Get Mystery Box with random crypto!

Марк Цукерберг Қазақстанға 3 миллиард теңге салық төледі 2022 | Жаңалықтар 🇰🇿

Марк Цукерберг Қазақстанға 3 миллиард теңге салық төледі

2022 жылы IT компаниялар Қазақстанға 13,3 миллиард теңге салық ретінде төледі. Оның 3 миллиардын Meta Platforms Ireland Limited берді.

Meta компанияның ішіне - Facebook, Instagram және Whatsapp кіреді.

Гугл Ютуб желісінен тапқан табысымен бөліссе, Apple Spotify мен AppStore-ден келген табыстан салық аударған. Жалпы, біздің бюджетке 45 шетелдік IT-платформа салық төлеп отыр.

Сарапшылар, Цукерберг және оның Силикон алқабындағы әріптестерінен бізге түсетін салық көлемі жыл сайын 12-15 пайызға артып, 2025 жылдары 20 млрд асып жығылуы тиіс.

Айбар Олжай

@qaz365kz