Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2023-05-26 14:05:54
Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның мәйіті табылды

2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.

Ер адамға найзағай түскені анықталды, нәтижесінде ол және оның жылқысы оқиға орнында қайтыс болды.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
330 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 10:41:33
Қарақұйрықтың ұшасын тасымалдаған екі қызылордалық құрықталды

24 мамыр күні Қызылорда облысы ҰҚҚКБ-ның жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғыны құрықталды.

Автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.
299 views07:41
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 08:48:39
Масаң күйдегі ер адам іш киіммен стадионда жүрген

Павлодар облысы Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын Орталық стадион аумағында іш киіммен жүрген. Келген полицейлерге ер адам өзінің десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан.

Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

- Сонымен қатар ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.
284 views05:48
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 08:39:15
Германиядан адам өлтірді деген күдікті экстрадицияланды

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында жасалған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған. Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
234 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 07:22:39 Шымкентте білім беру мекемесі бір допты 232 мың теңгеге сатып алмақ болған

Бұл туралы Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

«Білім басқармасы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңгеге 20 доп алуды бекіткен. Әр тауардың 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып, есептелгені анықталды. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - деді ол.
245 views04:22
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 06:34:48 Биыл 600-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылмақ – Үкімет қаулысы

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:

- ҚР Қарулы Күштеріне - 550 офицер;

- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 60 офицер;

- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне - 16 офицер;

- ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына - 9 офицер.

«Жобаның мақсаты – 2023 жылы ҚР Қарулы Күштерін, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін және ҚР Ұлттық ұланын жасақтау үшін әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасында.

Құжат 6 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.  
262 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 18:54:14
Көкшетауда әне-міне диплом алып, мұғалім болуды армандап жүрген колледж оқушысы өзіне қол салды. Емтиханнан үш алған бойжеткен ұстаздар әділетсіздік қылды деп қатты қамығыпты. Онысын анасына жазған хатында айтқан.
276 views15:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 18:48:31
Абай облысындағы Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды. Себебі: Ресейдің Алтай өлкесінен тұтанған орман өрті күн сайын күш алып барады. Қазірдің өзінде тілсіз жау үш жарым мың гектарды күлге айналдырған.
248 views15:48
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 16:25:48 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар


246 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 14:39:09
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Жиын барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
254 views11:39
Ашу / Түсініктеме