Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2023-02-22 07:28:49
Шымкенттегі атыс кезінде күдіктіні ұстаған полицейге сыйақы берілді

Шымкентте атыс шығарған күдіктіні дереу әрекет етіп ұстаған полицей Арман Әріпжанов ерлігі үшін жалақысының екі еселенген көлемі сыйақы ретінде берілді

Ол уақытта әріптесіммен жұмыста бейнебақылау камерасын қарап, ұрлау деректерін зерттеп жатқанбыз. Атысты естіп, бірден көшеге шықтым, студенттер көп жүрді, оларға қашу керегін айттым. Артынша, күдіктінің артынан жүріп, сол сәтті пайдаланып, патруль көлігінің қасында ұстап алдым. Сол кезде ол мені атып жібермек болды. Қорыққан жоқпын, өз жұмысымды істедім ғой. Бастысы, күдіктінің қаруын тартып алу керек болды, - дейді Арман Әріпжанов

@qaz365kz
1.3K views04:28
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 21:41:38
Атақты футболшы Криштиану Роналдудың Инстаграмдағы оқырмандары (жазылушылары) 550 млн-ға жетті.

@qaz365kz
1.6K views18:41
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 20:50:58
Түркияда жер сілкінісінен 384 сағат өткен соң 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы үйінді астынан шығарылды

Түркияда зілзала құрбандарының саны 42 310 адамға жетті.

@qaz365kz
1.7K viewsedited  17:50
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 19:58:59 Jusan bank әдеттегі жұмысын жалғастыра береді

"First Heartland Securities" акцияларына Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының шектеу қою банк қызметіне кедергі келтірмейді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының мәлімдемесінде айтылғандай, Jusan тобы құрылымдарының біріне қатысты азаматтық талап-арыз қаралуда. Оның аясында акцияларды уақытша шектеу сынды стандартты рәсімдер мен процессуалды әрекеттер жасалды.
"Jusan bank" АҚ баспасөз қызметі азаматтық талап тек Банктің шетелдік акционерлеріне қатысты екенін және Банк қызметіне, сондай-ақ серіктестермен немесе халықаралық корреспондент-банктермен, халықаралық төлем жүйелерімен жасалатын қарым-қатынасқа әсер етпейтінін алға тартады.

Банк әдеттегідей еш шектеусіз жұмыс істей береді.

Jusan Bank тікелей немесе жанама түрде де жауапкер немесе соттасып жатқан тарап болып табылмайды. Сондықтан Банкке ешқандай санкциялар қолданылмайды.

Jusan Bank және оның активтері Қазақстанда орналасқан. Банк қаржылық жағынан тұрақты. Ол Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің барлық нормаларын асыра орындап отыр. Сондықтан Бас Прокуратура да "Jusan" тобына қатысты арызының Jusan Bank қызметіне қатысы жоқтығын атап көрсетті:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/507128?lang=kk

Jusan Bank өз қызметін әдеттегідей жалғастыра береді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер орындалады. ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі де қаржы институтының тұрақтылығын және банктің барлық заң талаптары мен пруденциалды нормативтерге сәйкестігін растады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/507228?lang=kk
91 views16:58
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 18:44:00
Көлік жылдамдығы жоғары болған сайын, айыппұл сомасы да артады

Көлік жылдамдығын белгіленген межеден бірнеше есе арттырғандарға салынатын айыппұл сомасы өседі.

Көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын (60 км/сағ) қосымша 40-80 километрге арттыру 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал 80 және одан астам шамаға арттыру 40 АЕК (138 000 теңге) мөлшерінде айыппұлмен жазаланады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер үшін 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады

Әділет министрлігі

@qaz365kz
152 views15:44
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 15:08:51
Путин Федерация жолдауында: Ресей Қазақстанды өз мақсаттарына пайдаланбақ

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Каспий теңізін қолдана оңтүстік-шығыс Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.

Перспективалы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, жаңа логистикалық дәліздер құратын боламыз. Мәскеу – Қазан экспресс жолын Екатеринбургке, Челябинск пен Тюменьге дейін, ал болашақта Иркутск пен Владивостокқа дейін жеткізіп, Қазақстанға, Моңғолияға және Қытайға шығу арқылы ұзарту туралы шешім қабылданды, бұл біздің оңтүстік-шығыс Азия нарықтарымен экономикалық байланыстарымызды едәуір кеңейтеді

@qaz365kz
221 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 13:51:41
Теңіз шошқасын сойған биология пәнінің мұғалімі жұмыстан кетті – Алматы әкімдігі

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мен білім басқармасының қызметкерлері жарияланған бейне бойынша мән-жайларды анықтау үшін Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің біріне барды

Бұл оқиға 17 ақпан күні 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болған.

Мұғалімнің айтуынша, оқушылар «анатомия және физиология» бөлімінде теңіз шошқасының ішкі мүшелерін көрсетуді сұраған.

Департамент пен білім басқармасының қызметкерлері бұдан былай мұндай оқиғаға жол бермеу бойынша ұстаздармен әңгімелесті. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігіне мектепішілік бақылау мен тәрбие жұмысын күшейту, табиғатқа аялап қарау және жануарларға қатыгездіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді

Мұғалім өз еркімен жұмыстан шықты

@qaz365kz
300 viewsedited  10:51
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 12:52:27
“Сүт с бананом және яблокам бірі сұлы”: Ботқаның қазақша аудармасы “ботқа” боп тұр

Өскеменде жарымжан жарнама туралы аз жазылған жоқ. Бірақ, нәтиже қане? Бүгін қаладағы «InMart» дүкеніндегі қазақ тілінде сауатсыз жазылған тауардың жарнамалары әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды.

Дүкен сөрелеріндегі қазақша жазулардан көз сүрінеді. Оқыр болсаңыз, тіл сындырасыз. Күлесіз. Жо-жоқ, қазақ тілінің күйін көріп, күйінесіз. Сөзіміз дәлелді болсын деп, суретке де түсіріп алдық.

«Ботқа фрутоняня сүт с бананом және яблоком бірі сұлы, ұн...» деп кете береді. Аударманың өзі ботқа.

Сөредегі енді бір жазбада «Ботқа молоч. Мен өскенде сұлы бидай асқабақ 6 ай...» дейді. Қайсы бірін айтамыз?

Тіл заңы толықтырылмай, қазақ тілінің күйі оңала қоюы екі талай. Заңда пәрмен болмаған соң, тіл жанашырлары не істей алмақ?

@qaz365kz
457 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 10:01:26
Хаменоваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Хаменовамен бірге сотталған мәдениет басқармасының басшысы болған Ақылбек Рысқалиев пен "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот үкімі өзгертілді.

Апелляциялық сатыдағы сотта Рысқалиев Хаменоваға бағынышты бола тұра, оның тапсырмасы бойынша пара алуға ықпал еткені анықталды.

2022 жылдың 15 қарашасында Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Хаменова облыс әкімінің орынбасары болып, мәдениет басқармасының басшысына ЖШС директорынан 5 миллион теңге көлемінде пара талап етуді тапсырды

@qaz365kz
186 views07:01
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 06:51:32
Шолақай ауылында 15 жастағы қызды зорлап, өлтіріп, артынан өртеп жіберген қылмыскер өмір бойына сотталды.

@qaz365kz
123 views03:51
Ашу / Түсініктеме