Get Mystery Box with random crypto!

Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам | КТК жаңалықтары

Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырды.

«Қазіргі мәлімет бойынша, атысты белгісіз екі адам бастаған. Зардап шеккендер бар, олардың қанша екені және оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», - деді мәлімет беруші.

БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте оқ атты деген күдікті жасөспірімді ұстады. Ол шамамен 17-де.

Агенттік жедел қызметтерге сілтеме жасап атыс кезінде тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы төрт адам жарақат алды.

Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап шекені туралы мәлімет бар.