Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-11-19 13:28:23 Турлов-2. "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев Ресей азаматтығынан бас тартты

Бұл туралы ресейлік Форбс жазады. Қанат Шарлапаевтың Ресей азаматтығынан шығу туралы өтінішін Ресей президенті Владимир Путин арнайы жарлығымен қанағаттандырған. Шарлапаевтың 2017 жылы Мәскеуде дүниеге келген қызы да Ресей азаматтығынан шығып кеткені белгілі болды.

Шарлапаевқа Ресей азаматтығы Саратов облысында туғандықтан автоматты түрде берілген болатын.

Енді Шарлапаевта Ұлыбритания азаматтығы қалды. Ол Қазақстан азаматы емес. Себебі, Қазақстан қос азаматтыққа заңмен тиым салады. Бірақ ұлттық холдингті шетелдік менеджер, басқа азаматтығы бар адам еш қиындықсыз басқара алады. Мысалы, "ҚазМұнайГазды" Крис Уолтон әдемі басқарып отыр.

Шарлапаевтың "Бәйтеректегі" көзге түскен тірлігі - санкцияға ілінген Сбербанкты сатып алып, Bereke қылып өзгертуі. Bereke bank SDN санкция тізімінен жыл аяғына дейін шығуы мүмкін. Олай болса, Шарлапаевті Bereke bankті қайтадан нарықта сату бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

Қазір "Халық банк" төрайымы Үміт Шаяхметова Bereke bank-ке ақпараттық шабуыл жасай бастады. Ол өткен Қаржыгерлер Конгрессінде "пруденциалды нормаларды орындамайтын банктің жұмыс істеуіне мемлекет неге көз жұмып отыр?" деген мәселе көтерді. Сбербанктің тірілуі Халық банкке ұнамайтыны түсінікті.

Сонымен, Шарлапаев. Bereke bank осы менеджердің не берекесін келтіретін, не берекесін қашыратын шаруа болып тұр.

DALA INSIDE дереккөзінің ойынша, Шарлапаев Қазақстанда мәңгі-бақи жұмыс істеуді жоспарлап отырған жоқ. Негізгі ойы - тарихи отанына әдемі жобалар жасап беріп, аз уақытта елдің батасын алу. Және ұмытылып бара жатқан қазақшасын жөнге келтіру. Ал оның өзіне халықаралық қаржы астаналарында, мысалы Лондонда, болмаса Сингапурде жұмыс істеп, осындай ғаламдық атмосферада жүрген қатты ұнайды. Негізі, біздің пікірімізше, Қазақстан Шарлапаев үшін тым провинциалды, тар нарық сияқты.

Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқарма төрағасы қызметіне 2022 жылдың ақпанында келді. Бұған дейін ол Citibank Russia-ның Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, Citibank Kazakhstan-ның аға вице-президенті қызметтерін атқарды.

https://t.me/dalainside
800 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-11-18 23:59:10 Цифрлі теңге - ол қандай болмақ?

Ертеңнен бастап еліміздің жаңа қаржылық технологиясы - цифрлі теңгені тәптіштеп түсіндіреміз.

Ол бәрімізге келеді. Сондықтан толық білген жөн.
504 viewsedited  20:59
Ашу / Түсініктеме
2022-11-18 23:57:14 Бинур Жаленов-Цифровой тенге.pdf
507 views20:57
Ашу / Түсініктеме
2022-11-18 07:59:49
Киноға 2 тегін билет! Кино емес, концерт, театрға барамын десеңіз оны да алып береміз. Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!

Құрметті оқырмандарым! Ол үшін не істеу керек? "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыз. Ссылкасы төменде. Бүгін сағат 18-00де сол жерде викторина ойнатылады. Қатысыңыз, себебі жолыңыз болады!

https://t.me/uidezhatpa
903 views04:59
Ашу / Түсініктеме
2022-11-17 12:47:49
Қазақтар ресейлік дінтанушының елге келуіне қарсы шықты!

Путиннің шапқыншылығын қолдайтын ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов Астанаға жол тартыпты. Мұны естіген қазақтілді орта өре түрегелді.

Соғысты ақтап отырған Аляутдинов Астанадағы бизнес-форумда дәріс оқымақ.

Қазақстандағы саяси сауатты аудитория дінтанушының елге келуіне үзілді-кесілді қарсы.

"Миллиондаған оқырманы бар Аляутдинов Ресейдің басқыншы саясатын жақтайтын, Батыс мен Зеленскийді жағы талмай жамандайтын Путиннің қолшоқпарына айналды. Қантөгісті қолдап отырған адам Қазақстанға кірмеуі керек.

Мұндай адам қазақтың жастарына не үйретпек, имам ретінде қандай уағыз айтпақ?", – дейді көзі ашық, көкірегі ояу қауым.

Айта кетелік, 4 желтоқсанда Астанада «Жаңа шынайылық» атты ауқымды форум өтеді.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, форумға белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, блогер Бейбіт Әлібеков пен ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов қатыспақ. Билет құны 200 мың теңгеге жетіп жығылады.

https://t.me/dalainside
883 viewsedited  09:47
Ашу / Түсініктеме
2022-11-17 12:06:04 Әрекетке берекет: Шетел инвесторлары Қазақстанға ағылуда

Әйгілі Ernst & Young қаржы нарығын сараптау компаниясы Орта Азиядағы инвестиция құюға сұранып тұрған ең тартымды елдің атын айтты.

Қазақстан аймақтағы конкуренттерін кейін қалдырып, осы рейтингтің көшін бастаған екен.

Ташкент? Жо-жоқ, инвестор таңдауы - Астанаға түсіп тұр.

Британ компаниясының сарапшылары ойланып-толғана келе осындай тоқтамға келіпті.

Әлбетте, ойланып-толғанумен шектелмегені анық, аймақ елдерінің қаржы нарығы мен экономикалық саясатын сүзгіден өткізгені сөзсіз.

Сұрау салған инвесторлардың 71 пайызы Смайылов үкіметімен сөз байласып, әлдеқашан іске кіріскенін мәлімдепті.

Тоқаевтың тұсында жасақталған қаржы-экономикалық пул пандемиядан кейінгі тығырықтан шығу жоспарын жедел әзірлеп, инвесторлардың елге келуіне жол ашқан.

Қазақстан экономикасына үйіп-төгіп ақша құйып жатқан top төрттік келесідей:

АҚШ
Қытай
Ресей
Түркия


Тоқаевтың тұсында Астана мен Анкараның арасындағы алыс-беріс әлдеқайда жақсарған.

Тағы бір жағымды тенденция:
Жаңа Қазақстанмен уағдаласып жатқан кейінгі буын инвесторлар елдің қазба-байлығына қызығып отырған жоқ.

Соңғы екі жылдағы инвестицияның едәуір бөлігі елдегі жаңартылатын энергия көздерімен байланысты жобаларға бағытталған.

Бұдан бөлек, шетел бизнесі Қазақстандағы қызмет көрсету саласы, соның ішінде тағам өнеркәсібіне қыруар қаржы салған.

Нәтижесі: 2019-2021 жылдың аралығында осы салада ең көп жұмыс орны құрылыпты.

Елдегі химия өнеркәсібі де шетел ақшасының игілігін көруде.

Ernst & Young-тың мәліметі бойынша өңірлер арасында Алматы облысының инвестициялық белсенділігі мықты.

Соңғы екі-үш жылдағы шетел инвестицияның сүбелі бөлігі (20 пайызы) осы облыстың еншісіне тиген.

Одан кейінгі орында Ақмола облысы тұр (15 пайыз).

Алматы облысының қолайлы климатын ұнатқан шетел инвесторлары сіз бен біз жиі тұтынатын тауар өндірісіне аямай ақша салыпты.

Өңір басшылығы мұнымен шектелмей инвесторларды туризм саласына қаржы құюға үгіттеп жатқан жайы бар.

https://t.me/dalainside
1.0K viewsedited  09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-11-16 13:12:31
Шыңғысханның тегіне қатысты дау Тоқаевты да шаршатса керек.

Президенттің пайымымен келісесіз бе?
1.3K views10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-11-16 09:07:45 Тоқаев: Президент? Ол жалдамалы менеджер ғана. Халықтан асқан қатал сот жоқ...

Мемлекет басшысы Алматы сапары кезінде президенттің қоғамдағы орны мен қызметіне қатысты пікір білдірді.

«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды.

Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды.

Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік.

Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді», – дейді ол.

https://t.me/dalainside
1.4K viewsedited  06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 17:52:56 Украинаның барлау қызметі Қазақстанға айып тақты. Біз не бүлдірдік?..

Қазақстан мен Өзбекстан Ресейге өндірістік мақсаттағы, бір жағынан қару-жарақ жасауға да жарай беретін компоненттерді саудалап отыр.

Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігіне қарасты Барлау қызметі мәлімдеді.

Агенттік өкілі Вадим Скибицкийдің айтуынша 80 мың сарбазынан айырылып, әскери техникасының күлі көкке ұшқан Ресей өзі секілді автократ елдерден етегін жасқа толтырып, көмек сұрауда.

Заманауи қару-жараққа зәру Кремль бұған дейін Иранның алдына барып, алақан жайған, кейіннен Солтүстік Корея мен Қытайдың есігін қаққан.

Ал Қазақстан мен Өзбекстан билігі астамшыл, агрессор елге Батыс санкцияларын айналып өтуге септесіп отырған жайы бар.

Сөй деген Скибицкий құдай сүйер қылығы жоқ Кремль көсемімен ауыз жаласқан елдерді санкциямен жазалауды сұрауда.

«Мәскеуге Ираннан алдыратын отты қару аздық етуде. Олар Қытай мен Солтүстік Кореяны жағалап, майдан даласында жалаң қолмен шайқасып, жалаңбұт жүрген әскеріне қол ұшын созуды сұрап отыр. Дәл осы бұйымтаймен қырғыз билігіне шығып, Жапаровты қолқалаған. Мәскеу Бішкектен «Смерч» мен «Ураган» секілді зымыран кешендеріне қажетті оқ-дәрі сұраған», – деді Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында.

Украин барлаушысы Қазақстан мен Өзбекстанның Батыстың көзін ала бере Ресейге болысып отырғанын айтады.

«Астана мен Ташкент санкция салдарынан мүсәпір күйге түскен Мәскеуге өндірістік мақсаттағы, алайда қару-жарақ жасауға да жарай беретін компоненттерді саудалап отыр. Бұлардың басым бөлігі аталған елдерге Америка мен Жапониядан жетеді. Мәскеу азаматтық, тұрмыстық мақсаттағы компонеттерді қажетіне жаратып, оларды ракета құрастыруға қолдануда», – дейді Скибицкий.

Украин барлаушысы Кремльдің заманауи қару-жарақ жасайтын потенциалы таусылған деп пайымдайды, осы себепті өзге елдерден көмек сұрауға мәжбүр.

https://t.me/dalainside
1.7K viewsedited  14:52
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 13:46:49
Қазақ жастарының IT индустриядағы идеясын жүзеге асыруға жәрдемдесеміз – Huawei

Huawei компаниясының «Seeds for the Future» оқыту бағдарламасының аясында еліміздегі жетекші университеттердің студенттері инновациялы технология мен АКТ (ақпараттық коммуникация) саласында білімдерін шыңдап, соңынан марапатқа ие болды.

«Seeds for the Future» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті.

Бұл – жоба жас студенттердің АКТ мен жоғары технологиялар саласындағы дайындығын күшейтіп, білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған.
Huawei компаниясы өзінің халықаралық бағдарламасы арқылы жас қазақстандық мамандардың жасанды интеллект, 4G және 5G технология, бұлтты есептеу, интернет саласы бойынша білімдерін кеңейтуге жол ашты.

Сонымен қатар, жобаға белсене қатысқан жастар арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтарды да табыс етті.

https://t.me/dalainside
1.5K viewsedited  10:46
Ашу / Түсініктеме