Get Mystery Box with random crypto!

Өмір – жылдамдықпен өлшенетін спринт емес. Өмір бұл – марафон. | Жеке күнделік / Мотивация

Өмір – жылдамдықпен өлшенетін спринт емес. Өмір бұл – марафон.

Соңғы уақытта естіген ең жақсы сөздердің бірі осы болды.

Яғни қандай жылдамдықпен бастағаныңыз маңызды емес, маңыздысы – соңына дейін ұдайылықпен бара алдыңыз ба міне осы.

Әлеуметтік желі иллюзиясына алданып, әркімнің оқып жатқан кітабына, жеген тамағына, жеткен жетістігіне қарап, самооценкаңызды түсіріп алмаңыз.

Сіз жарысу керек адам олар емес. Сіз жарысу керек адам ол – сіз.

Басқа адам өмірінің ең қуанышты сәттерін, өзіңіздің өмірдің ең қиын уақытымен салыстырмаңыз.

Біз басқа біреуден рухани яки интеллектуалды жеңілісіміз үшін сұралмаймыз.

Біз мүмкіндіктер бола тұра лайықты түрде әрекет етпегендігіміз үшін сұраламыз.


Abylai Kenzhaly