Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-11-23 16:22:05
Имекең үлкен саясатқа қайта оралатын сынды.

Армения президенті Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты ұсынды.

https://t.me/dalainside
2.0K viewsedited  13:22
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 14:19:58 Мәжіліс VS Jusan bank: депутаттар "фаталити" жасады

Заңға өзгерістер күшіне енбей тұрып, «Jusan bank» қожайындары 172 миллиард теңге дивидендті шығарып алуға үлгере ме?

Мәжіліс депутаты Қанат Нұров «Мен Мәжілістің банктер капиталының ашықтығын арттыру және олардың мемлекет көмегінен дивидендтер төлеуін шектеу жөніндегі бүгінгі шұғыл шешімдеріне әбден қанағаттанамын», - деп жазды. Бұл жерде әңгіме, «Банк қызметі туралы» заңнамаға өзгерістер енгізу туралы болып отыр. Бүгін Мәжіліс депуттары осы мәселені шұғыл қарады.

Депуттаттардың бұлай тез қимылдауына «Jusan bank»-тің тікелей қатысы бар. Банк өзінің 5-ші желтоқсанға межелеген акционерлер отырысында, қожайындарына 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін. Біршама сарапшылар мен депутат Қанат Нұров Жусан банктің оған моральді құқығы жоқ деген пікірде. Себебі, Жусан банк мемлекет көмегін пайдаланды және оның біршама бөлігін өзіне кіріс ретінде санатып, дивиденд арқылы акционерлері алып алды.

2019-2020 жылдары Жусан банктан оның қожайындары (ол кезде «Назарбаев фонд» жеке қоры мен Ғалымжан Есенов) дивиденд ретінде 227 миллиард теңге алған. Енді, 2021 жылдың қортындысы бойынша банк акционерлері тағы да 172 миллиард теңге дивиденд алуға әрекеттеніп отыр.

Бұл ретте – мемлекеттің Жусан банкке көмегі 1,5 триллион теңге деп бағаланады және оның алдында банк басқармасы осы көмекті біртіндеп қайтарамыз деп уәде берген болатын. Банктен мемлекетке әлі күнге дейін бір тиын да қайтпады. Есесіне қожайындары ашкөздікпен бар ақшаны шығарып алуға тырысуда.

Банкті барынша сорып алып, қоржыны бос қаржы институтын сол қарыздың есебіне мемлекетке қайтарып бере салу – қожайындардың көздегені осы сияқты. «Жаңа Қазақстанда» өздеріне бұдан басқа мүмкіндік жоқ екенін түсініп отыр.

https://t.me/dalainside
2.0K viewsedited  11:19
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 09:07:32 70 жыл бұрынғы затпен салыстырма. АЭС реакторларының қауіпсіздігі мамандар назарында

Мамандар, халықтың АЭС, реактор деп үрейленгенінде психологиялық қақпан бар екенін айтады. Себебі, кезінде АЭС-тер апатқа ұшыраған. Бірақ сол АЭС-терде бұдан 70-80 жыл бұрын жобаланған, қауіпсіздік деңгейі дұрыс жетілмеген реакторлар тұрған еді. Бөлек қауіпсіздік жүйесі де болған жоқ. Барлығы қолмен басқарылып тұрды. Қазір барлығы толық автомат.

Мысалы, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Жоба басқару жөніндегі бас менеджері Әсет Махамбетовтің айтуынша, бізде қарастырылып отырған реакторлар III немесе III+ буыны анықтамасына сәйкес келеді. Бұл сөзсіз жоғары қауіпсіздік деген сөз.

«Жаңа реакторларды жобалау кезінде көптеген тәуекелдер, соның ішінде жер сілкіну, дауылдың көтерілуі, өрт шыққан жағдайда, үстіне ұшақ құлау секілді ірі апаттық жағдайлар есептеледі. Бір мысал айтайын, апат кезінде қазіргі реакторлардың жұмыс дербестігі 72 сағатқа дейін жетеді. Яғни, реактор адам араласуынсыз-ақ өздігінен тоқтап, үш тәулік бойы қауіпсіз жағдайда бола алады. Сондықтан бұдан үрейленудің еш себебі жоқ», - дейді, Әсет Махамбетов.

Пассивті қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, апатқа қарсы процесте адамның араласуынсыз, АЭС-те болуы мүмкін ықтимал оқиғалар салдарымен күресу – заманауи реакторларға қойылатын басты талап. Қазіргі уақытта III + реактор жобаларында қауіпсіздік, сенімділік және өндірілетін энергияның арзандау деңгейі одан әрі артқан. Жаңа реакторлардың басты ерекшелігі – бұған дейін АЭС-терде орын алған барлық жағдай ескерілген. Оларда «жобалау кезінде апатты жою» тұжырымдамасы іске асырылады.
https://dalainside.kz/11/manyzdy/23/2022/718/
277 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 06:07:51
Соловьев бастаған пропагандистер кезекті рет Қазақстанға соқтығыпты.

Жындының сандырағынан сақтасын.

Украинаға басып кіріп, аузы күйгені аздық етіпті бұларға.
182 viewsedited  03:07
Ашу / Түсініктеме
2022-11-22 18:20:38 АЭС құрылысы: Жаңа Қазақстанды атом шантажы күтіп тұр ма?

Осыған дейін атом, ядро деген ұғымдарға қазақтар үрке қарап келді. Енді ғана, АЭС-тің шын мәнінде керек екенін ұғына бастады.

Dalainside-қа пікір білдірген тәжірибелі энергетик Жақып Хайрушев Росатом-ның АЭС салудағы потенциалын АҚШ-тан жоғары бағалап отыр.

"Путин? Біз үшін басты әңгіме – болашақ ядролық шантаждың болмауы..." дейді ол.

Сарапшы Ресейдің әлемнің көптеген елінде, әсіресе Өзбекстан, Түркия немесе Пәкістан сынды консервативті мемлекеттерде атом электр станцияларын тұрғызып, мол тәжірибе жинағанын мысал еткен.

"Росатом" салып жатқан Түркиядағы "Аққұю" АЭС-інің құрылысын біздің ел де мұқият бақылап отыр.

Бұл ретте АЭС құрылысы және оның қызметі халықаралық ұйым – МАГАТЭ тарапынан бақылауда болғаны маңызды.

Атом шантажын болдырмау үшін – АЭС-тің барлық тетіктерін өзіміздің, отандық мамандар басқаруы тиіс", – дейді Хайрушев.

Атом электр станциялары экология тұрғысынан көмірден таза. Ал тұрақтылығы тұрғысынан жел, күн энергиясынан артықшылығы бар.

Хайрушев осы бағыттағы ақпараттық жұмыстың аздық етіп жатқанын айтады.

"Инженер-энергетик, жылу және энергиямен қамтамасыз ету саласындағы маман ретінде елімізде атом электр станцияларының болуы бізге инновациялық даму, болашақ тұрғысынан үлкен серпін беретінін практикалық тұрғыдан көріп отырмын", – дейді сарапшы.

Сұхбаттың толық нұсқасын оқуға ықылас болса, төмендегі сілтемені басыңыз: https://t.me/dalainside
809 viewsedited  15:20
Ашу / Түсініктеме
2022-11-21 17:19:10 Путинмен алыстан сыйласу үрдісі сақталады: Ақорданың назары Ақ үй мен Бейжіңге ауады

Тоқаевтың жылында сыртқы саясатта көптен күткен өзгерістер болады деп болжайды Dalainside.

Жаңа Қазақстан Мәскеуге жалтақтайтын "Назарбаев синдромынан" толық арылып, инвестицияның жаңа көздерін табуға тырмысады.

Елдің халықаралық кеңістіктегі имиджін көтеруді көздейтін Тоқаев саяси-экономикалық реформаларды қауырт жүргізіп, шетелдік инвесторлардың алдына тосады.

Оның тұсында Қазақстан сыртқы саясатта дербес шешім қабылдайтын дағды қалыптастырады. Донецкі мен Луганскі секілді квазиқұрылымдарды мойындаудан үзілді-кесілді бас тартқан Ақорда Кремльге кіріптар болмаудың амал-тәсілдерін ұдайы іздестіру үстінде.

Келесі жеті жылда ел билігі Ақ үй және Бейжіңмен тығыз байланып орнатып, алыс-беріс, барыс-келісті күшейтеді. Соғыстан қалжыраған Кремль АҚШ пен Қытайдың тегеурініне төтеп бере алмайды.

Америка қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосып отырған ірі инвестордың бірі.

2022 жылдың алғашқы тоқсанында ғана алыс құрлықтан жеткен инвестиция көлемі 1,9 млрд долларды құрапты, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен екі есе көп!

Қытай да Қазақстан нарығындағы белсенді ойыншыға айналуды көздейді. Екі жыл бойы Бейжіңнен ұзап шықпаған Си төрағаның пандемиядан кейінгі алғашқы ресми сапарын бізден бастауы тегін емес.

Сидің сапары Қытайдың Тоқаевты толықтай қолдайтынын көрсетті, әрі Ақордамен риясыз әріптестік орнатуға әзірлігін айғақтады.

Өткен 30 жылда Бейжіңнің ел экономикасына құйған инвестициясы 20 млрд доллардан асып жығылған, алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғаймаса, кемімейді.

жылда АҚШ пен Қытайдан келетін тікелей инвестиция Тоқаевтың тұсындағы Қазақстанның едел-жедел дамуына дәнекер болады.

Ал Ресей ше? Көрші-қолаңды боспалаудан өзге «өнері» жоқ Кремль Ақорданың қауіпсіздігіне кепілдік берген Ақ үй мен Бейжіңге қарсы келе алмайды.

Мәскеудің одақтасын соғысқа сүйреген әрекетінен түк өнбеді. Тоқаев Путиннің шапқыншылығын қолдамайтынын, санкцияны айналып өткісі бар Ресейге жәрдемдеспейтінін талай рет кесіп айтқан.

https://t.me/dalainside
997 viewsedited  14:19
Ашу / Түсініктеме
2022-11-20 23:14:06 Тоқаев айтқан 4 тезис: Президент жаңа ғана маңызды мәлімдеме жасады

Сайлаудағы жеңіс? Тоқаев бұған тоқмейілсімейді.

Dalainside Exit poll нәтижесі жариялана сала Республикалық қоғамдық штабқа барып, сөз сөйлеген президент баяндамасына құлақ түрді.

Тоқаев айтқан 4 тезис келесідей:

1. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет

2. Мықты мемлекет? Оны құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажет, онсыз ешқандай да реформа болмайды.

3. Сайлау заңға сәйкес өтті. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді.

4. Тоқаев Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта басты билік институттары түгел жаңғыртылатынын жеткізді.

Ал сіз алдағы жеті жылдан не күтесіз?..

https://t.me/dalainside
67 viewsedited  20:14
Ашу / Түсініктеме
2022-11-20 22:32:49 Назарбаев бүгінгі түнді ұйқысыз өткеруде - ол Тоқаевты елден бұрын құттықтады

Exit poll нәтижесі шыға сала Тоқаевты құттықтауға асыққандардың арасында экс-президенттің аты алдымен аталды.

Тоқаевтың топ жаруын қазіргі президенттің абырой-беделімен байланыстырған Назарбаев:

"Халық сіз қолға алған реформаларға сенеді.

Тәуелсіздікке қатер төнген сын сығатта табандылық танытып, мемлекетті сақтап қалдыңыз.

Елдің қолдауы мен сенімінен айырмасын", - деді.

Әлеуметтік зерттеумен айналысатын ұйымдардың мәлім еткеніндей Тоқаевты халықтың 82 пайызы қолдаған.

https://t.me/dalainside
114 viewsedited  19:32
Ашу / Түсініктеме
2022-11-20 22:19:53
  Exit poll нәтижесі - Тоқаев топ жарды

Әлеуметтік зерттеумен айналысатын "СОЦИС-А" институтының дерегінше халықтың 82 пайызы қазіргі президентті қолдап дауыс берген.

Сайлаудағы белсенділік 76 пайызды құрапты.

Өзге канидаттардың көрсеткіші келесідей:

Қарақат Әбден – 2,84%
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%
Жигули Дайрабаев – 3,68%
Мейрам Қажыкен – 2,62%
Салтанат Тұрсынбекова – 2,24%

Сайлаушылардың 4,22 пайызы "бәріне қарсы" дауыс берген.

https://t.me/dalainside
184 viewsedited  19:19
Ашу / Түсініктеме
2022-11-20 09:13:26
Экс-президент Назарбаев ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов туралы пікір білдірді.

"Иса да жанындағы опасызды білген жоқ қой, кім біліпті, оның сондай екенін...",- дейді.

https://t.me/dalainside
825 viewsedited  06:13
Ашу / Түсініктеме