Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 549

2021-05-18 10:31:34 Биыл, 2021 жылдың жаз айларында жылжымайтын мүлік нарығында не болады?

Жаңа және қайталама нарықта баспана бағасы қалай өзгереді? Бұған қандай факторлар әсер етуі мүмкін? Соңғы айларда пәтерлер неге қымбаттады? Жалпы елімізде қолданысқа қанша шаршы метр тұрғын үй берілді? Сарапшылар не дейді?

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/18/180051/
189 views07:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 18:42:53
Алматы облысында үш жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Оқыс жағдай сол бағытта кетіп бара жатқан басқа көліктің бақылау камерасына түсіп қалған.

Көк түсті темір тұлпар жол ортасынан солға бұрылған сәтте кенеттен алдыңғы есігі ашылып, көлік ішіндегі қыз жерге құлайды. Балақай ешнәрсені аңғармай, саспай орнынан тұрды.

Көлікті тізгіндеген анасы екен. Жанұшыра жүгіріп келіп көтеріп алып кетті.
164 views15:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 18:36:11
Қарағанды мен Ақтөбе облысында «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті таусылып қалды. Осы өңірлерде бірнеше күннен бері екпенің екінші дозасын салдыруға келгендер вакцина салдыра алмай қайтуға мәжбүр. Өңірлерде вакцинаның түгесіле бастағанын денсаулық сақтау саласының өкілдері растап отыр.
166 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 18:30:28
Астана ЛРТ ісі бойынша прокурор айыпталушыларға 7 жылдан 11 жылға дейін жаза сұрады. Айыпталушылар қатарында 7 адам. Олар елордадағы жеңілрельсті көлік жобасына деп бөлінген қаржының 5 миллиард 800 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.
157 views15:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 12:57:09 Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифингте «вакцинадан көз жұмған» делінген екі адам туралы айтты.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/17/180288/
183 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 11:09:48 Air Astana компаниясы 31 мамырға дейін «Алматы-Мальдив» бағытындағы рейстерді тоқтатқанын мәлім етті.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/17/180280/
235 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 09:55:05 Некенің ең басты мақсаты — ұрпақ жалғастығы. Бірақ түрлі ауру, экология, нашар денсаулық және т.б. дені сау бала сүюді арманға айналдырып, туудан сақтануға мәжбүрлейді. Әрине, некедегілер бала тууға кедергі болатын шараларға жүгінбегені жөн. Бірақ бұл мәселеде медицина маманы бала туудан сақтануды ұсынса, себеп бар деп шешсе, әр әйел өз денсаулығына ыңғайлы тәсілді қолданғаны дұрыс.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/12/103634/
258 views06:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 09:54:21 COVID-19 эректильді дисфункция қаупін алты есе арттырады. Яғни ер адамдар жасына жетпей белсіздікке душар болуы мүмкін.Елге танымал медицина профессоры Алмаз Шарман аталмыш мәселені әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/13/180002/
252 views06:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 08:46:26
17 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары орналасқан.

 «Жасыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары енді.

Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары «қызылдан» «сары» аймаққа, Шымкент қаласы мен Атырау облысы керісінше, «сарыдан» «қызыл» аймаққа ауысып отыр.
285 views05:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 08:24:39
Бүгін Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) Fury Fighting лигасының чемпионы титулы үшін қазақстандық боксшы Николай Веретенников (8-3) пен америкалық Энтони Айви (6-4) арасында жекпе-жек өтті.

Жекпе-жек Fury FC 46 турнирінің көшін бастап, жартылай орта салмақ дәрежесінде өтті. Айқас барлық жоспарланған уақытқа созылған жоқ. Себебі, бірінші раундтың 2:00 уақытында Н.Веретенников қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы ММА-да тоғызыншы жеңісіне жетті. Ал Айви өз мансабында бесінші рет жығылды.
300 views05:24
Ашу / Түсініктеме