Get Mystery Box with random crypto!

Тәуелсіздікке қатер төндіреді! Өзбектер 'газ одағына' қосылуда | DALA INSIDE

Тәуелсіздікке қатер төндіреді! Өзбектер "газ одағына" қосылудан бас тартты

Өзбектер Ресей президенті Путин ұсынған "газ одағына" қосылудан үзілді-кесілді бас тартты.

Бұған дейін Кремль көсемі Астана мен Ташкентті осы одаққа қосылуға үгіттеген болатын.

Өзбектер Путиннің пиғылынан сезіктеніп отыр, олар мұны тәуелсіздікке қатер төндіретін қадам деп санайды.

Өзбекстанның Энергетика министрі осы мәселеге нақты нүкте қойып, "Ресеймен арада газ келісіміне отырсақ та, бұл одақ құрғанымыздың белгісі емес" деді.

Оның атап өткеніндей Ташкент газ импортында бірқатар елдермен коммерциялық қарым-қатынас орнатқан.

Ресей газын Қазақстан арқылы жеткізу жолдары талқыланған, бірақ бұл "техникалық құжат", соған бола одақ құру қисынсыз.

"Көгілдір отынға бола тәуелсіздікті саудаламаймыз. Саяси бопсаның жетегіне ермейміз...", - дейді Мирзияевтің өкілі.

https://t.me/dalainside