Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 551

2021-05-13 13:04:51
Шымкенттік 12 жасар бүлдіршін редакциямызға жантүршігерлік аудиожазба жолдады. Айтуынша, әкелері анасы мен бауырларын қаңғытып жіберген. Енді олар көше бойындағы дәмханаларда бас сауғалауға мәжбүр.
427 views10:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 12:07:24 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ashyq жобасын іске асыру тақырыбында өткен брифингте вакцинацияланған адамдар қандай түсті мәртебеге ие болатыны туралы айтылды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/13/179981/
420 views09:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 09:19:37 Некенің ең басты мақсаты — ұрпақ жалғастығы. Бірақ түрлі ауру, экология, нашар денсаулық және т.б. дені сау бала сүюді арманға айналдырып, туудан сақтануға мәжбүрлейді.

Әрине, некедегілер бала тууға кедергі болатын шараларға жүгінбегені жөн. Бірақ бұл мәселеде медицина маманы бала туудан сақтануды ұсынса, себеп бар деп шешсе, әр әйел өз денсаулығына ыңғайлы тәсілді қолданғаны дұрыс.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/12/103634/
432 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 08:56:09 Қазандағы атыстан Қайтыс болғандардың арасында 26 жастағы шет тілі мұғалімі де болған.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльвира Игнатьева қылмыскер өтіп бара жатқан сәтте дәлізде жүрген. Алдын ала мәліметтер бойынша, мұғалім басқа оқушыны құтқармақ болып, кеудесін оққа тосқан. Мұғалім көз жұмбас бұрын балалармен қоштасып үлгерген көрінеді. Бұл туралы оның жерлеу рәсіміне жиналған адамдар мәлімдеді.

 "Ол сол жерде "Қош болыңдар, балалар", деп айтқан.  Қылмыскер бірінші мұғалімге оқ атып өлітірген. Артынша басқа балаларды да атып тастаған", - дейді рәсімге жиналғандар.

Оқушылары Эльвираның мейірімді, әділетті және ең керемет ұстаздардың бірі болғанын айтады. Қыз бес күн бұрын желідегі парақшасына сурет жүктеп, ерекше жазба қалдырған.

 "Адам бақытты сәтте орнынан қалай тұрғанын да байқамай қалады", - деп жазған ол.

Қыз желіде үнемі ерекше жазбалар қалдырып, адамдарды өмірді сүюге шақырған.

 "Өз өміріңді ерекше ету өз қолыңда. Ол үшін бақытта алыс болашақтан емес, қазіргі сәттен іздеуді үйрену керек", - дейді ол жазбаларының бірінде.

 Эльвира бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен сабақ берген. Оның мектепте мұғалім болып қызмет еткеніне төрт жылға жуық уақыт болыпты. Шілде айында ол 27 жасқа толуы керек болатын.
407 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 08:56:09
379 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 08:39:23 Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге қатысты мораторийдің мерзімі осы жылдың соңында аяқталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

 Заңда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салынған.

 Сонымен қатар мораторийге дейін ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алған шетелдіктер және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялар үшін жерді жалдау мерзімі ұзартылмайды. Осы заң күшіне енгеннен кейін жер шетелдіктерден қайтарып алынады.

 Ал қандастарға жер учаскесі жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін беріледі. Олар ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады.

 13 наурызда мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады. Тоқаев өзінің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланған.

 Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

 Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.
390 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 08:39:23
389 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 08:15:57 Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртеніп, арнайы баспалдақ арқылы 10 адам эвакуацияланды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/13/179953/
401 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 12:30:17 КТК жаңалықтары pinned «Разговор с вице-министром здравоохранения РК, главным государственным санитарным врачом страны Ерланом Киясовым.

09:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 12:30:11 Разговор с вице-министром здравоохранения РК, главным государственным санитарным врачом страны Ерланом Киясовым.



269 views09:30
Ашу / Түсініктеме