Get Mystery Box with random crypto!

Павлодар қаласының полициясы түнгі уақытта 'адам сүйреген' көл | КТК жаңалықтары

Павлодар қаласының полициясы түнгі уақытта "адам сүйреген" көліктің видеосы қашан түсірілгенін анықтады. Бұған дейін әлеуметтік желіде адамға ұқсас бір нәрсені сүйреп бара жатқан қара түсті жеңіл көліктің видеосы тараған болатын. Полицейлер көліктің қай жерден өткенін анықтады. Ол – Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысы. Осы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді.

 "Тексеріс нәтижесінде видеоның Павлодар қаласында 2019 жылы "Аға" фильмі кезінде түсірілгені анықталды. Ал автокөлікке адамның манекенін байлаған ", - дейді облыстық полиция департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Фильм 13  мамырдан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі.