Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар KZ 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 30

2022-07-05 09:38:20 Вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді.

4 шілдеде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулы қабылдады. Құжатта COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру ескертілген.

Сонымен қатар COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар да қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылатыны айтылды.

Қаулы 2022 жылғы 7 шілдеде сағат 00:00 бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар осында
6.0K viewsedited  06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 08:02:42
Нұрсұлтан Назарбаевтан Елбасы мәртебесін алып тастауға қажетті заң жыл соңына дейін қабылданады.

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Оның сөзінше, Тұңғыш президент мәртебесіне қатысты өзгерістер күзден бастап қаралады.

Соңғы жаңалықтар осында
11.7K viewsedited  05:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 11:15:21 Коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 жағдай тіркелді. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 13,
Алматы қаласында - 41,
Алматы облысында - 2,
Атырау облысында - 1,
Жамбыл облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында -1

Соңғы жаңалықтар осында
13.1K viewsedited  08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 13:37:26
Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинді ядролық қаруды қолдануға дайын болуға шақырды.

1941 жылғы жағдайды мысалға келтірген ол америкалық әскерилердің әрекеттерінен сескенетін жеткізді. Бұған қоса Лукашенко көрші Польша мен Литва мемлекеттерінің саясатын ашық түрде соғыс ашумен бірдей деп бағалады.

Соңғы жаңалықтар осында
14.8K viewsedited  10:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 20:26:01 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.

«Кейінгі жылдары полиция қызметкерлерінің жалақысы бірнеше рет өсіп, тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу енгізілді. Сонымен қатар әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыздық үстемақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмама сәйкес биылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Полиция қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғауды жақсарту үшін кешенді шараларды жалғастырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар осында
13.8K viewsedited  17:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 11:53:49
Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды.

БАҚ мәліметінше, инфаркттан. Юрий Шатунов 48 жаста еді…

Соңғы жаңалықтар осында
11.7K viewsedited  08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 10:30:20 45 градус: Қазақстанда аптап ыстық күтіледі.

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай, дауыл, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.

23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстік, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

23-24 маусым Атырау, Ақтөбе, Қостанай, 23-25 маусым Қарағанды облысында 40 градус, 24-25 маусым Қызылорда, Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус, 25 маусым Түркістан облысының шөлді аудандарында өте қатты ыстық – 45 градус болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар осында
12.0K viewsedited  07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 19:15:17
Бас прокуратура өкілі Дикий Арманға қатысты тың мәліметтер жариялады.

Қылмыстың қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластары «Қазақстан» және «Ritz Carlton» қонақ үйлерінің жер асты тұрағында 24 адамды ұрлап, оларды ұрып-соғып ұстаған. Кейін жәбірленушілерді қала сыртына алып шығып, темір контейнерге қамаған.


Соңғы жаңалықтар осында
11.2K viewsedited  16:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 12:42:53 «Кім тыңдағысы келмейді, сол тыңдамайды», - ақпарат министрі Қазақстандағы ресейлік телеарналардың соғысты насихаттауы туралы.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, егер ресейлік телеарналар Қазақстан заңнамасына қайшы келмесе, онда олардың хабар таратуына тыйым салуға ешқандай себеп жоқ.

Министр айтқандай, Қазақстанда «кабельдік желілер арқылы хабар тарату провайдер мен арнаның өзі арасындағы шарттық-құқықтық қатынастар арқылы жүзеге асырылады».

«Мемлекет бұл процеске араласпайды. Мемлекет министрлік атынан тек осы немесе басқа телеарнаның өкілдігі болуын сұрайды. Екіншіден, мемлекет тағы да министрлік атынан барлық кабельдік желілерде 15 телеарна кіретін бірінші міндетті топты қамтамасыз етеді. Қазір бұл топты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Қалғандарына келетін болсақ, шетелдік телеарналар-бұл тұтынушылардың таңдауы. Егер бір жерде азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылғанын, белгілі бір іс – әрекетке шақырылғанын немесе арандатылғанын көрсе, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгіне алады. Осы өтініштердің барлығы қаралатын болады», - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, министр бұл жағдайды ел билігі мен АҚДМ тарапынан жіберілген әрекетсіздік деп санамайды.

Соңғы жаңалықтар осында
10.5K viewsedited  09:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 17:17:43
Алматыда ер адам ЛГБТ өкілдерін көшеде ұрып тастаған.

Жанжалдың неден басталғаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар осында
12.1K viewsedited  14:17
Ашу / Түсініктеме