Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар KZ 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2023-02-23 10:25:25
ҚР Төтенше жағдай бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев: Алматыда 9 және одан да жоғары балдық апатты зілзала болған жағдайда тұрғын ғимараттары 30 пайызға дейін қирауы мүмкін

Қаланың 60-70 пайызы қирандыға айналады деген пікірмен келісе алмаймын.

@qaz365kz
1.7K views07:25
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 10:04:30
Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Украина мен Ресей соғысында Қазақстан екі жақтың бірін таңдамайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, таяуда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов биыл Беларусь аумағында «Взаимодействие», «Эшелон» және «Поиск» атты үш оқу-жаттығу өтетінін хабарлаған еді. Ол Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездескеннен кейін журналистерге осы ақпаратты жеткізген.

Бүгін Сенат кулуарында Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдиновке сұрақ қойылды.

Қазақстанның нақты қандай әскери бөлімі Беларусьтегі оқу-жаттығуға қатысады? Беларусьтың қай жеріне барады? Украинадағы соғыс шеңберінде Қазақстан үшін қандай да бір тәуекелдер бар деп есептемейсіз бе?

Бұл сұраққа жауап берген Сұлтан Камалетдинов Қазақстанның қатысу-қатыспауы әлі белгісіз екенін білдірді.

«Біздің офицерлер қазіргі таңда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрамында бар. Олар қазір қандай жағдай болатынын, қандай тематика болатынын қарап жатыр. Бірақ егер ол (оқу-жаттығу) бізге жақпайтын болса, біз қатыспаймыз», - деді Камалетдинов Сенат кулуарында.

Оның айтуынша, халықаралық қарым-қатынаста Қазақстанның президенті соғысқа қатысты нақты позициясын білдірген.

«Бұл расында да біздің бауырлас халықтардың трагедиясы. Бірақ біз олардың бір жағына шығуды ойымызға да алмаймыз. Ресей тарапы бізге көмектесіңдер деп жүгінген емес. Бұл – солардың қақтығысы», - деп түйді Камалетдинов.

Еске сала кетсек, Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына ертең тура бір жыл болады. Екі жақтан қанша адамның опат болғаны әзірге белгісіз. Әртүрлі дерек бар. Батыс елдері Украинаны қару-жарақпен, қаржылай да көмектесіп жатыр. Ал Ресей президентінің таяуда халқына жолдаған жолдауына баға берген саяси сарапшылар соғыстың әлі аяқтала қоймайтынын айтады.

@qaz365kz
2.4K views07:04
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 09:20:01
Президент Алматы қаласының сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

@qaz365kz
1.6K views06:20
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 09:08:44
Талғар мектебінде тағы шу: Өртенбей қалған чучела мен даулы кадет сыныбы

Бұл жолы орыс сыныбының ата-аналары славяндардың діни мерекесі – Масленицаны өткізіп, мектеп аумағында тұлып (чучела) өртемек болған.

Қазақ сыныбының ата-аналары бұған қарсы өре түрегеліп, ақыры іске аудан билігі араласып, діни мерекені өткізу бастамасын әрең шектеген көрінеді. Қазақ сыныбының ата-аналары оған қоса мектепте кадет сыныбы ашылғалы жатыр дегенді естіген.

Масленица өткізу:
Жалпы Масленица мерекесі биыл 20-26 ақпан аралығына тұспа-тұс келеді. Славяндардың діни мерекесінің бірнеше әдет-ғұрпы бар. Олар бұл күндері бір-біріне қонаққа барып, «блины» деген тағамды пісіріп, шана теуіп, тұлып (чучела) өртейді. Осы мерекені орыс сыныбының ата-аналары мектепте өткізіп, директордан рұқсат алған көрінеді. Рұқсат барын олар қазақ және орыс ата-аналар отыратын ортақ чатқа жазған. Даудың басы осыдан басталған.

«Кадет сыныбын ашуға рұқсат бермейміз!»:
Қазақ сыныбы ата-аналарының тағы бір наразылығы – түп мәні түсініксіз кадет сыныбын ашу бастамасы.

Қазақ сыныбы ата-аналары мектептің инстаграмдағы парақшасында «кадет сыныбы» жөнінде суреттер, тіпті видеолар жарияланғанын, алайда кейін олардың жойылғанын хабарлайды. Ал мектептегі Ақнұр Бестерекова атты мұғалім инстаграмдағы парақшасында әскери форма киген бір топ оқушының суретін жариялап, оның астына «біздің мектептің кадет сыныбы, болашақ отан қорғаушылар» деп жазба қалдырған.

Толығырақ мақалада

@qaz365kz
1.7K views06:08
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 05:55:43 Тәжікстанда болған қуатты жер сілкінісі Алматыда сезілді

23 ақпан күні Алматы уақытымен 6 сағат 37 минутта жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі мәлім етті.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 км қашықтықта Тәжікстан аумағында тіркелген. Энергетикалық класы - 16.0. Магнитудасы - 7.0 MPV. Бағыты ошағынан 37.52° с.е. 73.48° ш.б. жатыр, тереңдігі - 20 км. Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді», - делінген хабарламада.

https://t.me/qaz365kz
142 views02:55
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 21:12:03
Таразда тапа-тал түсте банк қызметкеріне шаубыл жасалды

Күдіктілер тонауға оқталғанымен, ақшаны алып кете алмады. Өйткені куәгерлер араша түскен.

Шағын несие беру мекемесінің қызметкері жұмысынан шығып сауда нысанына кірген. Сол сәтте оған белгісіз берулер тап береді.

Видеоны мына сілтемеден көріңіз

@qaz365kz
362 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 18:30:09
Шымкентте қарулы азаматты құрықтаған Арман Әріпжанов видео жариялады

Арман бейбіт адамдарды сақтандырып, өз басын бәйгеге тіккен болатын.

Ел аман, жұрт тыныш болсын!

@qaz365kz
756 viewsedited  15:30
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 18:24:25
Марк Цукерберг Қазақстанға 3 миллиард теңге салық төледі

2022 жылы IT компаниялар Қазақстанға 13,3 миллиард теңге салық ретінде төледі. Оның 3 миллиардын Meta Platforms Ireland Limited берді.

Meta компанияның ішіне - Facebook, Instagram және Whatsapp кіреді.

Гугл Ютуб желісінен тапқан табысымен бөліссе, Apple Spotify мен AppStore-ден келген табыстан салық аударған. Жалпы, біздің бюджетке 45 шетелдік IT-платформа салық төлеп отыр.

Сарапшылар, Цукерберг және оның Силикон алқабындағы әріптестерінен бізге түсетін салық көлемі жыл сайын 12-15 пайызға артып, 2025 жылдары 20 млрд асып жығылуы тиіс.

Айбар Олжай

@qaz365kz
710 viewsedited  15:24
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 16:39:19
Тұсаукесер: Қазақстанда ақшаның иісі бар кітап жарық көрді

1 наурызда кешкі сағат 19.00-де Алматы қаласы, Гоголь 58 мекенжайындағы «Меломан» дүкенінде «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының таныстырылымы өтеді

Авторлардың айтуынша, бұл жоба коммерциялық емес, ол жастардың қаржылық сауаттылығына бейжай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан. Инвестиция туралы қазақ тілінде шыққан (жаңадан бастаушыларға арналған) тұңғыш кітап.

Кітап қымбат емес. Қанша тұратынын білгіңіз келсе, сайтқа өтіңіз

@qaz365kz
460 viewsedited  13:39
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 15:40:33
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиевті қабылдады.

Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

t.me/aqorda_resmi
91 views12:40
Ашу / Түсініктеме