Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-12-15 12:37:08
Крупных проектов с Россией в ближайшие 5-6 лет не останется – Эксперт

Прошло около десяти месяцев с тех пор, как идет вооруженный конфликт между Украиной и Россией. Это создало всесторонние прямые и косвенные трудности для экономики Казахстана. По словам эксперта Айбара Олжаева, Казахстан дистанцируется от России

В перспективе Казахстан при принятии транспортно-логистических решений будет учитывать риски, связанные с Россией. Это не очень хорошая новость для России. Так как есть риск попасть под санкции, мы не будем начинать новые крупные совместные проекты. Плоды всего этого станут известны через 5-6 лет. Потому что нынешние проекты заканчиваются до этого времени, и новые проекты больше не начинаются. Казахстанские предприниматели теперь делают крупные проекты с Китаем, Узбекистаном, Азербайджаном, Россия начинает вытесняться с рынка

Айбар Олжаев

Подробнее на сайте

@qaz365kz
380 views09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-12-14 21:00:56
Алматыдағы гүл жеткізу бойынша ең ірі дүкеннің бірі мемлекеттік тілде қызмет көрсетіңіз десе, “сіз аурусыз, сізге емделу керек” деп жауап қатыпты. Артынша инста сторисіне “жағдайды реттедік, енді посттарды қазақша да жазамыз” деп жазба салыпты. Бұларға қазақтың ақшасы жақсы да, тілі жаман ба?! Сәл шағым айтылса, кешірім сұрап шыға келеді, бірақ ішкі көзқарастары өзгермейді-ау.
438 views18:00
Ашу / Түсініктеме
2022-12-14 11:39:06 АЭС-ті қай мемлекет салғаны жөн

Алмаз Әбілдаев: "Бұл мемлекеттік тұрғыдан шешілетін мәселе ғой. Бірақ Түркия неге Ресейді таңдады? Себебі, Жапония мен Франция 42-44 млрд АҚШ долларын сұраған. Ал Ресей 22 млрд долларға салып, оған қоса мамандарды оқытады. Айырмашылық жер мен көктей ғой. Түріктер осының бәрін ескерді. Келесі жылы бір энергоблогы іске қосылады. Бұл АЭС 60 жылға дейін жұмыс істейді екен. Тіпті, 80 жылға дейін энергиямен қамтамасыз ететіні есептелген. Сонда мемлекет 20 жыл қаржысынан құтылса, қалған 40 жыл таза мемлекетке, халыққа жұмыс істейді.

Кейбір компания қағаз бойынша бәрін қатырамыз дейді. Шын мәнінде, тәжірибе жүзінде бір нысан жұмыс істеп тұр ма? Осы жағына көңіл бөлу қажет. Оның үстіне Қазақстан Германия сияқты бай мемлекет емес. Егер тариф бағасын 200-300 теңге қылатын болсаң, жапондарды шақырасың, 60 теңге болсын десең - Ресейді.

Тағы бір нәрсе – Росатом Беларусь мемлекетіне АЭС-ті қалай тез және арзан салып берді? Бұлардың да тәжірибесін зерттеу қажет. ТМД бойынша ең арзан жанармай, энергия көзі бізде екен. Мемлекет бағаны ұстап тұр. Көрші Өзбекстанда АИ-95 жанармайы – 500 теңге, Грузияда – 700, Түркияда – 880 теңге. Бұларда баға құбылмалы. 2025 жылы қаңтардан бастап Еуразиялық одақ аясында бірыңғай энергия кеңестігі күшіне енеді. Ол кезде баға бірдей болады. Сол себептен АЭС салар кезде түріктер сияқты прагматикалық тұрғыдан арзан әрі сапалы жағына мән беру керек шығар.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/14/2022/782/
348 views08:39
Ашу / Түсініктеме
2022-12-13 10:39:35
ЕСТЬ ИНФА О ДОГОВОРНОМ МАТЧЕ

Проходимость 100%
КФ 35.64

ВСЕГО 30 МЕСТ Быстрее забирайте @insider_kzbot
317 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-12-13 10:00:33 БУМ! АҚШ Киевке Ақ үйдің қорғанысында тұрған әскери техниканы жеткізеді

Батыстың Украинаға әскери көмегіне қатысты жағдай күрт өзгерді. Тіпті, кейбір одақтас елдер көктемде қақтығыстың өршуінен сескеніп, заманауи қару-жарақтарды ұсынудан аздап жүрексінген еді.

Алайда, қараша айынан бері Украинаның Харьков және Херсон облыстарындағы жетістіктерінен кейін мұнда Батыстан ағылған көмек саны да, сапасы да едәуір артты.

Dalainside HIMARS-тан өзге одақтастар беретін жаңа әскери техниканың (Батыс баспасөзіндегі жарияланымдар бойынша) тізімін жасады:

✣ Немістің «Гепард» типті өздігінен жүретін зениттік қондырғыларының әуе нысаналарына дәл тигізуде тиімділігі жоғары. Немістер украиндарды өздері оқытуды қолға алды. Тіпті, 2023 жылдың көктемінде тағы да жаңа партия беретінін жариялады.

✣ Мәртебелі Корольдік Әуе күштерінің негізін құрайтын британдық «Sea King» тікұшақтары. Бұлар да «Сүңгуір қайықтарды барлауға» маманданған әуе кемесін Украинаға беріп отыр.

M777 155 мм американдық гаубицалары ресейлік 152 мм-ге қарама-қарсы қасқайып тұра алады.

✣ Мәскеудің Ираннан алғанындай Камикадзе дрондарының бірнеше түрі жеткізілді.

✣ Әуе қорғанысы күштеріне қарсы жаңа «NASAMS» әуе қорғанысы ұшқышсыз ұшақтарды да, тікұшақтарды да атып түсіре алады.

Бұлар Ақ үйдің қорғанысында да тұр.

Айта кету керек, америкалықтар Норвегияда Украина қарулы күштерінің жауынгерлері үшін жаттығулар өткізді.

✣«Avenger» («Кек алушы») жоғары мобильді әуе қорғанысы дрондарға қарсы өте тиімді. Сондай-ақ, инфрақызыл көру және лазерлік тұрғыдан бағыттау алады. Кәдімгі «Стингерлер» сияқты жоғарыдағыны дәлдейді.

✣ «Hawk» («Ястребы») зенитті зымыран кешені «Стингерлерден» кейінгі шыққан буын. Осы америкалық зенитті зымыран кешенінің алғашқы партиясын Украинаға Испания беріп отыр.

Бұл басы ғана.

Батыс елдерінің Украинаға ұсынып жатқан көмегі әрі қарай жалғаспақ. Украина Қарулы Күштері 2023 жылдың көктемінде Пентагон белсенді пайдаланатын M26 зымыран қозғалтқышымен жабдықталған және 150 шақырымға дейінгі қашықтықта ұшырылатын GLSDB шағын диаметрлі бомбаларын алады.

Қазірдің өзінде батыс сарапшылары Украина Қарулы Күштерінің сәтті операцияларының жоғары жиілігі мен сапасын ерекше атап өтуде. Осыған қатысты пікірін бір сөйлемге сыйдырған Еуропалық халықаралық қатынастар кеңесінің (European Council on Foreign Relations) сарапшысы Камилла Гранд «Украинадағы бір күн Ауғанстандағы бір айдан артық», – деді.

https://t.me/dalainside
238 viewsedited  07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 19:06:16 Президент пен Премьер. Адам мен система. Соңғысы қайда барады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыстан шықты. Және оның ең бірінші көретін адамы Әлихан Смайылов болмақ. Ел Премьер-министрі экономиканың жағдайы мен өсіміне толық жауапты. Ал инфляция бойынша жауапкершілік (баға өсімі) Премьер мен Ұлттық Банк төрағасына теңдей бөлінген. Осы айда инфляция шарықтау биігінде - яғни 15%-да тұр.

Ұлттық Банктің өз тарапынан не істеп жатқаны түсінікті. Ол базалық ставканы 14,5%-ға көтерді де, нарықтағы артық ақшаны алып тастағысы келді. Экономиканы кредиттеу қарқыны онсыз да құлдырап жатқан еді. Оған себеп ставка емес, нарықтағы пессемизм болып отыр.

Ұлттық Банкқа қарағанда Үкіметке қиын. Шарасыздық белгілері байқалады. Базар да аралады, үйдің жанындағы дүкендерге де тиісті. Бұл баяғы КСРО кезінен қалған әкімшіл-әміршіл әдіс, бірақ қазіргі заманда оның мүлде жұмыс істемейтінін көріп отырмыз.

Үйдің жанындағы қай дүкен Үкімет айтты деп бағаны 15%-дан асырмай отыр? Ондағы сатушы тіпті Үкімет дегеннің не екенін, Премьер-министрдің аты-жөнін де білмейді.

Үкіметке жаңа креатив жетіспейді. Осы креатив кімде бар? Ешкімнен шыға қоймады. Баяғы бюрократия, бітпейтін жиналыстар. Халық бөлек, Үкімет бөлек. Смайылов жағдайды өзгерте ала ма? Ол да ескі шинельдің адамы. Басқаша жұмыс істегісі келетін де шығар. Бірақ қалай істерін білмейді.

Биылғы экономикалық өсімді біз мұнайдың қымбаттауынан аламыз. Бірақ өндірістің қайта-қайта тоқтауынан, Ресейдің құбыр ойындарынан шетелдік мұнай компаниялары зардап шеге бастады.

"Бәйтеректің" өз мандатын тастай салып, акционері рубльге көміп тастаған Сбербанкті құтқарамын деген әлегі мүлде түсініксіз болды. Соның салдарынан, жұмыс істемейтін мусор рубльді жинап алып, онымен не істерін білмей отыр. Ашық ақпарат жоқ, Сбербанкті сонымен ала ма, алмай ма, ол жағы да шешілмеді.

"Самұрық-Қазына" да ауада қалқып тұрып қалған шар іспеттес. Ол Үкіметке қарай ма, әлде Президент өзі басқара ма? Нақтылық жоқ. Экономиканың қозғаушы күші болғандықтан ондай холдингті логикаға сай тиісті мандаты бар Үкімет басқаруы тиіс. Бізде кезінде Назарбаев қалтасын күйттеп, холдингті өзіне қаратып алған еді. Сол ескі жүйе әлі қалып кетті. Есі дұрыс елде басқарушы холдингтерді Үкімет қарайды. Ал Президент одан жоғары болуы керек.

Экономикасы кенжелеген Талдықорған жақты бөліп тастаса да, Алматы облысы донорлар қатарына қосыла қоймады. Әкімдер баяғы ескі жүйеде - бюджетке заявка беріп, сол қаржыны керек/керек емес болса да игеріп тастау науқанымен жүр.

Үкімет Қазақстанды жыл санап қарызға тереңірек батырып келеді. Бар үміт Әлихан Смайыловта болған. Оған уақыт жетпей жатыр ма, әлде ниет жетпей жатыр ма, ол жағы белгісіз. Билік командасында экономиканы Әлихан Асханұлынан артық білетін адам жоқ. Ол бәрін біледі. Бірақ оған система мүмкіндік бермей, қолын байлап отырған сияқты.

Жаңа идея керек, жаңа жүйе керек. Адамдар ауысқаннан ештеңе өзгермейтінін соңғы ауыс-түйістер көрсетті. Қазір Смайыловтың орнына Склярды тағайындаса да, ештеңе өзгермейді. Тіпті Премьер жұмысқа бармай қойса да, система өзі жүре береді.

Бірақ осы система қайда бара жатыр? Осындай ең маңызды сұраққа кім жауап бере алады?

https://t.me/dalainside
110 views16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 19:06:16 Система туралы жазда жазған сараптамамыз өзектілігін жоғалтпады
112 viewsedited  16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 18:58:51
Мұхтар Жәкішев - жаңа энергетика министрі. Тоқаев кардиналды шешімге бара ала ма?

Бүгінгі Үкімет отырысында министрлер кабинетінің тағдыры шешілді. Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберетінін ыммен түсіндірді.

Смайылов керемет жаман болды деуге келмейді. Тура осыны Сағынтаев, Мамин, Масимов, Ахметов туралы айтуға болады.

Жаман да емес, жақсы да емес. Біздің ең үлкен проблемамыз, сынбай жатқан мұзымыз осы. Қатып қалған система. Оның ішіндегі актерлардың бәрі бірдей. Енді Сымайловтың орнына Досаев, не Қошановты әкеліп отырғызса тура сондай болады. Түк өзгермейді. Сол подход, сол докладтар, сол бюрократия.

Олар бәрі осылай тұра берсе екен деп армандаса да, біз іштен шіріп жатырмыз. Темірлер шіріп жатыр. Тіпті темір шыдамады. Бүкіл энергетика жүйесін ауыстыру керек. Құбырлар, қазандықтар, турбиналар, ТЭЦ-терді - бәрін ауыстыруға тиіспіз. Ал оған басқаша ойлайтын адам керек.

Сондықтан Жәкішевсіз іс бітпейтінін Президент түсінеді. Бірақ - ол қиын шешім. Бірақ - ол керек шешім.

https://t.me/dalainside
252 viewsedited  15:58
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 13:17:00 Күн мен жел иллюзия сияқты. Оның генерациясы Қазақстанға жетпейді

Соңғы жылдары елімізде энергия тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандар алдағы уақытта мұның зардабы еселенеді деген пікірде. Әсіресе, бұл мәселе 2030 жылға таман күрделене түспек. Тығырықтан баламалы қуат көздері де шығара алмайды. Неге?

Бізде күннен және желден тоқ өндіруге қауқарлы 70-тен астам станция бар. Алайда, энергия көзінің 1,5 пайызы ғана жаңартылған баламалы қуат көзіне тиесілі. Айталық, елімізде жел энергетикасының әлеуеті 920 миллиард киловатт сағатты құраса, судың техникалық жарамды әлеуеті 62 миллиард киловатт сағатқа жетеғабыл. Ал күн арқылы алынатын қуат көзіне келсек, мұны дамыту бойынша барлық мүмкіндікке ие оңтүстік өңірлерде жылына 2,5 мың, 3 мың сағат қана өндіріледі. Есесіне, электр көзін тұтыну мөлшері күрт артты.

Қазірдің өзінде электр энергиясы тапшылығы басталды. Біз тоқты Ресейден алып отырмыз. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бір жылда солтүстік аймақта электр энергия тұтыну мөлшері 8 пайызға, оңтүстікте 12 пайызға көбейген.

Мамандар мұның шешімі – баламалы қуат көздерін дамытудан бөлек, атом электр станциясын салуды жеделдету екенін нақ айтады. Басты себеп – энергия көзінің 70 пайызын көмірден алатынымызды ескерсек, кеңестік кезеңнен келе жатқан бұл станциялардың тозығы жеткен.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/12/2022/779/
226 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 08:56:52 «Құлаққа кірмейді». QazaqGaz-дың логотипін жасауға ардагерлер ұйымы Ресейге тапсырыс берген бе?

"QazaqGaz" ұлттық компаниясының су жаңа логотипін Ресейдің Артемия Лебедева студиясы жасады, – деп хабарлайды Protenge телеграм арнасы.

Ресейдің Артемия Лебедева студиясы Қазақстанның ұлттық компаниясының логотипін қаншаға жасағаны жайында ләм-лим деп тіс жармаған.

Protenge болса, "QazaqGaz" компаниясы бірнеше рет хабарласып, логотипті қаншаға жасатқаны жайында сұрау салғанда алпаут компания логикаға сыймайтын жауаптар қайтарған.

"QazaqGaz" келісім-шартқа сәйкес логотиптің бағасын үшінші тарапқа жария етуге тыйым салынатынын айтып, істі жылы жабуға тырысқан.

Ол мемлекеттік компания болғаннан кейін оның логотипті Ресейдің дизайнерлік студиясына қаншаға жасатқаны халықтың білуге қақысы бар. Егер QazaqGaz жеке біреудің компаниясы болса, оны ешкім мазаламас еді.

Қарапайым логотипті елімізде де жасауға болатын еді ғой. Бұл – Жаңа Қазақстан үшін жат қылық. Халықтың байлығына құрылған компания логотип жасауға қанша жұмсағанын жасырмай айту керек.

Компания Protenge телеграм арнасына ресейлік Артемия Лебедеваның студиясымен келісім-шартқа "QazaqGaz" ұлттық компаниясы мен Газ саласының ардагерлері кеңесі отырғанын айтыпты.

Бұл енді тіпті қызық болып тұр. Газ саласының ардагерлері кеңесі компанияның логотипін жасаумен емес ардагерлердің жағдайын жақсарту ісімен айналыспай ма?

Мұндай іспен әдетте компаниялардың маркетинг бөлімі айналысатыны белгілі. Егер ардагерлер кеңесі шыныменде компанияның логотипін жасауға тапсырыс берсе, мұнда бір шикіліктің бары анық.

QazaqGaz ресейлік дизайнерлік студиядан келісім-шарттың қаншаға бағаланғанын айтуды өтінгенмен, ресейлік студия бұдан бас тартыпты.

Сонымен қатар "QazaqGaz" компаниясы ардагерлердің қоғамдық ұйымына ешқашан қаржы аудармағандарын да алға тартқан. Демек, ардагерлер өз араларынан ақша шығарып, компанияның логотипін өзгертуге бекінген болды ғой.

Құлаққа кірмейтін әңгіме. @protenge осы істі соңына дейін жеткізгенше тоқтамақ емес.
721 viewsedited  05:56
Ашу / Түсініктеме