Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2023-02-20 23:08:04 Соңғы жаңалықтар

Түркияның Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен 3 адам қаза тауып, 213 адам ауруханаға жеткізілген.

ІІМ Сүлейман Сойлы

@Qaz365kz
862 views20:08
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 22:11:15
Адам сенгісіз: CNN Turk тілшісі тікелей эфирде жылап қалды

@qaz365kz
1.1K views19:11
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 20:54:09
Түркияның ТВ жаңалықтарында
Жер сілкінісі, 6,4 балл
1.2K views17:54
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 20:43:35
Түркия мен Сирия шекарасындағы Хатай өңірінде тағы жер сілкінді. Бұл жолы магнитудасы 6,4.
3.5K views17:43
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 19:13:31
Байқонырда ресейлік полицей соққыға жығылған

Кешен прокуратурасы 35 жастағы жергілікті тұрғынның Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 318-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасау (Билік өкіліне өзінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында күш қолдану) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды заңды деп таныды - "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметі

Тергеу мәліметтері бойынша, 16 ақпанда Байқоңыр қаласының № 3 бақылау-өткізу пунктінде күдікті полицейлердің ұсақ бұзақылықтың жолын кесу әрекеттері үшін кек алу мақсатында полиция қызметкерлерінің біріне қол көтерген.

@qaz365kz
1.5K views16:13
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 18:53:12
65 адамның өмірін қиған қонақ үй: мамандар жер сілкінісінің магнитудасы себеп болмағанын айтады

Жер сілкінісі кезінде Адыямандағы “Isias” қонақ үйінде 65 адам қаза тапты. Олардың арасында Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан жарысқа келген 12-13 жасар волейболшы балалар да бар

Мамандар бұл қонақ үйдің аяқасты құлау себебін зерттеді. Сол сараптама бойынша 8 қабатты ғимараттың бағаны мен іргетасы 5 қабатқа ғана арнап салынған.

Шығыс Жерорта теңізі университетінің оқытушылары да Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 35 азаматының өмірін қиған қонақ үй қирандыларын зерттеді. Адыямандағы қонақ үйдің қирауына жер сілкінісінің магнитудасы емес, дұрыс жобаланбауы себеп болғаны айтылды. Есепте бетон сапасының төмен екені және өзен қиыршықтастары мен құмды-қиыршықтастардың пайдаланылғаны анықталды.

@qaz365kz
3.7K views15:53
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 16:58:11 Қазақтар Канадаға ағыла бастайды. Ауқатты елге адам күші керек...

Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір.

Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге жұмыс күші жетіспей жатыр. Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде зейнеткерлердің саны күрт өскен, ал қолға күрек ұстауға жарайтын адам саны күн өткен сайын кеміп барады.

Мұның алдын-алу үшін ел үкіметі үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 500 мың адамды құшақ жая қабылдайтын болады. Осылайша алдағы 3 жылда Канада халқының саны 1,5 млн адамға ұлғаяды.

Көптен бері осы елге қоныс аударуды көздеп жүрген қазақтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. Жастин Трюдо үкіметі жұмыс істеуге құлшынып тұрған мигранттарды өкпелетпеуге уәде беріп отыр.

Кореяда табыс тауып, комфорт өмірдің шет-шағасын көрген қазақтар ит арқасы қияндағы Канадаға сапар шегуге әзір. Олар осы елде ұрпақ өрбітіп, біржолата тұрақтап қалуға кет әрі емес.

Тоқаевтың тұсында айтарлықтай өзгеріс боларына күмәнмен қарайтын аудитория өмірінің "жеті жылын" бекер өткергісі келмейді.

Канадада 38 млн-ға жетеқабыл халық тұрады. Жер көлемі жөнінен Ресейге ғана дес беретін мемлекет үшін бұл тым мардымсыз көрсеткіш. Ел экономикасын құлдыратпау үшін Трюдо үкіметіне мигранттар ауадай қажет.

Dalainside алдағы уақытта Канадаға қоныс аударудың алгоритмдері жайында анық-қанық жазатын болады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.

https://t.me/dalainside
1.6K views13:58
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 15:19:16
АҚШ президенті Джо Байден Еуропаға сапары аясында Киевке барды

АҚШ президенті "АҚШ-тың Украинаның демократиясына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген мызғымас міндеттемесін растау үшін"Киевте екенін хабарлады. Сапар барысында ол Украинаға әскери көмектің жаңа жеткізілімдері, оның ішінде Әуе қорғанысы құралдары, сондай-ақ Ресей элитасына қарсы жаңа санкциялар туралы жариялады.

"Путин өзінің шапқыншылығын бір жыл бұрын бастаған кезде, ол Украинаны әлсіз деп ойлады, ал Батыс бөлінді. Ол бізден ұзақ өмір сүре аламын деп ойлады. Бірақ ол қателесті"

@qaz365k
1.7K views12:19
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 14:29:43
Шымкенттік атқыш ұсталды

20.02.2023ж. 14:35 сағат шамасында Тұран АПБ-ның кезекші бөліміне Шымкент қаласы, Рыскулбекова көшесі #1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Арсенал" аңшылық дүкеніне белгісіз тұлға қарулы шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен.

Аталған оқиға бойынша анықталғаны: белгісіз тұлға жоғарыда жазылған аңшылық дүкеніне кіріп, сатушыға "Обрез" қаруын тақап "Сайга" маркалы қаруды алған. Ары қарай далаға шыққан сәтте "КГБ" жедел күзет қызметкерлеріне қарай оқ атып жарақаттап, оқиға болған жерде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Аталған дерек Тұран АПБ-ның АЕК #237914030002777 санымен тіркелді. Күдікті тұлғаның аты-жөні Исмаилов Е.Л. 31.12.1973ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматы, қазіргі таңда оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізілуде. Қосымша ақпарат жолданады.

@qaz365kz
1.7K views11:29
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 14:11:03
Шымкентского стрелка задержали

Как видно на видео, стрелок попытался занять машины дежурной полиции, однако сотрудники успели обезвредить и разоружить стрелка.

После январских событий требования к частным оружейным магазинам должны были усилиться.
Любой иностранный гражданин может прийти и зайти в оружейный магазин и напасть на простых людей?
В шымкентском оружейном магазине “Арсенал " неизвестный злоумышленник похитил оружие.
Что было бы, если бы на этой улице было меньше людей, а на оживленной улице-меньше людей?!
- пишет Айгуль Орынбек под видео

@qaz365kz
1.7K views11:11
Ашу / Түсініктеме