Get Mystery Box with random crypto!

DALA INSIDE

Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE D
Telegram арнасының логотипі dalainside — DALA INSIDE
Арна мекенжайы: @dalainside
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.97K
Арнадан сипаттама

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті 27.05.2022ж. KZ38VPY00049688 Куәлігі
Стоимость рекламного поста 100 000 тенге
Работаем с агентствами

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-12-21 18:31:24 Қазақ пен өзбек нақты не істеп жүр?

Қазақстан мен Өзбекстан көрші елдер. Осы екі мемлекеттің қандай ортақ тірліктері бар? Осындай сұрақ жиі туындайды. Ал ақпарат өте аз.

Қазіргі таңда екі ел арасында 38 ортақ жоба бар. Көбісі - өнеркәсіптік кооперация. Оның шеңберінде 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ал жалпы құны 2,2 миллиард доллар.

Осы 38 жобаның 10-ға жуығы жүзеге асырылды. Олардың ішінде Шымкенттегі «Альянс» ТПК тоқыма фабрикасы», Саранда Хово жүк көлікьерін шығаратын «QazTehna» ЖШС пен «UzTruck&BusMotors», Өзбекстанда ашылған Hyundai дилерлік орталықтары, Өзбекстанда автоклавты газдалған бетон жасайтын «ЭКОТОН-ШАРҚ» фирмасы бар.

Қазақ-өзбек жылдық тауар айналымы 5 миллиард доллар. Бұл әлеуеті жоғары екі ел үшін тым аз. Сондықтан оны 10 миллиард долларға көтеру мақсаты тұр. Егер арамызда газ саудасы жүретін болса, ол межеге жетуге болады.

https://t.me/dalainside
991 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 08:16:14 Адам және реактор. Бізде АЭС-ті білетін адам бар ма?

Қазақстан атом реакторымен жұмыс істей алатын мамандар дайындауды белсенді түрде қолға алды. Түрлі тәжірибелі реакторлардың елімізде бұған дейін де, қазір де жұмыс істеп жатқанын ескерсек, отандық мамандардың атом реакторын басқаруға әлеуеті де, біліктілігі де жетеді.

DALA INSIDE «Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері Асуан Сиябековпен осы тақырып аясында сөйлесті.

Оның сөзінше, елімізде атом саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 20 мыңнан асып жығылады. Бірақ олардың барлығы реактор маманы емес.

«Атом дегенде бұл реакторлар ғана емес. Мәселен, Курчатов қаласында Ядролық орталық бар. Бірақ орталықта атом энергетикасымен емес, ғылыммен айналысатын мамандар жұмыс істейді. Алматы қаласында Ядролық Физика институты бар. Мұнда ЖОО-дан кейін білім мен кәсіби білігін шыңдауға үздік мамандар жіберіледі. Өзіңізге мәлім, Қазақстан уран қазба байлағының көлемі бойынша әлемде бірінші орын алады. Оңтүстігімізде де уран кеніші бар. Соның барлығын қоса есептегенде, біздің саламызда бүгінгі таңда 20 мың адам еңбек етіп жатыр», - дейді, Асуан Сиябеков.

Ал АЭС салынып, қолданысқа берілген жағдайда кадр тапшылығы деген мәселе болмайды. Өйткені, алдын-ала есеп бойынша, АЭС құрылысына 7-8 мың адам жұмылдырылса, ал салынып біткен соң онда тұрақты түрде жұмыс істейтін 2 мың адам қажет болады. Ал сол 2 мың адамның ішінде 20 пайызы, демек 300-400-і ғана атом реакторы, ядролық энергетика бойынша жұмысқа тартылады. 2 мың адамның ішінен үздік 300-400 маманды іріктеп алу қиынға соқпайды.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/21/2022/802/
124 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 18:03:52 Димаштың Астанадағы перформансы: әйгілі әнші Путин агрессиясын тоқтатуға шақырды

Астанадағы медиафорумда сөз сөйлеген Димаш Құдайберген соғысқұмарларды сын садағына алды.

Әншінің айтуынша қантөгісті қалайтындар мыңдаған жанды өлімге айдаған.

Халықтың ойын бұрмалап, арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген мемлекет басшылары бар.

"5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген. Бұл өкінішті жайт адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермегенін көрсетеді.

Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы, руханияты құлдырап жатыр.

Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде.

Өз амбицияларын жүзеге асыру мақсатында мыңдаған жандарды өлімге айдап, ел мен елдің арасына сызат түсіріп жатқан соғысқұмарлықты қалай тоқтатамыз? Ол үшін не істеуіміз керек?

Адам өмірін адам өлімімен құтқару ешқандай да құтқару емес, ол – сылтау!", – деді әнші.

Орта ғасырдың өлшемімен ойлайтын Кремль Димаштың мәлімдемесін жауапсыз қалдырмасы анық. Ертеңгі күні қазақ әншісіне Ресейге кіруге тыйым салынса таң қалмаймыз.

Димаш орыстың сахнасына мұхтаж емес!

https://t.me/dalainside
770 viewsedited  15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 07:03:21 Қазақстан өзінде салынатын АЭС технологиясын таңдаудың алдында тұр

"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС-ның Жоба басқару жөніндегі бас менеджері Әсет Махамбетовтың айтуынша АЭС-ті салып беретін компаниялар олардың тілінде «вендор» деп аталады. Әлемде алты вендор ғана бар. Қазақстан сол алты вендордың қазіргі заманғы реакторларының жобалық ұсыныстарымен танысып шықты. Талдай келгенде, мүмкін жобалардың тізімі қысқарып – тек төрт вендор ғана қалды. Олар - корейлік KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Росатом» және француздардың EDF компаниясы.

Ендігі міндет - осы төртеудің ішінен бір вендорды таңдап алу. Әсет Махамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта отандық мамандар аталған төртеудің тәжірибесін зерделеу үшін сапарлар ұйымдастырылып, нәтижесінде өз қорытындыларын ұсынуда.

«Қысқа тізімдегі ядролық-энергетикалық жабдық өндірушілерінің тәжірибесін зерделеу аясында біздің мамандар биылғы маусым айында Оңтүстік Кореяға, шілдеде Францияға және Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясына, ал қыркүйекте Венгриядағы «Пакш» АЭС-не сапар жасады. Әлеуетті ұсыныстар мен халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде, әр санаттағы ең жақсы шешімдерді таңдауға мүмкіндік беретін жабдық өндірушілер мен мердігер компаниялардың халықаралық пулын тарту неғұрлым орынды болып табылады. Әлемде АЭС салу бойынша ағымдағы жобаларды іске асыру тәжірибесі бұл тәсіл салынып жатқан станциялардың көпшілігі үшін пайдаланылатынын көрсетеді», - дейді Әсет Махамбетов.

Ал, вендор таңдалғаннан кейінгі жұмыс сатысы – мамандарды әзірлеу. Яғни, қазақтың атомшы мамандары таңдап алынған реактормен жұмыс істеудегі біліктілігі мен білімін жетілдіреді.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/20/2022/799/
304 views04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 06:59:26 Баспасөз бостандығының әлемдік индексі: "Козачков оқиғасынан" кейін Қазақстан Солтүстік Корея бастаған топқа түспек

2022 жылы Қазақстан "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы дайындайтын "сөз бостандығының рейтингінде" 180 елдің ішінде 122-ші сатыда келе жатқан болатын. Біздің көршілеріміз Бенин, Танзания сынды елдер болды.

Бұл - тым нашар көрсеткіш. Мысалы, демократиясы да, экономикасы да дамыған елдердің барлығы жоғарғы орында тұр. Рейтингте Норвегия, Дания, Швеция сынды мемлекеттер көш бастап келеді.

DALA INSIDE дереккөзі мәліметінше, журналист Михаил Козачковтың тұтқындалуынан кейін, "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Қазақстанды осы рейтингте бірнеше сатыға бірден төмен түсіру бойынша консультациялар өткізбек. Онда "сөз бостандығы нашар" деген категориядан, еліміз "тым нашар" деген санатқа, яғни Солтүстік Корея мен Түркіменстан бастаған елдер компаниясына ауысатын болады.

Сөз бостандығы индексі - халықаралық методология бойынша елдің инвестициялық климатына тікелей әсер ететін 7 параметрдің біріне жатады. Сондықтан 2023 жылы Қазақстанның инвестициялық климаты нашарлайды деп топшылауға толық негіз бар.

Өткен аптада Қаржылық мониторинг агенттігі құқық қорғау органдарындағы былықтар туралы жазатын журналист Михаил Козачковты тұтқындаған болатын. Бүгін Бас прокуратура осыған қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында", - деп жазады, Бас прокуратура.

Адвокаттар Козачковтың үйін тінту кезінде Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлерінің заңды өрескел бұзғанын хабарлаған болатын. Бас прокуратура осы жағдайды тексермек.

https://t.me/dalainside
349 views03:59
Ашу / Түсініктеме
2022-12-19 10:57:58 МАГАТЭ мен Қазақстан. Ядролық қарудан бас тартқан мемлекетке халықаралық ұйымның көзқарасы қандай?

АЭС жобасына келгенде, кез келген мемлекет жеке-дара шешім қабылдай алмайды. Оған қойылатын халықаралық стандарттар мен өзіндік талаптар бар. Оның барлығы сақталмайынша, еш мемлекет АЭС құрылысына өздігінен кірісуге қақы жоқ. Мұндай стандарт пен талаптарды бүгіндері Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ реттейді.

МАГАТЭ-нің Қазақстанға көзқарасы өте жақсы. Себебі, еліміз ядролық сынақ полигонын жапты, жоғары байытылған уран өндірісін жойды және ядролық қарудан бас тартып өзін әлемге паш етті. Қазақстан 1993 жылдан бері МАГАТЭ мүшесі.

Елімізде 2017 жылы МАГАТЭ-нің тікелей бақылауымен жұмыс істейтін аз байытылған уран банкі ашылған. Бұл - атом өнеркәсібіндегі ғаламдық үдерістерден Қазақстанның шеткері еместігінің, ажырамастығының үлкен нышаны. Енді АЭС құрылысын қолға алу жоспары аясында да МАГАТЭ-мен әріптестік одан ары қарай нығая түспек.

"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС-ның Жоба басқару жөніндегі бас менеджері Әсет Махамбетов елімізде АЭС құрылысы жобасының талқылауы басталған сәттен бастап тура осы мәселеде Қазақстанның МАГАТЭмен тығыз әріптестік қарым-қатынасы бірден қолға алынғанын айтады.

"Қазақстанда Балқаш көлі маңында АЭС салу мәселесі 1997 жылы қаралған болатын. Осы жобаны қарау кезінде АЭС-тің орналасуы бойынша аудан параметрлерінің қолайлылығын МАГАТЭ-нің арнайы миссиясы қарап, растаған. Одан кейін 2016 жылы қазақстандық тараптың шақыруы бойынша МАГАТЭ еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу өткізді. Миссия қорытындысы бойынша, МАГАТЭ арнайы есеп дайындады".
https://dalainside.kz/12/manyzdy/19/2022/796/
1.0K views07:57
Ашу / Түсініктеме
2022-12-18 16:01:55 Қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты ұстады

Ол Болат Назарбаевтың "оң қолы" саналған Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына рейдерлікпен айналысуға көмектескен деп күдіктелуде.

Dalainside агенттіктің ресми түсініктемесін сығымдап ұсынды.

Қоспаев бастаған рэкеттер танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алу алмас бұрын Козачковтың "көмегіне" жүгініп, өз құрбандарына ақпараттық шабуыл жасаған.

Козачков бұл іске органда қызмет істеген досы Бурхан Жансейітовті тартқан.

Соңғысы қылмыстық топтың сойылын соғып, құрбандарын қаралайтын компромат жинаған.

Жансейітов Козачковтың арнасын қылмыстық топтың талабына бейімдеп, журналистің жазбаларының астына ОПГ-ның басқа мүшелерімен бірігіп, нысанаға ілінген кәсіпкердің үстінен негатив пікір ұйымдастырған. Бұған қарсы келген қолданушыларды бұғаттап отырған.

Козачков-Жансейітов тандемінің Қоспаевтан 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденіпті деп жазады, ҚМА.

Қоспаев жетекшілік ететін ОПГ осы күнге дейін біраз бизнесменді қан қақсатқан.

Атап айтқанда кәсіпкер Әбдіғаппаровтың "Есентай сити" жобасындағы үлесіне ортақтасқан,
тағы бір кәсіпкердің шыны ыдыстар шығаратын зауытын иемденіп алған.

Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақалаларды топырлатқан.

Журналист бұдан бөлек Елдостың інісі Айдос Қоспаевтың жазадан жалтарып кетуіне жәрдемдескен.

Бұдан басқа, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

https://t.me/dalainside
1.3K viewsedited  13:01
Ашу / Түсініктеме
2022-12-18 12:42:29 Қазақ Назарбаевты ұмытпасын

Жаңа жылдан кейін отандық блогосферада (фейсбук, ютуб, телеграм) Нұрсұлтан Назарбаевтың кезіндегі еңбегін әспеттейтін пиар кампания жүретін болады. Оны кезінде тұңғыш президенттің арқасында байыған отандық олигарх (Форбс тізімінің алғашқы ондығында) қаржыландырмақ. Бұл - "жұрттың бәрі Назарбаевтан теріс айналып жатқанда, мен ондай иттік жасамаймын" деген олигархтың азаматтық позициясы болып отыр.

Пиар кампанияның концепциясы дайын. Ол жаңа жылдан бастап, 6 шілде - Назарбаевтың туған күніне дейін жүрмек.

Негізгі 3 месседж төңірегінде посттар жазылатын болады:

1. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады;
2. Назарбаев елдің барлық шекарасын заңмен бекітті. Әсіресе Қытайды көндіре білді;
3. Назарбаевтың кезінде ешқандай ірі қақтығыс/трагедия болмады. 30 жыл тыныш өмір сүрдік.

Кампанияның басым бөлігі қазақша болады. Ал оның таргетті жарнамасы украин мамандарына тапсырылды.

https://t.me/dalainside
3.2K viewsedited  09:42
Ашу / Түсініктеме
2022-12-18 08:21:50 КТК мен Қашаған тұралатты. Биыл Қазақстан өзі жоспарлаған мұнай көлемін өндіре алмайды

2022 жылы еліміз 87,5 миллион тонна мұнай өндіруі тиіс еді. Жыл басында Энергетика министрлігі осындай жоспар бекіткен.

Сәуірде КТК терминалындағы «қызық дауылдарға» байланысты жоспар 85,7 миллион ​​тоннаға дейін кеміген. Енді жыл бітуге екі апта қалғанда Энергетика министрлігі жоспарды 84-85 миллион тоннаға дейін тағы төмендетіп отыр.

Тіпті сол 85 миллион тоннаға жетеміз дегенге де үлкен күмән бар. Ол үшін екі аптада біз 5 миллион тонна мұнай өндіру керекпіз. Ондай рекорд бізде бұған дейін болмаған. Болуы да неғайбыл. Сонда шамамен біз - 84 млн тонна межесін көрсететін сияқтымыз.

2023 жылы біз "90 миллион тонна мұнай" деп жоспар қойыппыз. "Мақтаған қыз бен той" әңгімесі тағы да қайталанбаса жарар еді.

https://t.me/dalainside
902 views05:21
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 07:38:24 НТВ, "Россия-1", "Первый канал", РЕН ТВ пропагандистік Ресей арналары Қазақстаннан кетеді

Ресми Астана келесі жұмыс аптасында елімізде НТВ, "Россия-1", "Первый канал", РЕН ТВ сынды төрт ресейлік телеарнаны хабар тарату лицензиясынан айыру бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар өткізбек.

Бұл туралы, DALA INSIDE сенімді дереккөзі хабарлады. Ол талқылауға Президент аппараты, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат министрлігі, цифрландыру ведомстваларының өкілдері жиналады.

Оған себеп - Еуроодақ тоғызыншы санкция аясында, аталған телеарналарды лицензиясынан айырып, олардың хабар таратуына тиым салды. Қазақстан бұл пропагандистік телеарналардың жұмысына шектеу қоймаса, де-юре Еуроодақ санкцияларын бұзды деп есептелмек.

Тек мемлекеттік емес, коммерциалық сектор да Ресей телевизиясын шектей алады. Оның алдында "Beeline Қазақстан" өз пакетінен ресейлік арналарды алып тастаған болатын. Бірақ сол кезде оған иелік ететін ресейлік "Вымпелком" компаниясы арқылы, Ресей билігі өз телеарналарын хабар тарату пакетіне күштеп қайтарған еді. Енді "Beeline Қазақстан" Ресейге бағынбайды, тікелей Нидерландылық акционердің қолына өтті. Сондықтан "Beeline Қазақстан" ресейлік арналар сигналын тоқтатса, оған ешкім ештеңе дей алмайды.

Ал мемлекет өз тарапынан OTAU TV, Қазақтелекомның ID Net желілері, сондай-ақ антенналық жүйеден ресейлік телевизияны бір күнде алып тастай алады.

https://t.me/dalainside
378 viewsedited  04:38
Ашу / Түсініктеме