Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 547

2021-05-20 15:01:42
Халықаралық "Битва экстрасенсов" жобасының жеңімпазы Диларам Сапарова #Безфильтров-та

Тағдырынды өзгертуге бола ма? Қайтыс болған жақындарымен медиум арқылы сөйлесіп, көмек сұрауға бола ма?Ковид індеті немен аяқталады?

@kamilazhussupova
@dilaramsaparova

Сілтеме био-да 

#безфильтров #ДиларамСапарова #БитваЭкстрасенсов #КамилаЖусупова
172 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 10:54:26
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың Үндістандық штаммы анықталмағанын айтты.

"Қазір Үндістанмен тікелей рейстерге тыйым салынған. Сонымен қатар, Үндістаннан келгеннің бәрі оқшауланып, 14 күн бойы бақылауда болуы керек деген қаулы бар. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен болса да", - деді Алексей Цой.

Министр елімізде вирустың жаңа штаммдары тіркелмегенін мәлімдеді.

  "Қазіргі уақытта Қазақстанда үнді штаммдары анықталған жоқ. Біз күнделікті зерттеу жүргізіп отырамыз", - деп түсіндірді ол.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шектеулер Мальдив аралдарына да қатысты екенін айтты.

 "Мальдив аралдарында мыңға жуық азамат бар. Біз бұл тараптан барлық рейстерге толық шектеу енгіздік, өйткені біз үнді штамдарының Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек", - деді ол.
268 views07:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 10:28:20
Екі жыл күйеуінің көзінен таса болған Батима Әуелова Жамбыл облысы Сарыбұлақ ауылынан табылды!

Бала-шағасын ойлап аһ ұрған Қанатбек шын мәнінде қандай күйеу болды? Әйелі не себепті қашып жүр?

Бүгін 20:00-де #Астарлыақиқат
254 views07:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:09:12 Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнату жоспарланған.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/20/180589/
275 views06:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 07:53:29 Жұмысқа орналасқанда ең алдымен нені білуге тиіссің? Жұмыс берушінің алдында өз құқығыңды білесің бе?

Егер қызметкер өтініш жасаса, еңбек шартына қалай өзгеріс енгізуге болады? Жұмысшының құқығы бұзылса, іс сотқа дейін жетуі мүмкін бе? Еңбегіңді жұмыс беруші жеп қойса не істеу керек? Жұмыс беруші сені алдап кетпеу үшін не істеу керек?

Ендеше заңгерлердің кеңесіне құлақ түрейік.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/20/71968/
290 views04:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 13:08:38
Қалайша жоғалтып алдым? Қанатбек Қажиев өзіне күнде осы сұрақты қояды. Айтуынша, әйелі мен балаларын жиырма күнге фазендаға қалдырып кетіпті. Қайтып келсе, олар жоқ.

Батима Әуелова қайда? Оны күштеп ұстап отыр ма? Әлде, келіншектің өзі күйеуінен қашып жүр ме?

Бүгін 20:00-де.
391 views10:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 12:42:55 Бурабайда «Інжу» қонақүйі өртеніп жатыр.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/19/180504/
392 views09:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 12:20:01 «Ashyq» қосымшасындағы статусты үйден шықпай-ақ тексеруге болады

КВИ бойынша өз статусыңызды «Ashyq» қосымшасын жүктеп, үйден шықпай-ақ білуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алдымен «Ashyq» қосымшасын ұялы телефонға немесе планшетке жүктеп алуыңыз керек. Ары қарай тексеру үшін интернетке кіре алатын тағы бір құрылғы қажет болады. Ол құрылғы арқылы ashyq.kz сайтына кіріп, QR кодын смартфоныңыздағы Ashyq қосымшасы арқылы сканерлеу қажет. Осыдан кейін барып тексерушінің статусы көрсетіледі.

Мұндай сервис «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарға бару үшін қажет. Статус ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР ДСМ COVID-19 бақылау орталығы арқылы беріледі.

«Ashyq» жобасы бойынша жұмыс басталғаннан бері Нұр-Cұлтан қаласындағы 618 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Бүгінгі күні елорда бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзған 1954 келуші анықталды (жұқтырғандар, «қызыл» статусы бар – 875 келуші, жақын байланыста болғандар, «сары» мәртебесі бар – 1079 келуші). Оқшаулау режимін бұзған келушілерге үй карантинін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ashyq» жобасын енгізу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде кәсіпкерлік нысандарына қолдау көрсетеді
387 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 12:20:01
345 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 09:56:20 Түсініксіз құбылыс болды: үрейі ұшқан адамдар жапа-тармағай қашты

Куәгерлердің хабарлауынша, олар дірілді сезінген. Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza сауда орталығының ғимараты кенеттен қозғалып, теңселе бастады. Үрейі ұшқан қызметкерлер мен сатып алушылар қауіпсіз жерге жүгірді. ​Биіктігі 300 метрлік көп қабатты ғимарат Қытайдағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. Желіде жарияланған видеодан адамдардың көк тіреген ғимараттан жүгіріп шығып жатқанын көруге болады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, барлық адамды эвакуациялауға бір сағаттан астам уақыт кеткен. Сауда орталығының теңселуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

 "Қаладағы жер сілкінісін бақылау станцияларының мәліметі тексеріліп, талданғаннан кейін сейсенбі күні Шэньчжэньде ешқандай жерасты дүмпуі болмағаны анықталды", - делінген Weibo платформасында жарияланған ресми тұлғалардың мәлімдемесінде.

 Сарапшылар ғимараттың негізгі конструкциясында немесе сыртында қауіпсіздік ережелері бұзылмағанын, ал ішкі және сыртқы компоненттері бүтін екенін анықтады, деп жазады sputnik. SEG Plaza сауда орталығы 72 қабаттан тұрады, онда электроника дүкендері мен мейрамханалар орналасқан.

Зәулім ғимараттың 50-68 қабаттары – "көктегі қонақ үй". Ғимаратта айналаны шолу алаңы да бар.
388 views06:56
Ашу / Түсініктеме