Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаевтың Париж сапары сәтті болды: Франция Әбләзовті саяси ба | DALA INSIDE

Тоқаевтың Париж сапары сәтті болды: Франция Әбләзовті саяси баспанадан айырды

Ескі де жаңа Қазақстанның ежелгі дұшпаны атышулы Әбләзовқа француз билігі 2020 жылы саяси баспана берген.

Босқын статусына ие болған экс-банкир қисынды-қисынсыз аргументтерді үйіп-түгіп, ел билігінің жүйкесін жұқартқан еді.

Былтыр Париждің қала кеңесі Әбләзовті әлгі статустан айырған. Бұған Мұхтардың БТА банктегі былық-шылығы, нақтыласақ алаяқтықпен айналысып, үлескердің ақшасын үптегені себеп болған.

Әбләзов соттың шешіміне қарсы келіп, апелляция берген. Қос бірдей қымбатты заңгер жалдаған экс-банкир күні кешеге дейін соттың соңғы әрі ақырғы жауабын күтіп келді.

Жауап бүгін жетті: Әбләзовтің арыз-шағымы кері қайтарылып, сот шешімі күшінде қалды.

Тоқ етерін айтқанда, Париж Мұхтарды саяси баспанадан айырды. Заңға сәйкес Франция Әблязовты өз жерінен күштеп шығаруы тиіс, оны Қазақстанға аттандырып жіберуі де ғажап емес.

https://t.me/dalainside