Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-11-09 12:23:51
Huawei компаниясының «Seeds for the Future – 2022» жаһандық бағдарламасы бойынша еліміздегі 30 студентті оқытуды бастады

Қазақстандық жастар әлемдегі студенттермен бірге АКТ саласындағы білімдерін арттыруға және инновациялық технологиялар бойынша халықаралық сертификат алуға мүмкіндік беретін Huawei компаниясының «Seeds for the Future – 2022» оқыту бағдарламасы бойынша білімін шыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері 4G және 5G технологиялары, заттар интернеті, бұлттық шешімдер, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік сияқты озық технологиялар мен шешімдерді зерделеу бойынша халықаралық бағдарламаға қатысады.

Huawei компаниясының «Seeds for the Future – 2022» бағдарламасына қатысушылардың қатарына техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына қызығушылық танытатын еліміздің жетекші университеттерінің үздік өкілдері кіріп отыр.

https://t.me/huaweimediatalks
436 viewsedited  09:23
Ашу / Түсініктеме
2022-11-07 19:50:34
Әйелдер? Олар баласын бақытты ететін адамға дауыс береді...

"Аналар кеңесінің" төрайымы Нәзипа Шанай ханым сөй деп тұжырым жасапты.

Аналардың таңдауы кімге түседі деп ойлайсыз?

https://t.me/dalainside
448 viewsedited  16:50
Ашу / Түсініктеме
2022-11-07 13:05:33 Қазақстан мұнайының алтын дәуірі өтіп кетті ме?

2022 жылдың қортындысы бойынша қауіпті трендке тап келетін боламыз. Ол Қазақстандағы мұнай өндірісінің жыл сайын қысқаруы. Біздің тарихи рекорд - 90 миллион тонна мұнайға тек 2019 жылы қол жеткіздік.

Содан бері мұнай өндіруді азайтып келеміз. 2021 жылы – 87,5 млн тонна өндірсек. 2022 жылға қойылған жоспар – 85,7 млн ​​тонна. Оның өзі қысқаруы мүмкін. Себебі Каспий құбыр консорциумының бітпейтін проблемалары, Қашағанның жөндеуден өту үшін жартылай тоқтағаны біздің өндірістік көлемге кесірін тигізуде.

Осы ретте, 2030 жылдан кейін әлем бойынша мұнайдың позициясы әлсірейді деген болжамдардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Бірақ әлем сутегіге өтсе де, Қазақстан тасада қалмайды. Қазір Ақтау мен Каспий мұнайдың емес, сутегінің ошағына айналуға әрекет етуде.

https://t.me/dalainside
662 views10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-11-04 18:48:10 АҚШ-қа барып, кәсіпкерлікпен үлкен жетістікке жеткен Думан Ерқанат мырзаның білімділігі, табанды еңбекқорлығына әбден риза болдық.

Толағай табыс тілейміз!
Білімге, еңбекке ұмтылған қазақтың жастары аман болсын!

https://adyrna.kz/post/136418
282 views15:48
Ашу / Түсініктеме
2022-11-02 14:10:34
Теңге күшеюін қарашаның ортасына дейін жалғастыра алады

Максимумдар жаңармайды, бірақ тренд теңгенің күшеюі бағытында келеді

Салық аптасы (валюталық выручканы теңгеге айырбастау) мен базалық ставканың 16 пайызға өсуі ұлттық валютаға дем беріп отыр. Бүгінгі КАSE сессиясының қортындысы бойынша теңге 460,56 USD/KZT деңгейіне тұрақтады. Ал айырбастау бекеттері долларды 468 теңгеден қабылдап, 464 теңгеден сатуда.

Екі апта конвертация кезеңін көреміз және базалық ставканың өсуінен теңгелей салымдарға деген қызығушылық артты. Ол долларизацияны кері бұра алады. Бұл ретте Ұлттық Банкке интервенция жасамауға жақсы мүмкіндік пайда болды және нарық тұрақтала бастады.

https://t.me/dalainside
871 viewsedited  11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 14:44:07 Ақшаны теңгемен қалай тиімді сақтау жолдарын айта отырайық

Бүгін Home Credit Bank банктік депозит сертификаттарын алушыларға арналған «Екі еселік пайда» акциясын бастады. БДС сатып алушыларға, сомасына қарай банк түрлі бағалы сыйлықтар тарту етеді:

9 000 000 теңгеден 14 999 000 теңге сомасына БДС алсаңыз - Samsung Galaxy A03 Core смартфонына ие боласыз;

15 000 000 теңгеден жоғары сомаға БДС алсаңыз –Lenovo немесе HP ноутбугын сыйлыққа аласыз.

Акция шарттары қандай?

Сыйақы мөлшерлемесі: теңгелей жылдық 17,5% (нарықтағы ең жоғары сыйақы)
Шарттың мерзімі – 12 ай
БДС сомасы 500 мың теңгеден басталады. Оны банк бөлімшелері мен мобильді қосымшада да ашуға болады
Сыйақы БДС ұстаушының шотына ай сайын аударылады *

* Маңызды! Сыйақы ағымдағы шотқа немесе дебет картасына аударылады. Төленген сыйақыны клиент кез-келген уақытта қалауынша жарата алады.

БДС-тың банк депозитінен айырмашылығы – мерзімі біткенше ақшаны шеше алмайсыз және толықтыра алмайсыз. Сертификат ашқаннан кейін мерзімді тосу керек. Себебі, мерзімінен бұрын шарт тоқтатылса сыйақы төленбейді.
Егер, шартты уақытынан бұрын бұзсаңыз, онда сіздің БДС сатып алған сомаңыз шарт бұзғаннан бастап 31-ші күнтізбелі күні қайтарылады.

Акцияға кімдер қатыса алады?

Жеке тұлғалар – ҚР азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар

* БДС - атаулы, эмиссиялық емес бағалы қағаз. Ол банк салымы болып саналмайды және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ тарапынан кепілдендірілмейді.

Өз арманына үздік сыйақы мөлшерлемесімен ақша жинап, және ол үшін бағалы сыйлық алу - Home Credit Bank тарапынан берілген тамаша тарту.

Осы тиімді ұсынысты 2022 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін пайдаланып қалыңыздар!

https://home.kz/kk/others/deposit-certificate
75 viewsedited  11:44
Ашу / Түсініктеме
2022-11-01 09:25:00 Қазақ тілі «тілдер иерархиясының» жүздігінен шығып кетуі мүмкін бе?

Бүгін әлемде 5000-7000-ға жуық тіл бар. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын өлі тілдер қатары көбейіп жатыр. Қазақ тілінің әлемдік және мемлекеттік деңгейде жай-күйі қандай Дүниежүзілік рейтингте нешіншіміз?

Қазір әлемде мойындалған 200-ге таяу мемлекет бар. Бір өкініштісі, осыдан 10-12 жыл бұрын әлемдегі кеңінен қолданылатын тілдердің жүздігінде шамамен 70-ші орында болған қазақ тілі кейбір рейтингтерде 89 орынға сырғыған. Керісінше, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кеңінен дамуы тиіс тіл неге мұндай күйге түскен?! Халықаралық зерттеулер қаншалықты бейтарап? Мұндай кері кету үрдісі орыс тіліне де тән. Сарапшылардың алдағы уақытта орыс тілінің орнын әлемдік рейтингтерде түрік тілі басады деген болжамы бекер емес.

Жалпы, жүздікке төрт түркі тілі кіреді: әлемдік тілдерді зерттейтін Еthnologue анықтамалығының дерегіне сенсек, бұл жүздікте түрік тілі – 20 орында, өзбек тілі – 54 орында, әзірбайжан тілі – 82 орында, қазақ тілі – 89 орында. Бір қызығы, әлемдік рейтингте қазақ тілін қолданушылар саны 12 934 060 адам, яғни, «native speakers» ретінде көрсетілген. Ал Әзірбайжанның халық санағы бойынша, елде 10 млн астам адам тұрады, ал тілді қолданушылар саны 13 813 750 деп көрсетілген. Яғни, сырттағы әзірбайжандарды да санаған. Енді қараңыз, 2009 жылғы әлемдік зерттеулерде қазақ тілін білетіндер саны 17,8 млн адам деп көрсетіліп, онда Қазақстаннан бөлек, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанда тұратын қазақ саны ескерілген. Әлбетте әр елдің өз саясаты бар. Бұл тұрғыдан Ресей мен Қытайда тұратын қазақтардың статистикалық көрсеткіштері бұрмалаланады деп талай жазылды. Өкінішке қарай, бауырлас елдерде де мұндай үрдіс жоқ емес. Тіпті, мемлекеттік саясатқа сәйкес, ұлтын өзбек деп көрсетуге мәжбүр болған қандастарымыз қаншама?! Неге америкалық зерттеушілер соңғы статистикалық мәліметке сырттағы қазақ санын кіргізбеген? Жалпы, Қазақстан үкіметі сырттағы қазақтың санын біле ме? Бұл да бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.

Қазақстандағы жағдай қалай?

Әрине, билік те, қоғам белсенділері де Қазақстан дербес мемлекет болғалы тілдің ахуалы әлдеқайда жақсарды дейді. Шынтуайтында, басқа посткеңестік елдерге қарағанда Қазақстанда орыс тілінің бұрынғы империя тілі ретіндегі ықпалы әлі де жоғары әрі оның іс жүзінде іс-қағаз, саясат, бизнес тілі боп отырғаны жасырын емес.

Жақында қоғамда үлкен резонанс туғызған «Мухоряпов дауы» да тілдің қаншалықты ауыр да өзекті тақырып екенін көрсетті. Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде «Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам» деген еді. Яғни, мемлекет, үкімет үшін елдегі 20 млн халықты қазақша сөйлету – уақыт күттірмейтін мәселе болуы тиіс. Ал қолданушылары 20 миллионға жеткен тілдер жоғарыдағы рейтингтің Топ-жетпістігінде жүр.

Соңғы санақ қазақстандықтардың 80 пайызының мемлекеттік тілді меңгергенін аңғартты. Мемлекеттік тілді меңгермеген адам саны – 3 426 306 адам, оның ішінде орыс диаспорасының қатарында 2 млн 113 мың адам тілді меңгермесе, 708 мыңнан астамы қазақша сөйлейтінін жеткізіпті. Бірақ күнделікті қазақ тілін 262 мың орыс қана қолданады екен. Сол сияқты қазақтың 11 млн 861 мыңнан астамы тіл білсе, 45 мыңнан астамы ана тілін білмейтінін ұят болса да мойындаған, бірақ 7 млн 550 мың қазақ азаматы тілді күнделікті қолданады.

Тілдің жағдайын қалай жақсарта аламыз?

Біздің Президент, Үкімет, Парламентке ұсынысымыз, мемлекеттік тілдің Қазақстан мен жалпы әлемдік рейтингтердегі жай-күйін жақсарту үшін қазақ тілін қолдайтын халықаралық ұйым қажет-ақ. Мәселен, Францияның Франкофония ұйымы, Түркияның Юнус Эмре институты, Германияның Гете институты, т.б. тілді дамытудың, мәдени байланыстарды тереңдетудің ең айшықты мысалдары боп саналады.

Байқауымызша, қазір әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың тыңдармандары мен фанаттары қазақ тілін интернет арқылы үйреніп жатыр.

Неге осы үрдісті барынша қолдамасқа? Сіз не ұсынар едіңіз?

Жазба авторы: Камшат Тасболат
Сілтеме: https://www.facebook.com/100004251301120/posts/pfbid029rDeDeP7kDUVDKqJ4zwncaYFMto61Q1nt7WJQcNvMgEofB1nhXoUAGpMPH3AeJJQl/
350 viewsedited  06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-10-31 17:01:47 Қазақ тілінің мазмұнын байытуға қызмет етіп жүрген “Мазмұндама” жобасы туралы не білеміз?


821 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-10-30 11:47:07 Chevron Қазақстаннан жақсы табыс ала бастады

Шеврон биылғы үшінші тоқсанның қаржылық қортындысын шығарды. Американ алпауыты осы кезеңде 11,2 миллиард доллар таза пайда көрген. Оның 2 миллиард доллар табысы Қазақстаннан, яғни "Теңізшевройл" біріккен кәсіпорнынан түсіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, таза пайданың 18 пайызы Қазақстаннан келді.

Шеврон биыл осы үш тоқсанды қосқанда 29,1 миллиард таза пайдаға кенелді. Егер Қазақстанның үлесін 18 пайызбен есептесек, онда биылғы жылдың 9 айында Қазақстан бағыты Шевронға 5,2 миллиард доллар пайда әкелді.

Фьючерс нарығының тұрақталғанын және КТК құбырының осы қарашада толық жұмыс істей бастайтынын (Энергетика министрлігі осылай деп ант-су ішіп отыр) ескерсек, Теңізшевройлдың соңғы тоқсандағы табысы биылғы рекордты жаңартуы тиіс. Сонда Қазақстан мұнайы Шевронға биыл минимум 7-8 миллиард доллар таза табыс беретін болады.

Бұл біздің Ұлттық Қордағы бар ақшаның 16 пайызы.

Теңізшевройл тек Шевронға ғана пайда әкелмейді. Біріккен кәсіпорынның 20 пайызы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы арқылы мемлекетке қарайды. Онымен бірге, ТШО барлық салықтарын Қазақстанға төлейді және бір өзі жыл сайын біздің бюджеттің 40 пайызын береді.

Осы тұрғысынан - Шевронның Қазақстанда болуы Шевронға да, Қазақстанға да өте тиімді болып отыр.

https://t.me/dalainside
1.4K viewsedited  08:47
Ашу / Түсініктеме
2022-10-28 13:17:09 Home Credit Bank теңгедегі депозиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені 17,5%-ға дейін өсірді

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейлі банктерге депозит мөлшерлемесін көтеру бойынша ұсыныс білдірді.

Чехиялық Home Credit Bank – отандық банктердің ішінен алғашқылардың бірі болып, ұсынысты жүзеге асырып отыр. 29-шы қазаннан бастап, Home Credit Bank депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша 17,5% көлеміндегі ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлемені бекітеді.

Сонымен қатар, банк жыл басынан бері төртінші рет «Простой» депозиті бойынша жаңа салымшылар үшін ғана емес, өзінің бар клиенттеріне мөлшерлемені автоматты түрде көтеруде. Оның үстіне, банк тарапынан мөлшерлемені көтеру Депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасынан кейін келесі күні автоматты түрде жасалады.

Бұл жолы «Простой» депозиті бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 15,5%-ға дейін өсті. Депозиттерді банк филиалдарында ғана емес, Home Credit Bank мобильді қосымшасында немесе веб-сайтында да онлайн ашуға болады.

https://home.kz/kk/deposits
1.9K views10:17
Ашу / Түсініктеме