Get Mystery Box with random crypto!

Президент Алматы қаласының сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлд | Жаңалықтар 🇰🇿

Президент Алматы қаласының сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

@qaz365kz