Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 554

2021-05-09 06:00:46 9-мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухын еске алатын күн.

 Сұрапыл соғыста миллиондаған адамның өмірі қиылды.

1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға Қазақстаннан аттанған 1, 5 миллион жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады.
385 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 06:00:46
347 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 12:31:12
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті.

Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. «Сол тұрғын үйдің ауласында орналасқан септикке 2019 жылы дүниеге келген сәби түсіп кеткен. Оны ата-анасы өздері шығарып алған. Сәби аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
442 views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 19:31:48
Ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті АҚШ-та ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті.

Алыс сапарға аттануға әлемнің «мен» деген миллиардерлері таласып жатыр. Өйткені билет саны біреу ғана.
487 views16:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 11:29:52
Шымкентте әуе шары құлап, электр желісін үзді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды. Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 6 мамыр күні кешкі сағат 20:24 шамасында "Тұран" шағын ауданында болды.

 "Қатты желдің салдарынан әуе шары электр желісінің үстіне құлап, Тұран шағын ауданы, Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды", - делінген хабарламада.

"ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны аталып өтті. Әуе шарының құлау фактісі Қаратау аудандық полиция басқармасында тіркелді.

Қылмыстық кодекстің 204 бабының 2-бөлігі (басқа біреудің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 2000 АЕК-ке (5 миллион 834 мың теңге) дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту түрінде жаза қарастырылған.
555 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 05:01:00
Елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар, құрметті ер-азаматтар!
Еліміздің әр азаматы табысты, бақытты болса деген ниетіміз бар.

Мықты денсаулық, керемет күш-қуат, жігер тілейміз!

Кімді құттықтағыңыз келеді, белгілеп кетіңіз. 
518 views02:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 18:28:14
«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде КТК телеарнасының қызметкері Камила Жүсіпова «Үздік тележүргізуші» аталымында үздік деп танылды!

@kamilazhussupova
552 views15:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 12:10:56 Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр. Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деді Біртанов.

 Ол пандемия кезінде мемлекеттік органдардың іс-әрекетін жан-жақты тергеу әділ жүреді деп үміттенетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырды және мемлекетке аса ірі көлемде - 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар мөлшерінде материалдық зиян келтірді деген күдікке ілінгенін айтқан.
576 views09:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 12:10:55
506 views09:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 12:04:29
Алдағы төрт күн демалыста – 7 мен 10 мамыр аралығында елордада автобустар қалай жүретіні белгілі болды. Елордалық CTS көлік компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Тек 9 мамырда ғана тоқтайды.

"Нұр-Сұлтанда және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада. ⠀

 Көлік компаниясы жолаушыларға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын тағы бір мәрте ескертті. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Еске салсақ, биыл қазақстандықтар мамыр мерекелерінде қатарынан төрт күн – 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.
511 views09:04
Ашу / Түсініктеме