Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 553

2021-05-11 10:58:24
402 views07:58
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 09:39:33
Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі кезде жекелеген учаскелерде ағаш діңгектерін сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр

Риддерде төтенше жағдай енгізуге шешім қабылданды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

 «Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», - деп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына.

Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», - деді министрліктің ресми өкілі.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді.
423 views06:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 08:32:39
2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта:

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.⠀

 «Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
429 views05:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 08:08:07 Қыздың анасы Айсу Айтпаева қыздың өзіне қол жұмсағанын жоққа шығарып, оның өлтірілгеніне сенімді екенін айтты.

Грузиядағы Metronome.ge порталының хабарлауынша, зорлау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген күдікпен ұсталған азаматтың аты-жөні Бесик Тордуа. 57 жаста. Бұрын ол Беларуссияда қамауға алынып, сотты болған.

Грузиядағы "ormula телеарнасы Әсел бұрын жергілікті полицияға қоқан-лоқы мен физикалық зорлық-зомбылық көрсетілді деген өтінішпен келгенін хабарлайды. Бірақ қандай да бір себептермен тергеу әрекеттері басталмаған. Әсел жұмыс істеген автокомпанияның иесі - белгілі Азамат Мұрат Мейірбеков, ол Қазақстан азаматы. Грузия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол қазір өз еліне оралған.

"Қызымды өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді деп ойлаймын. Ол терезеден өз еркімен секіретіндей бала емес еді. Бес күн бұрын Грузияға келіп, осында жұмыс істей бастады. Бұрын Әсел ұсталған адамды танымайтын. Осы жерде танысып, бірге жұмыс істеуі керек болатын. Менің күйеуім де Грузияға келуі керек еді, бірақ құжаттары дұрыс болмай, келе алмады", - деді Айсұлу Айтпаева.

Грузиядағы Formula телеарнасы Айтпаеваның Тбилисидегі таныстарының арасында Мұрад Мейрбегов есімді Қазақстан азаматы бар екенін анықтады. Ол Әсел жұмыс істеген компанияның иесі болған. Қазіргі кезде ол Грузиядан кетіп қалған. Сондай-ақ, телеарнаның хабарлауынша, қызды Грузияға келгеннен кейін Рустави қаласында тұратын туыстары Мейрбеговқа сатып жіберген.

Ал Rustavi 2 телеарнасы туыстарымен болған жанжалдан кейін қыз 57 жастағы Тордуаның үйіне көшіп барған дейді. Күдікті ұсталды. Оның кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева терезеден секіріп, қайтыс болды.
423 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 08:08:07
400 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 12:11:20
 9 мамыр
18:50

"Ән мен әнші" атты концертін тамашалаңыздар!

#КТКконцерт
248 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 06:00:46 9-мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухын еске алатын күн.

 Сұрапыл соғыста миллиондаған адамның өмірі қиылды.

1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға Қазақстаннан аттанған 1, 5 миллион жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады.
385 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 06:00:46
347 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 12:31:12
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті.

Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. «Сол тұрғын үйдің ауласында орналасқан септикке 2019 жылы дүниеге келген сәби түсіп кеткен. Оны ата-анасы өздері шығарып алған. Сәби аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
442 views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 19:31:48
Ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті АҚШ-та ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті.

Алыс сапарға аттануға әлемнің «мен» деген миллиардерлері таласып жатыр. Өйткені билет саны біреу ғана.
487 views16:31
Ашу / Түсініктеме