Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-12-07 14:57:05 Сақтандыру полисін оңай және арзан рәсімдеу: ол үшін не істеу керек

Жауын-шашын мен көктайғақ әдеттегідей қыс мезгілінде апат санының артуына себеп болады.
Мыңдаған автокөлік жүргізушілері, жолаушылар мен жаяу жүргіншілері жиі ауыр жарақат алатын кез аз емес.

Көлік құралы – жеңіл автомобиль, қоғамдық көлік немесе жүк көлігі жүргізушісінің жауапкершілігі қолданыстағы ережелер бойынша міндетті түрде сақтандырылады, алайда жаяу жүргіншілер, әдетте, жазатайым оқиға кезінде алған жарақаттардан қорғалмайды. Ал денсаулық - басты байлық.

Апат кезінде жарақат алған жағдайда сақтандыру полисін оңтайлы және тиімді бағамен рәсімдеудің жолын білесіз бе? Ең басты қадам – Home Credit Bank-ке жүгіну.

Себебі, банк тек жаяу жүргіншілерге ғана емес, сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне де сақтандыруды сатып алуды ұсынады. Жылдық сақтандыру құны - небәрі 19 900 теңге.

Бұл соманың ішіне не кіреді?

Сақтандыру мерзімі бүкіл әлем бойынша 24/7 режимінде 365 күнге жарамды;
Адам жарақат алған және ауруханаға жатқызылған жағдайда төлем мөлшері күніне 5 000 теңгені құрайды;
Ал көз жұмған жағдайда сақтандыру төлемінің сомасы 500 000 теңге мөлшерінде көзделген. Бұл ақшаны сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алады.

Тегін заң қызметтері бонус ретінде беріледі.
Мәселен, ауызша құқықтық кеңес сан жағынан шектелмеген. Ал сақтандыру шарты жұмыс істеп тұрған уақытта 1 рет жазбаша заң консультациясын алуға болады.
Заңгер сонымен қатар сақтандыру шарты аясында даулы құқықтық мәселелер бойынша 4 рет келіссөздер жүргізеді.

Сақтандыру полисін Home Credit Bank бөлімшелерінен ашуға болады.

"Құқықтық қорғау" сақтандыру бағдарламасы туралы толығырақ
Home Credit Bank сайтынан біле аласыздар.
1.3K viewsedited  11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-12-07 11:45:13
Айтқанымыз айдай келді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Dalainside Ахметовтың орнында қаларын болжаған.

""Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.

Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.

Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - деген болатын Dalainside дереккөзі.

https://t.me/dalainside
438 viewsedited  08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-12-06 19:47:32 Тоқаев Ахметовты орнынан қозғамайтын болды. Шығысқа шаруақор адам керек

Жаңа Қазақстан Даниал Ахметовтің потенциалы сарқыла қоймағанына сенімді.

"Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.

Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.

Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - дейді Dalainside дереккөзі.

Ахметов саяси интригадан аулақ жүретін, тиісінше саяси имиджіне нұқсан келтірмеген қайраткердің бірі.

"Өзін "Назарбаевтың өнімі" санайтын кейбіреулерше халық алдында қадірін кетірген кезі жоқ...

Ақорда Даниалдың халықтың ортасында жүретін қабілетін жоғары бағалайды. Оның сенім кредитіне селкеу түспеген", - дейді дереккөз.

Тәжірибелі шенеуніктің өңірдегі орыстілді аудиториямен түсінісіп, тіл табыса алатын мінезі де есепке алынған.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Ахметовтің жуыр арада орнын босатуы неғайбыл, ол Шығыс өңірді алдағы екі жыл шамасында басқарады.

Тоқаев Даниал мырзаны орнынан қозғамау туралы шешім қабылдаған. Ертеңгі тағайындаудың "тосын жаңалығы" да осы болмақ.

https://t.me/dalainside
1.1K viewsedited  16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-12-06 10:53:36 Қажыгелдиннің сенімді серігі Мәжіліске барады: Жаңа Қазақстан Бапиге депутаттық мандатты дайындап қойды

Алдағы парламент сайлауында Мәжіліс "мәдилерден" арылып, олардың орнына Ермұрат Бапи секілді мінезді азаматтар келеді.

Dalainside-тың мұндай болжам жасауына бірнеше себеп бар.

Президент сайлауына үміткерлердің тікелей эфирде өткен трэш-тогы кезінде Ермұрат Бапи Тоқаевтың өкіліне өткір сауал қойды. "Қазіргі басшы Назарбаевтың қателігін айна-қатесіз қайталап жүрмей ме?.." деген қаупін жеткізді.

Қошанов мұндай сауалдың қойыларын сезгендей, танымал журналиске (ДАТ-тың «Бас оқырманына») барынша ашық, толымды жауап қатты.

Ақорданың анау-мынау емес, сайлау алды дебатта биліктің оппонентін сөйлетіп, оған сауал қоятын мүмкіндік беруі – Жаңа Қазақстанның Бапидің санатындағы тұлғалармен тіл табысқанын аңғартады.

Ерекеңе Мәжілістен бір орын бұйырып тұр.

Бапидың есім-сойы Қазақстан билігі үшін 30 жылдан бері – "қара күйе". Ешбір шенеунік Бапиға жуымайтын. ДАТ-қа сұхбат бермейтін. ДАТ-ты тығылып қана оқитын.

Жаңа да әділетті Қазақстан Мәжілісті "мәдилерден" тазартуға мүдделі.

Қажыгелдиннің сенімді серігі журналистикада ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Есесіне Парламент Ерекең секілді тұлғаларға сусап отыр.

Бұған дейін Dalainside "Қажыгелдин мен Ақорданың хат-хабар алмасқанын" жазған. "Әкежан Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі" деген батыл болжам жасаған едік.

Қажыгелдиннің Қазақстандағы "көзі, құлағы һәм тілі" саналатын Бапидің Мәжіліске баруы Тоқаевтың саяси реформасын толықтыра түседі.

Бапи Парламентке барса не өзгереді дейтіндер бар шығар? Ендеше таратып көрейік.

Ермұрат Бапи 1998 жылдан бері билікке дүрдараз оппозициялық жолда. Назарбаев билігінің халықты қалай қанағанын, тонағанын, қазақты қалай теспей сорғанын жақсы біледі.

30 жылдан бері әділетсіз жүйемен баспасөз арқылы арпалысқан азаматтың Шерағаның заманынан бері ойсырап тұрған орынға отыратын кезі келгендей.

https://t.me/dalainside
254 viewsedited  07:53
Ашу / Түсініктеме
2022-12-05 17:40:21 Тоқаев-Мирзияев тандемі: Астана мен Ташкент әне-міне одақ құрады

Жаңа Қазақстан Тұран одағы туралы идеяны тірілтуге мүдделі.
Ел билігі түркі әлемін Ресейден төнетін қауіп-қатерге қалқан болады деп пайымдайды.

Түркітілдес аудитория да бір тудың астына бірігуге бейілді. Президент Тоқаевтың тұсында мұның алғышарттары әзірлене бастады.

Алдағы күндері Астана мен Ташкент одақтастық туралы тарихи құжатқа қол қоймақ.

Жаңарған, түрленген, толысқан құжатты Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек жеріне арнайы алып барады.

Ташкент Қазақстан президентін осы айдың ортасында күтіп алудың қамын жасауда.

Кіндік Азиядағы жетекші мемлекеттер одақтастық туралы келісімшартқа қол қоя отыра, саяси һәм экономикалық әріптестікті әрі қарай да тереңдете түспек.

Құжатта бөтен мемлекеттердің агрессиясына бірлесіп төтеп беру туралы маңызды тармақ бар.

Технология дәуірінде бөгде елге басып кіріп, ойран салатын жабайы елдердің саны санаулы. Соған қарап-ақ аталған тармақтың нақты кімге бағытталғанын бағамдай беріңіз.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы алғашқы келісімшарт осыдан 24 жыл бұрын әзірленген. Көнерген құжаттың тезистері қазіргі геосаяси ахуал мен одан туындайтын қауіп-қатерге төтеп бере алмайтыны анық.

Назарбаев пен Кәрімов дәуірінде құжатты қайта қарауға деген қажеттілік болмады.

Тараптар бауырластық байланыстың өрісін кеңейтуге құлық танытпады.

Ақордаға жақын Dalainside дереккөзінің мәлім еткеніндей құжатты қайта қарау, стратегиялық әріптестікке жаңаша серпін беру, тұтастай алғанда одақтасу туралы ұсыныс Тоқаев тарапынан түскен. Бұл жолғы келісімшарт алдыңғысының олқылықтарын толықтырып, әзіргі аумалы-төкпелі ахуалды есепке алған.

Астана мен Ташкенттің одақ құруына даңғыл жол ашатын келісімшарт 90-ға тарта тармақтан тұрады, ол саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани кеңістікті тегіс қамтыған.

Су жаңа құжатта энергетика және қорғаныс саласындағы әріптестікке құмбыл көңіл бөлінген.

Екі елдің біріне жау шапқан жағдайда тараптар жұдырықтай жұмылып, агрессордың арынын басатын шара қабылдайды.

«Мемлекеттің қастерлі құндылығы саналатын бас еркіндігі мен территориялық тұтастығына, жер қойнауындағы қазба байлығына көз алартатын сырт күштерге тараптар бірлесіп төтеп береді» делінген құжатта.

https://t.me/dalainside
1.0K viewsedited  14:40
Ашу / Түсініктеме
2022-12-05 13:15:26 Балқаштағы АЭС: оның көл суына ешқандай әсері болмайды

Dalainside.kz Қазақстанда салынатын атом электр станциясының қауіпсіздігі бойынша сериялы зерттеу жүргізіп келеді. Кезекті тақырып – Балқаш суына қатысты.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері Асуан Сиябековтың айтуынша, АЭС-те радиоактивті қалдықтар сыртқа шықпайды. Бірнеше контур болады. Сол контур бойында салқындатылады.

«Біз суды не үшін қолданамыз? Ең алдымен реакторды салқындату үшін. Бұл суды тоғандардан, жанындағы көлден аламыз. Контурдағы құбырмен жүретін су көл немесе тоғандағы сумен жанаспайды. Сондықтан «радиоактивті қалдықтар Балқаш көліне құйылады» деген пікір дұрыс емес», - дейді, атом саласының маманы.

«Екіншіден, су буланады, қайнап кетеді дегенді де естіп жүрміз. Олай болуы мүмкін емес. Бәрі есептеулі. Су жылына 0,04 пайыз мөлшерде ғана буланады. Бұл өте аз. Сол себептен Балқаш көлі қайнап, тартылып, ішіндегі жәндіктер, балықтарға әсер етеді деген де шындыққа жанаспайды»

Бір қызығы, шетелдегі АЭС-терде үнемі балық аулаудан жарыс өткізіледі екен. Басты мақсат - балық аулап, оған дозиметрлік тексеріс жүргізеді. Соның нәтижесінде дозаның мөлшері асып кеткен жоқ па, суға радионуклидті қалдықтар тараған жоқ па, бәрін тексеріп балықты суға қайта жібереді.

Бір тоқетері, заманауи, жаңа технологияны арқау еткен АЭС салынып, жұмыс істесе Балқаш көліне ешқандай қауіп төнбейді.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/05/2022/737/
1.3K viewsedited  10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-12-05 11:22:35 16,75%. Қазақстан жаңа базалық ставканы қарсы алды

Ұлттық Банк базалық ставканы 0,75 пайызға, қаржыгерлер тілімен 75 базисті пунктке көтерді. Енді автоматты түрде кредит қымбаттап, ал депозит тиімді бола түспек. Шамамен депозит мөлшерлемелері 18,25% көрсетуі тиіс.

Қазақстан халқы ақшаны құрту моделінен кетіп, жинақтау үлгісіне толық ауыса ма? Бізде қазір 19,4 триллион теңге депозит бар. Оның 35,5 пайызы долларда. Базалық ставканың өсуі дедолларизацияны күшейтіп, доллардағы салымдар үлесін азайтуы тиіс. Тиісінше теңге салымдары көбейеді.

https://t.me/dalainside
360 viewsedited  08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-12-05 08:46:19
HAVAL H6 кроссовері Қазақстанға келді

Mycar Almaty автоорталығында Great Wall Motor концернінің бестселлері Haval H6 моделінің асыға күткен тұсаукесері өтті. Танымал кроссоверді брендтің ресми дистрибьюторы – Haval Motor Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) таныстырды.

Haval H6 тұсаукесері мини-мюзикл форматында өтті. Great Wall Motor Eurasia маркетинг жөніндегі директоры Кэрол Тян таныстырудың ерекше форматына қатысты былай деп пікір білдірді:
«Әрине, техникалық параметрлер мен жүріс сипаттамалары – бұл болашақ көлік иесі ең бірінші кезекте назар аударатын жайт. Бірақ біз автокөліктің мінезін, біздің дизайнерлеріміз модельді әзірлеген кезде оған салған эмоциялар мен стильді де көрсеткіміз келді. Сондықтан тұсаукесерлеріміз үшін әрқашан жаңа форматтар іздейміз».

Автоорталықтарда HAVAL H6 үш жиынтықтама нұсқасының бірін таңдауға болады: Comfort, Premium және Tech Plus. Бағасы 12 990 000 теңгеден басталады.

Қосымша ақпаратты haval-motor.kz сайтынан ала аласыз.

https://t.me/dalainside
892 viewsedited  05:46
Ашу / Түсініктеме
2022-12-04 12:38:28 Базалық ставка - 17%. Дайынбыз ба?

Бизнес демін ішіне тартты: ертең Ұлттық Банк базалық ставка бойынша шешімін жариялайды.
Және ол өсуі мүмкін. Инфляцияны тоқтата алмай жатырмыз.

Қарашаның қортындысы бойынша биылғы жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. Бұл аз емес. Инфляциялық күтулер бойынша сауалнама ешқандай позитивті жаңалық әкелмеді. Біз жыл аяғына дейін инфляцияның 20 пайыздық қызыл қызығын аттап өтуге жақын қалдық.

Бұл ретте - қазіргі 16% базалық ставка тиімділік пәрменінен айрылады. Сол себепті, ертең Ұлттық Банк комитеті өз отырысында радикалды шешімдер саясатын жалғастырады деген болжам - барлық сарапшылардың аузынан шығуда. 17% немесе одан да көп базалық ставка - ертең жарияланатын шешімнің ең ықтималы болып тұр.

Саяси аспектіні де жоққа шығара алмаймыз. Президент инаугурациядан кейін Ұлттық Банк төрағасын қайта тағайындауы тиіс. Қазіргі төраға - Ғалымжан Пірматовтың статусы автоматты түрде "уақытша міндетін орындаушыға" ауысып отыр. Пірматов кандидатурасы бойынша шешімге инфляцияның ықпал етері сөзсіз. Президент инфляциямен күресте Ұлттық Банк орындаған шараларды дұрыс деп санай ма, бұрыс деп санай ма - әңгіме сонда.

Базалық ставка бойынша жаңалықты ертең білетін боламыз. Ал Ұлттық Банк төрағасы бойынша жаңалықтың қашан шығатынын ешбір инсайдер айта алмады.

https://t.me/dalainside
320 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-03 08:47:04 Батыс Путиннің түзелмесін түсінді. Кремльді сойқан санкциялар күтіп тұр...

Dalainside Британ үкіметіне қарасты Қаржылық санкциялар басқармасының (OFSI) есебін сүзіп шықты.

Біз мынадай парадокске куә болдық...

Лондон осы кезге дейін сөз жүзіндегі санкциямен (немесе имитициямен) айналысып келген.

Ел билігі Кремльдің астамшыл әрекетін айыптағанмен, оны тежеуге тырыспағаны, керісінше кейбір қылықтарына көзжұмбайлықпен қарағаны мәлім болды.

Британ билігі Путиннің паранойя дейтін айықпас ауруға шалдыққан тым кеш түсінген тәрізді.

Ресейлік активтердің жаппай бұғаттала бастауы ақпан айымен тұспа-тұс келген.

Ресей Украинаға басып кірген мерзімнен күні бүгінге дейін Ұлыбритания Мәскеудің 1200 бай-бағланына санкция салған.

Тағы 33 ресейліктің дүние-мүлкін тәркілеуге лицензия берілген.

Дәл осы аралықта 18,39 млрд фунт стерлингке бағаланған Ресей активінің аузына құлып салынған.

Бұл 2014 пен 2021 жылдың аралығындағы барлық санкциялардан 41000 пайызға (!) көп.

Әлгі аралықта бұғатталған ресейлік активтің құны бар болғаны 44, 5 млн фунтты құрапты.

Демек, Киевті үш күнде басып алуды жоспарлаған ақпан айына дейін Путиннің мұртын балта шаппай келген.

Оған бағынышты олигархтар Мәскеу мен Лондонның арасында емін-ерік қатынап, британ астанасындағы зәулім сарайларында сауық-сайран құрған. Енді бұл дәуір келмеске кеткелі тұр.

Британ билігі OFSI -дың құзіретін кеңейтіп санкциялардың ауқымын ұлғайтқалы отыр.

"Ресейден алыс жүр" деген ескертуді елемеген британ компанияларына ақшалай айыппұл салынады.

Ресейге шындап шүйліккен басқарма жыл соңына дейін штат құрамын күрт көбейтіп, қызметкер санын 100 адамға жеткізбек.

OFSI директоры Джайлз Томсон: "Кремльге салынған санкциялардың мүмкіндігі сарқылған жоқ. Экспорттық, импорттық тыйымдар, визалық, транспорттық шектеулердің көкесі әлі алда", - дейді.

Ақпан айынан бері Ресейден 1500-ға жуық трансұлттық компаниялар кетіп тынған. Бұл үрдіс үдей түспесе, бәсеңдемейді. Ресейді оқшаулау тенденциясы қарқын алады.

Санкциялардың шалығы Жаңа Қазақстанды шарпып өтпей ме? Бізді осы мәселе мазалайды...

https://t.me/dalainside
106 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме