оқушы құлап кеткен.

Бұл жайында полицияға жағдайға куә болған көршілер хабарлаған.

Олар сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына қоңырау шалады. Қыздың әкесі мен шешесі бұл кезде жұмыста болатын.

Мектеп оқушысы полицияның сұрағына әдейі емес, абайсызда құлап кеткенін айтып түсіндірді.

Пәтерде сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған.

Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.

Ведомство жыл басынан бері облыс бойынша осымен сегізінші бала терезеден құлап кеткенін мәлімдеді.

Полиция ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
74 views07:36
Ашу / Түсініктеме
2023-05-27 12:39:54 Көлік Петропавлдағы аялдама павильонын соқты: үш адам зардап шекті

26 мамыр күні Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit маркалы көлік құралын басқарып келе жатып Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан.


Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды.

Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.
134 viewsedited  09:39
Ашу / Түсініктеме
2023-05-27 09:10:01 Атырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше, Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады.

«Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды», -  деп жазды ұлттық компаниядан.
167 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 20:33:42
Абай облысындағы орман өрті ауыздықталды. Өрт сөндірушілер от бықсыған жерлерге су сеуіп, құммен көміп жатыр. Ал туған-туысын паналап кеткен 277 адам үйіне оралып жатыр. Ал жедел штаб өкілдері арқаны кеңге салуға әлі ерте,- дейді.
203 views17:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 20:24:05
Түркістан облысында 10 жастағы бала тоққа түсіп, бір аяғынан айырылды. Шанақ ауылында тұратын Бейбарыс қосалқы станцияға ішінде жайылып жүрген есекті қуып шығу үшін кірген екен. Жоғары кернеудегі тоқ төртінші сынып оқушысының қолынан кіріп, аяғынан шыққан.
198 views17:24
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 16:27:18
Ақтөбе полицейлері үш зейнеткерді алдаған жас жігітті ұстады

Ағымдағы жылғы 15 - 16 мамыр аралығында Ақтөбе аумағында 83, 87 және 90 жастағы зейнеткерлерге қатысты алаяқтық жасалды. Алаяқ құрбандарына жақын туысының жол-апатына түскені және осы мәселені шешуге жәрдемдесетіні туралы айтып қоңырау шалған. Нәтижесінде егде жастағы жәбірленушілер жиналған барлық жинақтарынан айырылып, жалпы шығын 5 млн.теңгеден асты.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі - «ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық».

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.
228 views13:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 16:25:00 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


217 views13:25
Ашу / Түсініктеме