Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар KZ 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 31

2022-06-17 11:42:06 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінен:

- Qurultay мобильді қосымшасы қажет. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады.
- Әулиетау етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын
- 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдау керек. "Сайлау туралы, саяси партиялар туралы және басқа да бірқатар заңдарды өзгертеміз...
Реформаны созып, арқаны кеңге салуға болмайды. Жұрт нақты өзгерістердің қазір болғанын қалайды".
- Біз латын әліпбиіне көшуде асығыстыққа жол бермеуіміз керек.
Мұндай үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ. Бізге нақты реформа керек
- Ұлттық құрылтай азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болуы тиіс
- Мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір топ мүшелері деп санауға болмайды. Ал кадрлық құрам мұқият жаңартылуы керек
- Қазақстан тарихы бойынша көп томдық кітап басылымға дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар осында
11.7K viewsedited  08:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 15:08:04 ​​ Психологиялық тест: Қай кеседен шай ішер едіңіз?

1. Жомарт әрі адамгершілігі мол
Сіз кемел тұлға болуға ұмтыласыз. Аздаған тәкаппарлығыңыз да бар. Адамдармен қарым-қатынас жасауыңыз өте қиын. Кейде мінезіңізді өзіңіз де түсінбей жатасыз. Жұмысты жан-тәніңізбен беріліп істейсіз. Адамзатқа ортақ мүдде үшін қызмет жасағыңыз келеді. Біреуге бірінші болып тиіспейсіз, бірақ тиіскенді оңдырмайсыз. Махаббат атаулы құдіретті сезімнің алдында бас иесіз. Сіздің еңбегіңізге шынайы бағасын беретін жандар өте аз.

2. Шынайы әрі тез еліктегіш жан
Өзгелерді қамқорлыққа алуды жақсы көретін, жауапкершілігі мол адамсыз. Мінезіңіз де жайдарлы. Адамдардың сеніміне оңай ие боласыз. Жылдам қозғалып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Әңгіме мен «соңғы жаңалықтарды» айтудың шеберісіз.

3. Ойлануды жақсы көретін ақылды адам
Ойшыл адамсыз. Бұл өмірдегі басты құралыңыз – ойлау қабілетіңіз бен жаңа идеялар. Тыныштықта жатып ойланғанды жақсы көресіз. Білімге құмар жандармен тез тіл табысасыз. Өзімшілдіктен аулақсыз. Адамгершілік жайында көп ойланасыз. Тіпті, уақытыңызды артық шығындайсыз деуге келеді. Дұрыс жолдан адаспау үшін бүкіл адамзатқа қарсы тұруға дайынсыз.

4. Сезімтал әрі философ
Жер бетінде сіз секілді адамдар өте сирек кездеседі. Өзіңізге ұқсайтын жандарды табу да қиын. Көп жағдайда өз ойыңызды жеткізе алмай қиналасыз. Сізге жеке кеңістік қажет. Шығармашылығыңызды ешкімнің пікіріне қарамастан, дамыта түсуге тиіссіз. Ақ пен қараны дұрыс ажырата білесіз. Өте сезімталсыз, айналадағының барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.

5. Өзіне сенімді және тізгін ұстағанды жақсы көретін жандар
Сіз тәуелсіз тұлғасыз. Ешкімнің қолына қарап жалтақтамайсыз. «Барлығын өзім жасаймын» деген өмірлік ұстанымыңыз бар. Өз күшіңізге ғана сенесіз. Бұл өмірде не қалайтыныңызды, қандай мақсаттарға ұмтылатындығыңызды жақсы білесіз. Ал айналаңыздағы адамдардан сізге адал болуын ғана талап етесіз. Сіз тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындықтың дәмін татуға әзірсіз.

6. Мейірімді әрі сезімтал
Адамдармен қарым-қатынасқа оңай түсесіз. Достарыңыз көп әрі оларға әрдайым көмектесуге дайын тұрасыз. Адамдар сіздің жаныңызда болғаныңызды ұнатады. Сіз күн сайын жақсы бола түсудің амалын ойластырасыз. Айналадағылар үшін қызықты болғыңыз келеді. Өзгелердің махаббатына бөленуді жақсы көресіз. Сізді жақсы көрмейтін жандарды да қамқорлығыңызға алуға дайынсыз.

Соңғы жаңалықтар осында
12.3K views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 21:53:44
Шілденің бірінен бастап фрилансерлер, такси жүргізушілері мен курьерлерге әлеуметтік төлемдер тағайындау міндеттеледі. Жауапты министрлік жоба саладағы тәуелсіз жұмысшыларды қорғайды дейді.


“Түскі формат” сарапшылары болса жаңашылдық такси, курьерлік қызметтің құнын көтеріп жібереді деген пікірде. Олай болса Үкіметтің жаңа жобасы кімге тиімді?



Соңғы жаңалықтар осында
10.4K viewsedited  18:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 18:49:10
Ғылым және жоғары білім министрі Кипрде білім алатын балалары жайында түсініктеме берді.

БАҚ өкілдері Саясат Нұрбектің балалары Кипрде оқып жатқанын атап өтті. Олардың мәліметтері бойынша, бұған дейін министр қазақстандық білімге сенбегендіктен олар сол жерде оқып жатқанын айтқан.

«Бұл - әдеттегідей бұрмалау. Мұндай болған емес. 26 маусымда олар Қазақстанға қайтып келеді. Мен сіздерге олардың осында екендіктерінен толықтай фотоесеп беремін. Мен оларды асыға күтемін», - деді министр.

Саясат Нұрбек осы уақыт ішінде балаларының Кипрде неге болғаны жөніндегі сұраққа да түсінік берді.

«Үш себеп бар. Біріншіден, бұл әйелімнің және менің балаларымның денсаулығы. Нақты медициналық қорытынды бар, белгілі бір проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке орай, мен оларды осында жеке мектептерде қаржыландыра алмадым. Үшіншіден, бұл британдық форматтағы өте жақсы британдық мектеп. Бірақ алаңдамаңыздар, мен сіздерге тағы да ашық айтамын, 26 маусымда олар Қазақстанға қайтып оралады» деді министр.
9.7K views15:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 15:16:28
Байланыс сапасының жақсаруына не кедергі?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин радиоқондырғылардан қорқатын қазақстандықтарн байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыстарға кедергі келтіріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде бірінші тоқсанда 37 осындай станция орнатылса, оның 35-і қайта бұзылған.

"Біз 99 тұрғынның сөзін тыңдап, байланыс сапасын қамтамасыз етуіміз керек пе, әлде радиофобиясы бар бір тұрғынның сөзіне құлақ асуымыз қажет пе? Ол мұның барлығы денсаулығына әсер етеді деп ойлайды. Егер оның отбасында рак ауруына шалдыққан болса, онда оның пайымынша мұның барлығы соның салдарынан (базалық станцияның шатырдағы қондырғылары – ред.). Ал біз үнемі оларды ойыншықтар секілді бір жерден алып, екінші жерге орнатуға мәжбүрміз. Әлбетте жұмысымыз осылайша өнбейді", - деді Мусин депутаттар мен байланыс операторлары өкілдеріне арналған ашық есік күні барысында өткен кездесуде.

Соңғы жаңалықтар осында
8.3K viewsedited  12:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 22:51:58
Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында тарихи жеңіске қол жеткізді!


Қазақстан — Словакия 2:1


Голдар:
17' Ян Вороговский (1:0),
39' Эльхан Астанов (2:0)
51' Беро (2:1)

Жеңіс құтты болсын ағайын!

Соңғы жаңалықтар осында
8.2K viewsedited  19:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 10:58:36
Әскерде тағы қайғылы жағдай. Павлодарда келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызмет «КамАЗ» дөңгелегі жарылуы салдарынан мерт болды.

Туыстарының айтуынша, дөңгелек жарылып, әскеридің басы жұлынып кеткен. Әрі ер адамды еңбек демалысы кезінде жөндеу жұмыстары үшін шақырып алған. Марқұмның артында жүкті әйелі мен қызы қалды.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, аталған деректен кейін қылмыстық іс қозғалған. Оқиға 12 маусымда 19:15 шамасында болған.

Соңғы жаңалықтар осында
8.5K viewsedited  07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 16:59:25
Ақтауда "Итбалық" ескерткіші жарты жылға да жетпей бұзылды

"Біраздан соң ескерткіш жарамсыз болып қалады. Бұл көрікті нысан ғой, оған мұқият қарау керек емес пе?", - дейді жергілікті тұрғындар.

Әкімдік мердігер олқылықты жояды деп сендіріп отыр.

Тот баспайтын болаттан жасалған сәулет нысаны биыл қаңтарда демеушілер қаражатына салынған еді.


Соңғы жаңалықтар осында
8.6K viewsedited  13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 18:55:25
Бүгін елімізде жаңадан құрылған Ұлытау, Алматы, Абай, Жетісу облыстарының әкімдері тағайындалды.



Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.

Соңғы жаңалықтар осында
9.1K viewsedited  15:55
Ашу / Түсініктеме