Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-12-12 08:56:06
706 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-12-10 12:34:48 Лакшми Миттал: Қазақстан үшін плюс әлде минус?

Әлемдік металлургия алпауыты ArcelorMittal-дың Қазақстандағы кәсіпорны - "АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшылар қазасы көбейіп кеткендіктен халық та, үкімет те Лакшми Митталға ренжи бастады. Тіпті Митталдың біздегі комбинатын тартып алайық деген ұсыныстар шыға бастады. Осы жерде барлық эмоцияны ысырып қойып, таза экономикалық тұрғыдан сараптап көрсек.

Миттал Қазақстаннан кетсе, бізде жағдай жақсара ма?

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында 40 мың адам жұмыс істейді. 2021 жылы компания 109 миллиард теңге салық төледі. Ал жаһандық ArcelorMittal 2021 жылы 8 миллиард доллар таза пайда тапса, соның 500 миллион доллары Қазақстаннан келді. Яғни, Қазақстан Лакшми Митталға ортақ табыстың 7 пайызын беріп отыр. Миттал бірнеше елдің металлургиялық зауыттарын біріктіріп, содан алпауыт компания құрастырған болатын.

Миттал кетіп, Қарағанды зауытын өзіміз жүргізетін болсақ, онда дайын болат өнімдерін әлемдік нарықта сатуда бірден проблемалар басталады. Себебі, барлық болат жеткізу бойынша контрактілер Митталдың қолында. Қазір, Теміртаудан шыққан болат ArcelorMittal-ға жеткізіледі де, одан кейін контракттар бойынша сатылады. Тауарды өткізу бойынша проблема жоқ.

Егер өнімді сата алмасақ, мұндай үлкен зауытты ұстап тұра аламыз ба деген сұрақтар туындайды. Бірден ескеретіні, Қытайға біздің болат керек емес. Олар өз металлургиясын дамытуда.

Сондықтан Үкімет Лакшми Митталмен қатаң талаптар қойса да, бір мәмілеге келгісі келеді. Бастысы - өндірістегі қауіпсіздікті күшейту. Миттал өз уәдесін орындай ма? Соны бақылау қажет.

https://t.me/dalainside
530 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2022-12-09 17:38:38 Аймағамбетов vs Путин: Алматыдағы даулы оқиғаға байланысты шара қабылданды

Бұған дейін Dalainside ("Азаттыққа" сілтеп) "Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілгенін" хабарлаған.

7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілген. Фильм кейіпкерлері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдаған.

Пропагандаға тұнып тұрған фильмді қаладағы № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары "тамашалаған".

Әзір ғана осыған орай Dalainside поштасына Оқу-ағарту
министрлігінен хат келді.

"Білім беру ұйымдарында өткізілетін барлық іс-шаралар тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мен жоспарына сәйкес болуы тиіс. Директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өңірлердің әкімдіктері мен білім басқармаларына осындай фактілерге жол бермеу туралы хат жолданды
!", – деген қысқа - нұсқа жауап алдық.

Ресейлік пропаганда бұған дейін Аймағамбетовтің өзіне тап беріп, оған "Батыстың тыңшысы" деген жала жапқан.

Қазақстандағы жалдамалы блогерлерге нұсқау берген Мәскеу министрдің білім саласындағы реформасына шүйліккен еді.

Бұған Оқу-ағарту министрінің: "Бірінші кезектегі міндет – оқытуда мемлекеттік тілдің үстем болуына жағдай жасау" деген мәлімдемесі түрткі болған.

"Ол осы арқылы қоғамды қазақыландыруды көздеп отыр. Аймағамбетов Соростың сыбайласы. НАТО қаржыландырған ағарту мектебінде білім алған. Ол Пентагонның бұйрығын орындап отыр...", – деп бықсыған болатын Кремль.

Ол туралы мына жерден оқи аласыз Dalanews

https://t.me/dalainside
1.5K viewsedited  14:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-09 16:02:44 Тоқаевтың Париж сапары сәтті болды: Франция Әбләзовті саяси баспанадан айырды

Ескі де жаңа Қазақстанның ежелгі дұшпаны атышулы Әбләзовқа француз билігі 2020 жылы саяси баспана берген.

Босқын статусына ие болған экс-банкир қисынды-қисынсыз аргументтерді үйіп-түгіп, ел билігінің жүйкесін жұқартқан еді.

Былтыр Париждің қала кеңесі Әбләзовті әлгі статустан айырған. Бұған Мұхтардың БТА банктегі былық-шылығы, нақтыласақ алаяқтықпен айналысып, үлескердің ақшасын үптегені себеп болған.

Әбләзов соттың шешіміне қарсы келіп, апелляция берген. Қос бірдей қымбатты заңгер жалдаған экс-банкир күні кешеге дейін соттың соңғы әрі ақырғы жауабын күтіп келді.

Жауап бүгін жетті: Әбләзовтің арыз-шағымы кері қайтарылып, сот шешімі күшінде қалды.

Тоқ етерін айтқанда, Париж Мұхтарды саяси баспанадан айырды. Заңға сәйкес Франция Әблязовты өз жерінен күштеп шығаруы тиіс, оны Қазақстанға аттандырып жіберуі де ғажап емес.

https://t.me/dalainside
1.7K viewsedited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-12-09 11:02:25 Мақсат Халық: АЭС құрылысы жастарды өз Отанында еңбек етуге ынталандыра алады

«Қазақстанда талантты жастар көп. Әсіресе, технократ, басы істейтін. Бірақ, өкінішке қарай, олардың көбісі шетелге кетуге мәжбүр. Себебі – бізде технологиялық өнеркәсіптер жоқтың қасы. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан шетелге мамандар даярлаумен айналысып жатыр десек те болады. Бұл ащы да болса шындық. Мықты өндіріс ошақтары, әрине энергияны көп тұтынады. Осы жағынан алғанда, бір АЭС салу арқылы қаншама жастарымызды өз Отанында еңбек етуге ынтыландыра алар едік. Сондықтан АЭС құрылысы, экономист ретінде мультипликативті әсерге ие деп айта аламын», – дейді Мақсат Халық.

DALA INSIDE АЭС құрылысы бойынша танымдық материалдар циклын жариялап келеді. Осы жолы АЭС-тің экономикалық тиімділігі бойынша тақырыпты көтеріп отыр.

Мақсат Халықтың айтуынша, қазір геосаяси шиеленіс ушығып, экономикалық ахуал шатқалақтап тұр. Ресей газын Еуропаға шектеп тасымалдап, салдарынан Батыс елдерінің халқы биылғы қыстан қалай шығатындарын білмей, қиын жағдайға тап келіп отыр.

Маман бұл ретте АЭС-і бар Францияны мысалға келтіреді. Себебі, Францияда ондай қиындықтар жоқ. Олар кез-келген апатты жағдайға дайын.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/09/2022/770/
1.8K viewsedited  08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-12-09 07:31:11 Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілген. Аймағамбетовтен жауап күтеміз...

7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.

Ал Алматы қаласының білім басқармасы "Азаттыққа" берген жауабында "№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ" деп ақталды.

"Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни сөгіс беріледі..." деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері.

Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.

Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және "Россотрудничество" агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.

Бірінші фильм – "Россия. Нам 30 лет", екіншісі - "Земля больших кошек" деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.

https://t.me/dalainside
2.1K viewsedited  04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 10:38:39 Тәуелсіздікке қатер төндіреді! Өзбектер "газ одағына" қосылудан бас тартты

Өзбектер Ресей президенті Путин ұсынған "газ одағына" қосылудан үзілді-кесілді бас тартты.

Бұған дейін Кремль көсемі Астана мен Ташкентті осы одаққа қосылуға үгіттеген болатын.

Өзбектер Путиннің пиғылынан сезіктеніп отыр, олар мұны тәуелсіздікке қатер төндіретін қадам деп санайды.

Өзбекстанның Энергетика министрі осы мәселеге нақты нүкте қойып, "Ресеймен арада газ келісіміне отырсақ та, бұл одақ құрғанымыздың белгісі емес" деді.

Оның атап өткеніндей Ташкент газ импортында бірқатар елдермен коммерциялық қарым-қатынас орнатқан.

Ресей газын Қазақстан арқылы жеткізу жолдары талқыланған, бірақ бұл "техникалық құжат", соған бола одақ құру қисынсыз.

"Көгілдір отынға бола тәуелсіздікті саудаламаймыз. Саяси бопсаның жетегіне ермейміз...", - дейді Мирзияевтің өкілі.

https://t.me/dalainside
523 viewsedited  07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 09:14:56 «Еңбекке жарамсыздық парағы»: сақтандырудың сізге қолайлы түрі

Қылышын сүйреп қыс та келіп қалды. Вирус жұқтыру, аяғыңыз тайып жығылып, оқыс оқиғаға тап болу қаупі күрт артты. Ауырып қалсаңыз, жазатайым болсаңыз қаржылық қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Одан сақтанудың жолы бар.

Home Credit Bank бар болғаны 14 900 теңгеге "еңбекке жарамсыздық" сақтандыруын ұсынады. Егер сіз COVID жұқтырсаңыз, сақтандыру полисі ем-домды толық төлейді. Сақтандыру бойынша ең жоғары төлем - 300 000 теңгеге дейін.

Полис бір жылға жарамды және нақты төлемдерге кепілдік береді, сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде сізге қаржылық жағынан үлкен демеу болмақ.

Осы орайда, сақтандыру еңбекке жарамсыздықты, жүктілікті немесе босануды қамтымайтынын ескертеміз.

Ал сонда, сақтандыру бағдарламасы қандай жазатайым оқиғаларды қамтиды? Бұл күтпеген оқиғалар, айталық:

Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақаттар;
Тайып жығылу ️ (көктайғақ);
Фут️бол ойнау, тау спортымен шұғылдану кезінде алған жарақаттар.

Сақтандырудың қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде қарастырайық.

Сақтандырылған клиент аяғы сынып, алған жарақаты салдарынан 30 күн ауруханада ем қабылдап жатты делік. Бұл жағдайда төлем 7-ден 30-ға дейінгі күндерге барлығы 24 күнді қамтиды және күніне 5000 теңгені құрайды. Барлығы 120 000 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру бойынша ең жоғары төлем 300 000 теңгеге дейін. Осылайша, жазатайым оқиға кезінде тағы 105 000 теңгені және ауырып қалған жағдайда 75 000 теңгені полис төлейді.

Сақтандыруды банк бөлімшелерінде, сондай-ақ онлайн рәсімдеуге болады.
Және Home Credit Bank мобильді қосымшасында: «Өнімдер» бөлімінде «Сервистер» бөлімшесіне кіріп, ол жерден «Еңбекке жарамсыздық парағын төлеу» қызметі арқылы сақтандыруға қол жеткізе аласыз.
187 views06:14
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 06:01:22
Mycar.kz онлайн платформасында автокөлік сатып алудың бес артықшылығы

Қазақстанда онлайн-дилерлік платформа енді ғана дами бастады. Елімізде тағы бір онлайн-дилер пайда болды – қараша айының соңында Haval Motor Kazakhstan Mycar.kz платформасына қосылып, өз сатып алушыларына бұрынғыдан да жақындай түсті.

Біріншіден, бұл қарапайым. Мысалы, енді haval.mycar.kz сайтында бірнеше рет басу арқылы Haval модельдер желісінен кроссовер сатып алуға болады.
Екіншіден, бұл ыңғайлы. Онлайн-сервис арқылы Haval кроссоверлерін сатып алу аясында көшпелі тест-драйвқа тапсырыс беруге болады.
Үшіншіден, бұл қауіпсіз. Барлық төлемдер онлайн түрде жүзеге асырылады.
Төртіншіден, тез. Ресми курьер сізге қол қою үшін барлық құжаттардың түпнұсқаларын жеткізеді және бұл уақытта сіздің автокөлігіңіз есепке алу рәсімінен өтеді.
Бесіншіден, ыңғайлы. Барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін Mycar.kz ресми өкілі автокөлікті қалаған мекенжайға жеткізіп, құжаттардың толық пакетімен сізге тапсырады.
Толық ақпарат haval.mycar.kz сайтында
489 views03:01
Ашу / Түсініктеме
2022-12-07 18:51:27 Аламын, алмаймын... "Jusan bank" акционерлері дивидендпен әбден әуреге түсті

"Jusan Bank" акционерлерінің 5-6 желтоқсанға жоспарланған кезектен тыс жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өтпеді. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған хабарламасынан белгілі болды.

Банк акцияларының 78,23 пайызына иелік ететін "First Heartland Securities" компаниясы бас қосып, жинала алмай жүргеніне бірнеше ай болды. Енді биржаның хабарлауынша, жаңа кезектен тыс жиналыс 12 желтоқсанда өтеді.

Банк өзінің 5-ші желтоқсанға межелеген акционерлер отырысында, қожайындарына 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін деп, сарапшылар шу көтерген болатын. Біршама саясаткерлер мен депутат Қанат Нұров Жусан банктің оған моральді құқығы жоқ деген пікірде. Себебі, Жусан банк мемлекет көмегін пайдаланды және оның біршама бөлігін өзіне кіріс ретінде санатып, дивиденд арқылы акционерлері алып алды.

2019-2020 жылдары Жусан банктан оның қожайындары (ол кезде «Назарбаев фонд» жеке қоры мен Ғалымжан Есенов) дивиденд ретінде 227 миллиард теңге алған. Енді, 2021 жылдың қортындысы бойынша банк акционерлері тағы да 172 миллиард теңге дивиденд алғысы келді.

Бұл ретте – мемлекеттің Жусан банкке көмегі 1,5 триллион теңге деп бағаланады және оның алдында банк басқармасы осы көмекті біртіндеп қайтарамыз деп уәде берген болатын. Банктен мемлекетке әлі күнге дейін бір тиын да қайтпады. Есесіне қожайындары ашкөздікпен бар ақшаны шығарып алуға тырысып жатыр.

https://t.me/dalainside
851 viewsedited  15:51
Ашу / Түсініктеме