Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 550

2021-05-16 12:58:25 Жазда ет тағамын дайындағанда, тұздықтың құрамына ерекше назар аудару керек.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/16/180223/
305 views09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 11:16:26
15 мамыр
 19:20

Мақсат & Мақсат дуэтінің "Асыл ана" атты концертін тамашалаңыздар!

#ктк #концерт
177 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 10:07:09
КТК арнасында тұсаукесер!

Сенбі/Жексенбі 15:00-де   "Тұмар"

#телехикая #тұмар #тұсаукесер #ктктелехикая
208 views07:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 12:15:33 Ел алдындағы есебінен кейінгі брифингіде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жемқорлық дауына іліккен орынбасары туралы пікір білдірді.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/14/180097/
134 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 11:56:08 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мың адам болды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 100 мың теңгені құрады", - деді ведомствода.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 620,1 млрд теңге бағытталды.

"2021 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,8 млрд теңге бөлінді", - деп толықтырды ведомствода.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі - МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.
157 views08:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 11:56:07
139 views08:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 11:20:40 Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады.

Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімет таратты.

   1. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан - тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жөнелтіледі.

    2. 17 маусымнан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» пойызы күнара жүреді. Өскемен-1 станциясынан - тақ күндері, Достық станциясынан - жұп күндері аттанады.

    3. 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет қатынайды: жексенбі және бейсенбі күндері.


Нұр-Сұлтаннан - дүйсенбі, ал Достықтан - жұма күндері жүреді.

 Бұдан бөлек, курорт аймағына аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар екенін еске саламыз.
173 views08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 11:20:40
166 views08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 10:03:26
Маусым айының соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде осындай мәлімет берді. «Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін ашу жоспарланып отыр», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің сөзіне сенсек, шілде айында Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр.
218 views07:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 07:49:04 9 мамырда 46 жастағы ер адам мас күйінде жанжал шығарып, терезесін сындырып, анасын ұрып тастады.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/14/180057/
255 views04:49
Ашу / Түсініктеме