Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-12-01 09:22:46 Тоқаев vs Мирзияев: Астана мен Ташкент инвесторға таласа бастады

Мирзияевтің баяндамасын шолып шыққан Dalainside осындай ұйғарымға келді.

Жаңа Қазақстандағы жедел реформалар өзбек билігінің ұйқысын қашырғанға ұқсайды.

Ташкент шетел капиталын көршінің қанжығасына байлап бергенді мүлде қаламайды.

Шетелдің бизнес өкілдерін шәйға шақырған Мирзияев әлгілерді өзбек нарығына қаржы құюға үгіттеп, уәдені-үйіп төкті.

Жаңа Өзбекстанда инвестордың құқы алабөтен, айрықша қорғаларына кепілдік берді.

Өзбек басшысы Батыстан келетін қомақты капиталдан қағылмау үшін Тоқаевтың реформасымен пара-пара өзгерістер жасауға тәуекел етіп отыр.

Жаңа Өзбекстан дейтін концепцияның мақтауын асырған Мирзияев инвестор дейтін кірпияз қауымға келесідей жеңілдіктер ұсынды:

Ташкент алдағы жылдан бастап инвесторларға білім мен денсаулық саласының есігін айқара ашады.

Инвесторлар кеңесінің іргесінен оларды жәбірлеуге жол бермейтін Арнайы комитет құрылады.

Өзбектің қор нарығына қан жүгірту үшін шетелдік банктерге шақырту жіберіледі. Қаржы институттары толығымен түрленіп, бұл бағыттағы реформа тереңдей түседі.

Экономикадағы биліктің белсенділігі күрт бәсеңдейді. Жекешелендіру науқаны қызу жүргізіледі.
"Мен билікке келгелі 1200 кәсіпорынды жекенің қолына тапсырдық", - деді осы тұста Мирзияев.

Өзбектің жер қойнауындағы "игілікті" игеру инвесторларға сеніп тапсырылады.

"Ақшаның астында қаласыздар. Өзбекстан алтын қоры бойынша әлемде 2-ші орында, мыс пен күміс қоры да жетіп артылады, 7-ші орындамыз. Әттең, бұларды игеретін технологиядан тапшылық көріп отырмыз...", - дейді өзбек басшысы.

Ташкент 10 түрлі қазба байлықты өндіруді инвесторларға жүктегелі отыр. Осы мақсатта айтарлықтай салық жеңілдігі жасалған.

Мирзияевтің тұсында электромобиль өндірісі дәуірлейді. Өзбек басшысы осы тұста Илон Маскке тіл қатып, елдің көлік жасаудағы тәжірибесін мысал етті.

Туристер топырлап келетін аймақтарда IT парктер ашылады. Осында отырып, еңбек ететін "айтишниктер" салықтан босатылады.

"Бізге ақша әкеле жатқан инвесторды аяғын жерге тигізбей әуежайдан күтіп аламыз. Сол арада жұмысқа қажетті барлық құжатты қолына ұстатамыз. Бұл істі Инвестиция министрі жүргізеді. Бүтін бір министрді басқа жұмыстан босатып, сіздерге басыбүтін бердім", - деді Шавкат ака.

Мирзяев өзінің тұсында ел экономикасына құйылған инвестиция көлемі 40 млрд -дан асып жығылғанын айтып мақтанды. Бұл Кәрімов дәуіріндегі кезеңнен 10 есе көп.

"Алдағы 4-5 жылда инвестиция көлемін 120 млрд-қа жеткізуді межелеп отырмыз", - деді ол.

Өзбек лидері инвесторлардың Қазақстанға ауып кеткенін қаламайды. Ресейден қашқан шетелдік компанияларды құшақ жая қарсы алуға әзір.

https://t.me/dalainside
2.0K viewsedited  06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-11-28 19:52:08 Билікке сенеміз бе? Халыққа сенеміз бе?
Екібастұздан ашынған тұрғындар звондап жатыр. "Оңғар, 17 үйде ғана жылу жоқ деп саған өтірік ақпарат берген. Біз тұратын көшенің өзінде 20 шақты үйде жылу жоқ" дейді.
Астана қаласынан Жанармын деп звондаған бір апай Екібастұзда бүкіл туыстарым тұрады, біреуінің үйінде жылу жоқ деді.
Хабарласқан тағы бір тұрғын, "көп үйлерде суық су да жоқ. Свет жиі өшіп қала береді. Тамақ істеп іше алмай отырған үйлер бар. Пеш қоссақ свет өшеді" дейді.
Сонда кім кімді құлақтан теуіп жүр? Шынымен жағдай қиын болса жасырмай айтыңдар. Ауруын жасырған өледі. Жұрт болып жұмылып, үйлердің алдарына қазан-ошақ ұйымдастырып, тамақ істейік. Жұртты Павлодарға эвакуациялайық. Өтіріктеріңнен шаршадық.
569 views16:52
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 17:26:49 Dalainside Тоқаевтың жанындағы ең қауіпті адамды тапты. Президент одан аулақ жүргені абзал...

Иә, осыған дейін билікте болғандардың бәрімен ат-құйрығын үзісудің қажеті жоғын түсінеміз.

Биліктің ішінде де Назарбаевтың автократиясына талағы тарс айырылардай болып, әрең жүрген ақ жағалылар болды.

Десе де, Жаңа Қазақстанды құру кезінде ат қосшы болуға да жарамайтын тұлғалардың бар екенін естен шығармаған абзал.

"Қазақ қоғамы үшін құндылығын жоғалтқан сондай шендінің бірі – Ермұхамед Ертісбаев..." - дейді танымал журналист Нұрлан Жамахан.

Ертісбаевтың аты аталса көпшілік тыжырына қалады. Неге?

"Өйткені ол осыған дейін қоғамдық ортада Назарбавтың диктаторлық саясатын ақтап келген адам ретінде танылды.

Назарбаев билігін ұзартуға өлшеусіз үлес қосқан 10 адам болса, соның бел ортасында Ертісбаев тұр.

Оны Жаңа Қазақстанның іргесін қалауға мүлде жолатуға болмайды.

Назарбаевтың өзі керек қылмай зейнетке жіберген Ертісбаеты халық Тоқаевтың жанынан әсте көргісі келмейді", - дейді журналист.

Күні кеше Арманжан Байтасовқа сұхбат берген Ертісбаев сайлауда Тоқаевты қолдау үшін құрылған Халықтық коалицияны "тарқатпау керек" деп көсілген.

Оның ойынша, аталған коалиция "стратегиялық мәселелермен айналысу" үшін керек.

"Ертісбаевтың осы әңгімесінен-ақ Назарбаев режимін аңсап отырғанын аңғарамыз.

Халықтық коалицияны сақтап қалғаннан не ұтамыз? Бар болғаны Назарбаев режиміне қайта қадам басамыз.
Мұндай ұйым "Нұр Отан" сияқты ебедейсіз "динозаврға" айналады.

Дәл қазір бізге коалиция емес, жоғарыға халықтың түрлі топ өкілдерінің мұң-мұқтажын жеткізетін көптеген саяси ұйымдар қажет.

Ертісбаевтың ұсынысы?
Бұл Тоқаевтың саяси реформасын жоққа шығаратын кеңес.

Президент Тоқаев қолға алған саяси реформа іске асса Ертісбаевтың "қызметіне" деген мұқтаждық туындамауы керек.

Халыққа керегі өзгеріс, ал Ертісбаев секілділер Тоқаевты "өзгертуге" тырысып жүр", - дейді журналист.

https://t.me/dalainside
64 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 11:23:15
"7-20-25" ипотекасының негізін қалаған қазақ қаржыгері Ресейдің ірі банкін басқаратын болды

"7-20-25" ипотекасының операторы болған "Баспана" (Ұлттық Банкке қарасты) компаниясының алғашқы төрағасы, оның алдында ұзақ жылдар бойы Отбасы банк пен "БТА Ипотекада" басшылық қызмет атқарған Қайрат Алтынбеков Ресейдің Азия-Тынық мұхиты банкінің (АТБ) басқарма төрағасы болып тағайындалды.

АТБ-ны қазақстандық инвестициялық компания - "Pioneer Capital Invest" ЖШС-і Ресейдің Орталық банкінен аукционда 193 миллион долларға сатып алған болатын. Артынан олар өзі сатып алған Ресей банкін "Назарбаев фонд" дербес қорына аударып берді. Ол қорды - зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев басқарады.

АТБ биыл мол табыс табайын деп тұр. Валютаралық операцияларда Ресейдегі банктердің комиссиялары тым жоғары. Ал халқында басқа амал жоқ. Бірақ операциялардың көбісін АТБ баяғыдай қолма-қол ақшамен жасап жүр.

Алтынбеков кезінде "7-20-25" пен Отбасы банкты цифрландырған еді. Енді АТБ-ны орыстың каспиіне айналдыратын болады.

@dalainside
745 viewsedited  08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 08:42:58 Тоқаев 26-шы қарашада Қазақстаннан заңсыз шығарылған барша капиталды түгелдей елге қайтару туралы жарлыққа қол қояды.

30 жыл бойы "алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отырған" халықтың Жаңа Қазақстаннан күтері де осы.

Экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің айтуынша Назарбаевтың семьясы мен сыбайластарына "тиесілі", тұтастай алғанда 300 млрд $-дан асып жығылатын капитал шетелде жасырылуы жатыр.

https://t.me/dalainside
1.3K viewsedited  05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-11-24 13:49:22
Тоқаев ескі жүйенің кадрларынан толық арылуды көздеп отыр

Депутат Жаңбыршин Жаңа Қазақстанды күрделі өзгерістер күтіп тұрғанын меңзеді.

"Назарбаев? Ескі жүйе отыз жыл бойы "бізден басқа ешкім жоқ..." дегенді құлағымызға құйып келді. Мұның бәрі бекер, бос сөз.

Қазақта "ел қамын жеген Едігелер" жетіп артылады.

Саяси интрига, кландық ойындардан аулақ жүретін адал, таза азаматтар Жаңа Қазақстанның қабырғасын қаласып, ел басқару ісіне араласатын болады", – дейді Еділ мырза.

https://t.me/dalainside
1.2K viewsedited  10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 21:04:16
Песков Қазақстанға шүйліккен Кремльдің "шовиктеріне" қатысты пікір білдіріпті.

"Бұл Мәскеудің көзқарасымен үйлеспейді", - дейді.

Сенейік пе?!

https://t.me/dalainside
2.6K viewsedited  18:04
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 17:34:15
2.7K views14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 17:33:31 Тасмағамбетов Қазақстанды Путинге жіпсіз байлап берді ме?!

Телеграм арналар Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының Арменияда өткен жиынын талқылауда.

Кезектен тыс Президент сайлауда жеңіске жеткен Тоқаев Қазақстанның Еуроодақпен байланысты жандандыратын ашып айтқан еді.

Бұл – ұсыныс Путинге ұнамаған сынды. Қазақстанды стратегиялық әріптес санайтын Кремль одақтасының Батыспен тонның ішкі бауындай араласып кеткенін қаламайды. Осы орайда Путин Қазақстанды өзіне жіпсіз байлап қоюдың амалын тапқан сыңайлы...

Бүгін Арменияда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының кезекті басқосуында ұйымның төрағалығы Қазақстанға өтетінін белгілі болды.

Армения басшысы Никол Пашинянның ҰҚШҰ төрағасы болуға Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурсын қолдауды Тоқаевтан қиылып... сұрағанына куә болдық. Пашинянның ар жағында Путин тұрғаны анық.

Осыдан кейін президент Тоқаевтың олардың өтінішін қабыл алғаны жайындағы ақпарат тарады.

Имекең Мәскеудегі елшілік қызметін өткізіп бергеннен кейін де Кремльді айналшықтап шықпай жүргені енді белгілі болды.

Білетін адамдар бүгінде Тасмағамбетовтың көп уақытын Ресейден өткізетінін DALA INSIDE-қа сыздықтатып айтқан болатын.

Қазақшыл қауым Тасмағамбетовтың көп уақытын Ресейде өткізетіне таңқалған еді.

Бұл тағайындаудан кейін қазақ қоғамында Тасмағамбетовке қатысты жаңа көзқарас қалыптасатыны сөзсіз.

ҰҚШҰ-ның төрағалығы Имекеңнің саяси кеңістіктегі, саясаттың кулуарындағы салмағын арттыруы мүмкін.

Бірақ дәл осы жолы Тасмағамбетов Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстандағы саяси өлшемдердің басқа арнаға ауып кеткенін ескермегенін анық байқадық.

Қаңтар оқиғасынан кейін халықтың Ұжымдық келісім-шарты ұйымына деген көзқарасы күрт өзгерді.

Осылайша ҰҚШҰ қазақ қоғамы үшін токсинді, зиянкес ұйымға айналғаны белгілі. Имекең мұны біле тұра ұйымды басқаруға келісімін бергенін түсіне алмадық.

Қазақстанды былай қойғанда ҰҚШҰ-ға мүше елдер арасында аталған ұйымның тартымдылығы күрт төмендегені белгілі.

Посткеңестік елдердегі аудитория (билік емес) бұл ұйымның қауқары қалмағанын мойындап қойды.

Биыл Петерборда өткен ҰҚШҰ-ның жиынына қырғыз басшысы Садыр Жапаров бармай, ұйымның қырғыз бен тәжік арасындағы қақтығысты шешуге қауқары келмей отырғанын ашық аңғартқан.

Ал армяндар (Пашинян емес) мұндай аймақаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай отырған ұйымнан шығу турасында бастама көтергенін білеміз. Осылайша ҰҚШҰ айдай әлемге өзінің әркетсіздігімен әбден танылып, сүйкімсіз ұйым ретінде танылды.

Ал осындай ұйымға ұлтжанды азамат (мемлекетшіл деп енді айту артық болар) Имекеңнің тағайындалуы оның саяси салмағына көлеңке түсірері анық.

Имекең саясатқа оралу үшін ҰҚШҰ-ны пайдалануы мүмкін бе? Бұл енді бос қиял. Өйткені тарих екі рет қайталанбайды.

Ал осы ұйымның жаназасын тездетіп шығарса, онда тарихта қалуы ықтимал.
2.7K viewsedited  14:33
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 16:48:35 Тасмағамбетов ҰҚШҰ төрағасы болды

Оның ұйымға жетекшілік ететіні ресми хабарланды.

Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанынан айынан бері бос жатты.

Зейнетке шығуы шыққанмен ел арасында Имекеңнің саясатпен тым ертең қоштасқаны жайлы әңгіме толастаған жоқ.

Бертінге дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған Тасмағамбетов түнеукүні ғана ел-жұртты Тоқаевты қолдап, дауыс беруге шақырды.

Қазақтілді аудитория Тасмағамбетовтың қайратерлік қабілеті сарқылмағанына сенімді.

Сайлау қарсаңында Тоқаевты қолдауға үндеген Тасмағамбетовтың мәлімдемесі қазақтілді кеңістікте әлі де қызу талқыланып жатыр.

Осы мәселеге орай Dalainside-қа пікір білдірген саясаттанушы Дос Көшім: "Оның сайлауды пайдалана отырып, өзінің Тоқаевтың жақтайтынын жеткізуі - өзін қорғау рефлексі. Иманғали жақсы сөздерді жеткізе айта алатын жан.

Дәл осындай сөздер, кезінде, Назарбаевқа да сан рет айтылған.
Бұл - сатқындық емес. Билікте болған жандардың жел қай жақтан соқса, сол жаққа қисаюы. Бұған Нұрсұлтан ағамыз да ренжімейді. Ол кетті.
Енді билікке келген адамға өзінің құрметін көрсету керек.

Бізге бұл - тұрақсыздық сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл - тұрақсыздық емес, биліктегі тұлғаға құрмет көрсету деген биліктің жазылмаған заңы" деген болатын.

Мақұл, бұл өткен әңгіме.

Имекеңнің ҰҚШҰ-ға жетекшілік етуі Қазақстанға қандай пайдасын тигізеді деп ойлайсыз?...

https://t.me/dalainside
2.2K viewsedited  13:48
Ашу / Түсініктеме