Get Mystery Box with random crypto!

Ғалымдар зерттеу жүргізген. Төрт маймылды алып, торға отырғызы | Жеке күнделік / Мотивация

Ғалымдар зерттеу жүргізген. Төрт маймылды алып, торға отырғызып, жоғары жақтарына банан іліп қояды. Маймылдардың қарындары ашып, бананды алу үшін жоғары секіргенде, олардың
үстінен суық су құйып отырды. Біраз уақыттан соң, олардың бананды қайтадан алғылары келіп секіреді, оларды тағы да сумен шаяды. Осылай
бірнеше рет қайталанады. Кейіннен маймылдар бананға тек қарап отырады, секіріп алуға қорқатын жағдай туындайды. Кейіннен торға жаңа маймылды отырғызады, ол ештеңені білмей, бананды алуға тырысқысы келеді, ал басқа маймылдар оған
кедергі жасап, тіпті ұрып тастайды. Біраз уақыттан
кейін торға тағы бір маймылды қосады. Ол да бананды алғысы келеді, бірақ оны да тоқтатып, ұрып
тастайды. Торға түскен барлық маймылдарға осылай жасайды. Бұл жағдай маймылдар саны он екіге
жеткенше жалғаса берді.
Содан соң ғалымдар, өз тәжірибесі негізінде
су жайлы білетін алғашқы төрт маймылды және
солар тәрбиелеген кейінгі төрт маймылды тордан
шығарып тастайды. Тек соңынан салынған маймылдарды ғана қалдырады. Және осыдан кейін торға жаңа маймылдарды қоса бастайды, олар маймылдардың өздерін
басқаша ұстайтынына сенеді. Алайда, бастапқы сценарий қайталана береді. Бұрыннан отырғызылған маймылдар жаңа маймылдарды бананды алуға тырысқандары үшін ұра береді, енді оны суға шайылып көрмеген
маймылдар да қайталайды. Оларда банандарды тиісуге болмайды деген қатаң ой қалыптасады. Олар тиымның себебін білмесе де, банан алу үшін ұмтылғандарды жазалай берді.

Осындай стереотиптер адамдар өмірінде де
кездеседі. Сіз бірдеңеге қол жеткізгіңіз келсе, сізге
міндетті түрде кедергі жасайтындар табылады,
себебі, бұл – жасалуы тиіс нәрсе. Сізді қоршаған адамдардың естіген жағымсыз ақпараты, немесе біреудің жағымсыз тәжірибесі оған себеп болуы мүмкін. Адамдар жағымсыз көп заттар айта­ды, райыңыздан қайтарғысы келеді, оның мүмкін еместігіне сендіруге тырысады. Өзіңізді қолға
алыңыз, өзіңізге сеніңіз және ешкімнің сөзіне ермеңіз.