Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-11-15 08:33:16 Kaspi мен Halyk Bank басшылары ұрсысып қалды

Алматыда Қазақстан Қаржыгерлерінің мерейтойлы Х Конгресі қызу өтуде. Қаржыгерлер қауымдастығы басшысы Елена Бахмутова өткізіп отырған "Қаржы саласының нақты секторды дамытудағы рөлі" пленарлы отырысында Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе мен Халық Банк төрайымы Үміт Шаяхметова сөз таластырып қалды. Екеуінің бәсекелес екенін біз де білеміз.

Дау - кәсіпкерлерге арналған кредиттер ставкасынан шықты. Үміт Шаяхметова Ломтадзеден "ИП-ларды қандай ставкамен несиелейсіз?" деп сұраған. Ол сұрақ Ломтадзеге ұнамады. Сөзден сөз шығып, аяғында Ломтадзе Шаяхметованы "қоғамдық пікірді өзінің мүддесіне қарай бұруға үйреніп алған" деп айыптады.

Жалпы, биылғы Конгресс жақсы өтуде. Цифрлі теңге тұсауы кесілді. Мамандар өз пікірлерін ашық айта бастады. "Назарбаев факторы" жойылғаны байқалады. Еркін пікірлер залда желдей есіп жүр.

https://t.me/dalainside
1.6K viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-11-14 17:32:48 Тоқаевқа қолдау білдірген Тасмағамбетов "Назарбаевтың төл өнімі" деген теңеуден ақыры арылды...

Имекеңнің бүгінгі мәлімдемесін мың құбылтудың, сан-саққа жүгіртудің жөні жоқ.

"Тасмағамбетов Тоқаевтың сөзін сөйлеп отыр. Мемлекет басшысының қасынан табылуға, қолтығынан демеуге даяр екенін аңғартты әрі ұзаққа созылған үнсіздікті бұзды. Үнсіздік ел ішінде қилы-қилы әңгіме, түрлі-түрлі қауесет туғызар еді...", – дейді Dalainside дереккөзі.

ТАС-тың калибріндегі саяси тұлғаның "қазаққа гармония жетіспейді" деуі де тегін емес. Бұл ТАС-тың тарапынан Назарбаев дәуіріне берілген баға.

Ескі жүйенің қазаққа қажетті 3 нәрсені (ертеңгі күнге деген сенімін, бала-шағасының амандығын, өзін бейқам сезінуін) қамтамасыз ете алмағанын меңзеген ол Тоқаевтың тұсында осы олқылықтың орны толарына сенім білдірді.

Экс-президенттің "төл өнімі" саналған Тасмағамбетовтың үлкен кісіге тоқталмауы - халықтың Назарбаевтан теріс айналғанын түсінгендіктен туған.

"Жаңа Қазақстан Тасмағамбетовке жылы қабақ таныта бастады. Ел оның пікіріне құлақ түреді, елегізіп отырады.
Тоқаевтың маңындағы азаматтардың Имекеңе қолқа салып, мәлімдеме жасауын өтінуі оның әлі де болса саяси салмағын жоғалтпағанын айғақтайды. Тоқаев? Тасмағамбетов оған бақталас емес. Қазақтілді орта оның саяси амбициясына қатысты алдамшы үміттен арылуы керек...", – дейді Dalainside дереккөзі.

Иә, бүгінгі үндеуінде Имекең саясаттың ауылына оралу туралы тіс жармады.

Өз кезеігінде қазақтілді аудитория Жаңа Қазақстанның саяси алаңынан Тасмағамбетовтың сырт қалғанын қаламайтынын әлденеше рет айтып, жоғарыға құлаққағыс еткен.

https://t.me/dalainside
411 viewsedited  14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-11-14 15:18:20 Гудбай, Путин! Неміс компаниялары Қазақстанға көшуге қамданып жатыр

Ресейдің соғысқұмар саясатынан түңілген неміс компанияларының назары - Қазақстанға ауды.

Өткен айда дәм-тұз тартып, Астанаға келген неміс Сыртқы істер министрі Анналена Бербок пен Смайылов үкіметінің келіссөзі сәтті болғанға ұқсайды.

Батыс компаниялары өндірісті Қазақстан мен Өзбекстанға көшіруге құлықты. Оның ішінде сіз бен біз секілді қарапайым халық тұтынатын өнімнің үлесі мол болады.

Еуроодақ демократия жолына түскен Тоқаев билігінен үлкен үміт күтеді.

Қазақстан президентінің батыл мәлімдемелері Батыстың Орта Азияға қатысты ұстанымын өзгерткен.

Соңғы кездері АҚШ/Батыс - Орта Азия форматындағы бірнеше маңызды мәжіліс ұйымдастырылып, оның соңы аймаққа Еуроодақ төрағасы Шарль Мишельдің келуімен түйінделді.

Ал Анналена Бербоктың сапарында Қазақстанның саяси реформалары сөз болып, неміс дипломаты еліміздің экономикасын "жаңа жобалармен" толықтыруға уәде етті.

Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан неміс компаниялары үшін таптырмас локация. Путиннің кесірінен логистикалық артериясы үзілген Батыс компаниялары соғыстың бүгін-ертең біте қалмасына көзі жеткен, тиісінше Ресейді құрсаулаған санкция да әлсіремейді.

Айтпақшы, Анналена ханым Елордаға жалғыз емес, немістің бір топ бизнесмені мен энергетика саласындағы сауатты мамандарын ерте келген.
Берлин Қазақстанның қазба байлығына мұхтаж, ал Астанаға неміс технологиясы ауадай қажет.

Батыс осы арқылы Бейжіңге тәуелділіктен арылуді көздейді. Сирек кездесетін метал өнімдерін Қытайдан таситын Еуроодақ бұған балама ретінде Қазақстанды қарастырып отыр. Қазақ билігі бұған қарсы емес, бірақ әлгі металды өндіретін қолы қысқа, қажетті технологиясы жоқ. Мінекей, неміс билігі осы олқылықтың орнын толтырмақ.

Бербоктың сапарында неміс компанияларын Қазақстанға көшіру туралы қызу әңгіме болған. Өткен 30 жыл бойы Ресейге ағылған неміс инвестициясы ақпаннан кейін кілт үзілген.

Батыстың 300-ге жуық кәсіпорны Қазақстан мен Өзбекстанға көңілі ауып, локациясын ауыстыруға буынып-түйініп дайын отыр.

Жаңа Қазақстан бұлардың 50 шақтысымен сөз байласып, тіркеуге тұрғызып үлгеріпті.

Алдағы жеті жылда елімізде жаңа жұмыс орындары құрылып, Батыс компанияларында жұмыс істейтін қазақтардың қатары көбейеді. Біз мұндай "экспанцияға" қарсы емеспіз.

https://t.me/dalainside
808 viewsedited  12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-11-14 13:20:43 Қауіпсіздік жастығы жоқ! Смайылов үкіметі көліктерге қойылатын талапты 90-шы жылдардың деңгейіне түсірді...

"Ел аумағында өндірілетін жекелеген көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту жайлы" 22 қазандағы үкімет қаулысы бойынша, енді Қазақстанда автокөлікті ең төменгі "Еуро - 0-ге" дейінгі экоталаппен шығаруға болады.

Бұл бойынша:

1. Қауіпсіздік жастығы
2. Антиблок жүйесі,
3. Тежегіш кезінде доңғалақты блоктамау тетігі,
4. Жедел қызмет шақырғыш құрылғысы болмаса да

көлік шығаруға рұқсат етіледі.

Смайылов қол қойған жаңа ереже 15-ші қарашадан бастап күшіне енбек. Биыл мамыр айында Ресей де осыған ұқсас шешім шығарған...

2021 жылы Қазақстан билігі Қостанай қаласында "Лада" көлігін шығаратын бірлескен зауыт салатынын хабарлаған.

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарына қарағанда, "жеңілдетілген комплектация талаптарының Hyundai сияқты шетелдік маркаларға қатысы болмайды.

Батыс елдерінде "Еуро-0" 1992 жылға дейін, "Евро-1" 1995 жылға дейін қолданыста болған.

Қазақстан "Еуро-2" стандартынан төмен көлікті елге әкелуге 2009 жылы тыйым салған. Одан бері жоғары халықаралық экологиялық талаптар қоя бастаған еді.

https://t.me/dalainside
975 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-11-14 07:46:36 Сайлау? Тасмағамбетов Тоқаевты қолдауға шақырды!

Ардақты отандастар!
Бұл жыл мемлекетіміз үшін ерекше қиын жыл болды.

Тарих куә, мұндай жағдайдан кейін көп елдер өз өзіне келе алмай, ондаған жылдарға тұралап қалады. Бірақ осыған қарамастан біздің халық, ауырлыққа майыспайтын ерік-жігері мен қаранардай қайыспайтын күшін көрсетіп, төрткүл дүниеге өзінің өркениетті өмірге деген хақын паш етті.

Кешегі аласапыранда ортақ үйіміздегі береке мен тыныштық та халқымыздың осынау даналығы мен бірлігінің арқасында, даралығы мен ірілігінің арқасында сақталды.

Еліміз үшін сол бір сындарлы сағаттарда Президент Тоқаевтың мемлекеттің ыдырауына жол бермей, тізгінді нық ұстап отырғанына баршамыз куә болдық. Сөз жоқ, бұл ұлт алдындағы, ұрпақ алдындағы орасан зор жауапкершілік.

Әрине, дәл қазір әрбір азаматымыз үшін ең маңызды мәселе не? Қарапайым, бірақ өте қажет үш нәрсе бар.

Ол: ертеңгі күнге деген сенімі, бала-шағасының амандығы, өзін бейқам сезінуі.

Бұл құндылықтардың қадірі, әсіресе, айналадағы қарулы қақтығыстар мен мән-мағынасыз қантөгістерді көргенде ерекше білінеді.

Міне, осындай алмағайып уақытта ел тізгінін санасына табиғаттың өзі дарытқан геосаяси көрегендігі, туған халқының мүддесін биік қоя алатын дипломатиялық ой-өрісі бар қайраткер, ең бастысы – мемлекеттің тағдыры үшін жауапкершіліктен тайсалмай, тік көтеретін тұлға ұстау керек. Өз басым бұл қасиеттердің барлығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бойынан көремін.

Сондықтан, бүгінгідей ел-жұртымыз үшін сындарлы уақытта мен Қасым-Жомарт Кемелұлын алдағы үлкен саяси науқан – Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда қолдауға шақырамын.

Азаматтарымыз туған ел алдындағы жауапкершілігін сезініп, жұмылған жұдырықтай ауызбіршілігін танытып, дұрыс таңдау жасайды деп үміттенемін.

Тұйық жолдан адастырмай алып шығатын да, қаратүнек қиындықты жарып шығатын да – бірлік! Осыны ұмытпайық, ағайын!

Иманғали Тасмағамбетов.

https://t.me/dalainside
1.4K viewsedited  04:46
Ашу / Түсініктеме
2022-11-13 18:49:02 Студенттерсіз Алматы. Мегаполис экономикасы оған дайын ба?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жоғарғы оқу орындарын Қонаев қаласына ауыстыру бойынша ұсыныс білдірген болатын. Осы ретте, бір жағынан Қонаев жастардың қаласы болады әрі өз дамуында жаңа кезеңге аяқ басады. Бірақ жоғарғы оқу орындарының оқу корпустарын, жатақханаларын салу үшін қыруар қаржы керек. Себебі әңгіме кем дегенде 150 мың адам туралы болып отыр. Олардың бәрі бір жерде тұруы тиіс.

Мысалы, 7 жыл бойы мемлекет барлық өңірлерде пәтер салып келе жатқан "Нұрлы жер" бағдарламасымен үй алғандар саны 100 мыңға да жетпейді. Ол бағдарламаға қыруар қаржы кетуде. Жер-жерде құрылыс болып жатыр. Сонда да, бүкіл құрылыс компанияларын жинаса да, шамалары жылына 7-8 мың пәтерге ғана жетеді. Сондықтан бар студент Қонаевқа бүгін-ертең үдере көшеді деуге келмейді.

Бірақ бізге қазір Қонаев қаласы емес, студенттердің Алматыға қалай әсер ететінін зерттеу маңызды

2022 жылы Алматыда 255 студент болды. Оның 175 мыңы сырттан келді. 80 мыңы алматылық жастар. Эмпирикалық тұрғыдан, сырттан келген студенттердің аймақтық жалпы өнімге деген әсерін санау өте маңызды. Орта есеппен, олардың бюджеттен айына 30 мың теңгедей стипендия алатынын ескерсек, бірақ қосымша, ата-аналарынан айына кем дегенде 80 мың теңге қаржылай қолдау түсіп отырғанын тіркесек, онда әр 175 мың студент Алматыға бір жылда 600 мың теңге әкеледі.
Сонда студенттер Алматы экономикасына жылына 105 миллиард теңге береді.

Осы экономикалық белсенділік пен ақша ағыны Қонаев қаласына кетсе, Алматы қатты зардап шеге ме?

Жоқ және ия

105 миллиард теңге - Алматының жылдық оборотының 1 пайызы ғана. Бірақ студенттер экономикалық белсенділік индикаторына жақсы әсер етеді. Себебі олар ақшаны әртараптандырып жұмсайды, мысалы: метро, интернет, тамақ, театр, концерт, киім, кино. Ал жұмыс істейтін отбасылық ересектерде ондай әртараптандыру жоқ және олар экономикада дисбаланс туғызады.

Сол себепті, студенттері бар қаланың экономикасы ұдайы даму үстінде болады.

https://t.me/dalainside
413 views15:49
Ашу / Түсініктеме
2022-11-11 16:42:31
Huawei Қазақстандағы Cloud сервис нарығын дамытуға ниетті. Біз бұдан не ұтамыз?  

Бұлтты технологиялар бүгінгі адамзат баласына таңсық емес. Ол ғылым мен білім, бизнес, медицина, экономика, медицина былайша айтқанда, қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп үлгерді.

Cloud-сервистің көмегіне жүгінетін шағын және орта кәсіпкерлердың қатары көбейіп келеді, мемқұрылымдар да осы технологияны тұрақты пайдалануға көшкен.

Отандық бұлтты технологияларды масштабтау, оның инфрақұрылымын әзірлеу айтуға ғана оңай. Ол үшін елдегі ІТ сектордың тыныш-тіршілігін електен өткізіп, сапалы бұлтты сервиске сұраныс қалыптастыратын компаниялардың көмегіне жүгінген абзал.

Бұл тұрғыдағы таңдау – жеке Cloud сервисі бар, инфрақұрылымы қалыптасқан, әлем бойынша мұндай инновация ендіруде мол тәжірибесі бар компанияларға түскені дұрыс.

https://t.me/dalainside
634 viewsedited  13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-11-11 12:59:08 QazaqGaz қазақ дизайнерлерін менсінбейді: Ресейліктерге қашанғы жалпақтай береміз?

Ресейлік дизайнер Артемий Лебедев жасаған QazaqGaz логотипінің төңірегіндегі дау басылмай тұр.

Ресейлік фирма қазақстандық ұлттық компанияның жеткізушілер тізіміне қалай кірген?!

Себебі: сатып алу ережелерінде қазақстандық жеткізушілердің басымдығы, ең жақсы бағамен жеткізушіні таңдау және қоғамдық бақылаудың ашықтығы қарастырылған.

Бұл «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының сатып алу жүйесінің тиімділігіне күмән келтіреді. Еске салайық, сатып алу жүйесін реформалау міндетін биылғы жылдың қаңтарында президент Алмасадам Сәтқалиев қойған болатын.

Сонымен қатар, Ұлттық әл-ауқат қоры жүйесінде әлі де болса «еншілес» компанияларға сатып алу үдерісін ережеден және тендерлік рәсімдерден тыс жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәжірибе бар екені белгілі. Бұл жай ғана ресми негіздер мен «Самұрық-Қазына» басшылығының тікелей келісімін қажет етеді.

Дәл осы «электрондық пошта арқылы сатып алу» тәжірибесі, тендерлік процедураларсыз және Қордың тендерлік алаңынан тыс, ұлттық компаниялардың басшылығына шетелдік жеткізушілерден қымбат қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибені ұлттық компанияларда жұмыс істейтін ресейлік менеджмент ресейлік компаниялардың мүдделерін лоббирлеу үшін де қолданады.

Басшылыққа жағымсыз жеткізушілерден қымбат қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін бұл тәжірибені түбегейлі тоқтату керек деп есептейміз.

https://t.me/dalainside
904 viewsedited  09:59
Ашу / Түсініктеме
2022-11-11 11:23:28 АҚШ енді Ресейді нарықтық экономикасы бар ел деп санамайды

АҚШ биліктің баға белгілеу және басқа да процестерге «кең араласуы» салдарынан Ресейді енді нарықтық экономика деп санамайтынын айтты. АҚШ Ресейге нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін осыдан 30 жыл бұрын берген болатын

АҚШ Сауда министрлігі демпингке қарсы шараларының бір бөлігі ретінде Ресейді нарықтық экономикасы бар ел ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы хабарлама АҚШ департаментінің сайтында жарияланды.

«Бұл шешім Америка Құрама Штаттарына Ресей үкіметінің ел экономикасына артып келе жатқан араласуынан туындаған нарықтық бұрмалауларды жою үшін АҚШ-тың демпингке қарсы заңдарының толық күшін пайдалануға мүмкіндік береді. Сауда департаментінің талдауы мемлекеттің экономикаға ауқымды араласуы Ресейде баға мен шығындардың бұрмалануын тудырғанын көрсетті, бұл ресейлік компаниялардың АҚШ импортына әділ баға белгілейтінін нақты көрсетпейді», - делінген хабарламада.

https://t.me/dalainside
1.0K views08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-11-10 07:10:54 Атом электр станциясын қазір салмаса, Қазақстан болашақта үлкен қиындықтарға ұшырайды

Себебі, қазір Қазақстан электр энергиясын көмір жағу арқылы алып отыр. Біраз уақыттан кейін, көмір жағатын елдерге Еуроодақ салық сала бастамақ. Яғни, мұнай сатуда қиналатын боламыз.

Жел мен күн энергиясын көбірек өндіре бастаймыз, бірақ олар өсіп келе жатқан экономика үшін тұрақты энергия бере алмайды. Тек жыртығымызды жабуға жетеді.

Биыл еліміздің энергия тапшылығы шамамен 4,6 миллиард кВт/сағатты құрайтын болады. Ал келесі жылы осы тапшылық ұлғая түспек. Осы орайда, тапшы электр энергиясын жабу үшін Ресейге деген тәуелділік күшейіп барады.

Бейбіт атом тығырықтан шығуға мүмкіндік береді. Ол - "жасыл энергия" деп танылып отыр. Себебі, 3 пен 3+ буынды реакторлар экологиялық тазалық және қауіпсіздіктің кем дегенде 7-ші деңгейіне шыққан. Яғни, жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, үстінен самолет құласа да ештеңе болмайды.

Қазір біздің қоғам бейбіт атомнан қорықпауы керек. Керісінше ол туралы көптеген мағлұматтар, талқылаулар жүруі тиіс. Барлық сұрақтарға жауап іздеу қажет.

DALA INSIDE тәжірибелі энергетик маман Жақып Хайрушевпен тілдесіп, елдегі атом перспективасы, АЭС не үшін қажет, қалай істеген дұрыс деген сұрақтарға жауап ала білді.

https://dalainside.kz/11/jana-qazaqstan/10/2022/715/
499 viewsedited  04:10
Ашу / Түсініктеме