Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 552

2021-05-12 12:27:46
Тастауға мәжбүр болдым!

 Бес жыл бұрын жалғыз ұлын енесіне қалдырып кетті деп айыпталған Татьяна Ковалева Бақанастағы фазендалардың бірінен табылды

Сөзіне сенсек, қорғансыз келіншекті қожайындары күштеп ұстапты. Ал, азаматтық  некедегі күйеуі баласын тартып алған көрінеді.

Бүгін 20:00-де "Астарлы ақиқат"
259 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 09:20:34 Павлодар қаласының полициясы түнгі уақытта "адам сүйреген" көліктің видеосы қашан түсірілгенін анықтады. Бұған дейін әлеуметтік желіде адамға ұқсас бір нәрсені сүйреп бара жатқан қара түсті жеңіл көліктің видеосы тараған болатын. Полицейлер көліктің қай жерден өткенін анықтады. Ол – Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысы. Осы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді.

 "Тексеріс нәтижесінде видеоның Павлодар қаласында 2019 жылы "Аға" фильмі кезінде түсірілгені анықталды. Ал автокөлікке адамның манекенін байлаған ", - дейді облыстық полиция департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Фильм 13  мамырдан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі.
318 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 09:20:34
306 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 09:04:38 Қазан қаласындағы террористтің шабуылына ұшыраған мектеп оқушылары оқиға жайлы айтып берді.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/12/179841/
316 views06:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 13:10:05 Соңғы қоңырау іс-шарасын 9 және 11- сынып бітірушілеріне ашық ауада өткізуге рұқсат беріліп отыр.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/11/179778/
465 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 13:06:32 Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы қаулы қабылдады.

Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады. Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

 Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне Риддер қаласының Лесхоз кентіндегі орман өртінің алғашқы ықтимал себептерін атады.

ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері алапат өртке қатысты күдіктіні ұстады.
450 views10:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 13:06:32
388 views10:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 12:44:08 Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырды.

«Қазіргі мәлімет бойынша, атысты белгісіз екі адам бастаған. Зардап шеккендер бар, олардың қанша екені және оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», - деді мәлімет беруші.

БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте оқ атты деген күдікті жасөспірімді ұстады. Ол шамамен 17-де.

Агенттік жедел қызметтерге сілтеме жасап атыс кезінде тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы төрт адам жарақат алды.

Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап шекені туралы мәлімет бар.
403 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 12:44:07
380 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 10:58:24 Алматы облысында парапланмен ұшқандар жарық бағанасына соғылып, екі адам ауруханаға түсті.

Қазір 50 жастағы азаматтың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиғаның барысы видеоға түсіп қалған.

 «9 мамыр күні Шамалған ауылының жоғарғы бөлігінде оқыс жағдай болды. Парапланмен ұшқан демалушылар аяқ асты ұйытқып соққан желден құрылғыға ие бола алмай, жарық бағанасына соғылды. Парапланда болған екі адамның бірі қазір ауыр жағдайда жатыр, екіншісі жеңіл жарақат алған. Осыған орай округ тұрғындары мен қонақтарынан өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеуді сұраймыз. Табиғат аясында сейілдеуге шығарда ауа райы болжамына назар аударыңыздар», - деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1971 жылғы азаматтың жағдайы ауыр екенін жеткізді.

«9 мамыр күні Қарасай аудандық ауруханасына парапланнан құлаған екі адам түсті. 1971 жылы туған науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірнеше сүйегі сынған. Басынан соққы алған. Ал 2004 жылғы науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Миы шайқалған. Жағдайы орташа. Омыртқасы сынған», - делінген ведомствоның хабарламасында.
428 views07:58
Ашу / Түсініктеме