Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 555

2021-05-06 08:50:56 Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/06/179459/
528 views05:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 08:19:36 Қазақстанның екі өңірі "қызыл" аймақтан шықты

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/06/179458/
515 views05:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 11:35:08 Африканың батысындағы Мали елінде бес қыз бен төрт ұл дүниеге келді.

Анасы мен балалардың жағдайы жақсы. Африканың батысындағы Мали елінің 25 жастағы тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді. Оның бесеуі – қыз, төртеуі – ұл. Республиканың денсаулық сақтау министрлігі әйел мен балалардың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

 "2021 жылдың 4 мамырында Халима Сиссе кесарь тілігі арқылы жеті баланың орнына тоғыз бала дүниеге әкелді. Мали мен Мароккода өткен ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің жеті бала көтеріп жүргені айтылған еді. Жаңа туған сәбилердің жағдайы жақсы", - деп хабарлады Малидің денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында.

Ел президенті Ба Ндау да бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Ол жаңа босанған әйелді елорда ауруханасында екі апта болғаннан кейін мароккалық клиникаға ауыстыруды тапсырды. Елдің денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби әйелді босандырып алған акушерлерді құттықтады. Ол мамандардың арқасында жүктіліктің жақсы өткенін айтты.

Тоғыз баланың анасы - 25 жаста. Бірнеше аптадан кейін олар Малидегі үйіне оралады. Айта кетейік, 2016 жылы Үндістан тұрғыны Мария Фернандес 42 жасында 11 бала дүниеге әкелді. Ол табиғи жолмен босанған.
621 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 11:35:08
543 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 11:09:31 Қазақстандық әйел Нұр-Сұлтанда шенеуніктің баласымен болған жазатайым оқиға туралы мәлімдеді.

Зардап шеккен баланың жасы – 17-де. Ол куәгерлерге әке-шешесі жоқ екенін, әжесінің инсульт алып қалғанын айтты. Нұр-Сұлтанда жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті. Жүргізуші бірден тоқтамаған. Көлігін фитнес-орталықтың алдына апарып қойды. Оны куәгерлер ұстап қалды.

Жол оқиғасы қаланың сол жағалауында болған. Сара Берсен Facebook парақшасында 21 жастағы жүргізушінің жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткеніне куә болғанын айтты.

Ол Google арқылы қымбат көлік мінген жас жігіттің әкесін анықтады. Ол – Нұрғалиев Дамир Бақытұлы болып шықты. Қаржы министрлігінде істейтін шенеунік мемлекеттік кірістер комитетінде акциздерді әкімшілендіру басқармасына жетекшілік етеді.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция депаратменті жол-оқиғасының болғанын растады. 30 сәуірде Toyota Camry мінген 21 жастағы көлік жүргізушісі Түркістан көшесімен Сығанақ жақтан келе жатқанда №2 үйдің жанында 2004 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жолаушы белгіленген жерде жолдан өткен.

"Жол-көлік оқиғасы тәртіп бойынша Нұр-Сұлтан полиция департаментінде тіркелді. Зардап шеккен бала емделіп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша дене жарақаттарының қаншалықты ауыр екені анықталады", - дейді полицейлер.
555 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 11:09:31
516 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 07:30:13 Тәртіп сақшылары әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықты үйінен алып шыққан 15 жастағы жасөспірімді анықтады.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/05/179339/
580 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 07:28:03 Таразда ер адам асқан қатыгездікпен иттің көзін шығарып, оның жаңа туған күшіктерінің басын кесіп тастаған.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/05/179341/
556 views04:28
Ашу / Түсініктеме