Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.82K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2023-02-22 14:40:46
Параны енесінің банк карточкасына аудартқан шенеунік сотталды

Атырауда Көлік бақылау инспекциясының бас маманы заңды тұлғалардың ауыр салмақты көліктерінің еркін және кедергісіз қозғалуына рұқсат берген.

Ол үшін 2020-2022 жылдар аралығында 13 компаниядан бірнеше рет пара алған. Оның жалпы соммасы - 23 817 000 теңге.

Мемлекеттік қызметші параны өзі алмаған. Әйелі, анасы, енесі мен әріптесінің жұбайына ашылған Kaspi Gold қосымшасы арқылы жіберуді талап еткен.

Экс-шенеунік 8 жылға сотталды.

@qaz365kz
473 viewsedited  11:40
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 13:59:14
Әлеуметтік желіде Ақмола облысы Атбасар қаласының тұрғыны Артем Абрамов видеосы пайда болған еді. Видеода Артем Абрамов Қазақстанның Ресейге қосу идеясын қолдайтынын айтқан. Осы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген Ақмола облыстық полициясы аталған іс-әрекетті қылмыс деп санамайды.

Полиция депортаменті оған ешқандай жаза қолданбаған. Тек профилактикалық әңгіме жүргізгенін хабарлаған.

"Артем Абрамовпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, қылмыстық әрекет белгілері байқалған жоқ", - деп хабарлаған Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

@qaz365kz
121 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 13:56:41
Оралда өзін педагог ретінде таныстырған алаяқ оқушының телефонын ұрлап кетті

Оқиға Орал қаласындағы мектептің бірінде болған. 26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4 сынып оқушысын тоқтатып, педагог ретінде өзін таныстырған. Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын, кейін оқушыларға қайтарылатынын айтып ұялы телефонын өзіне алған.

Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған.

Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды.

ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

@qaz365kz
168 viewsedited  10:56
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 13:15:31
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин: менің отбасыма 10 пәтір тиесілі

"Бәсе" арнасының ақпараты бойынша, Серік Жұманғарин, 2016 жылы ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істегенде, пара ретінде 10 пәтер алып, оның 9 әйелінің атына рәсімдегенін жазды.

Бүгін министр оны жала жабу және фактілерді бұрмалау деп айтты. Ол мемлекеттік қызметке 35-тен кейін келгенін, 1990-2000 жылдары бизнес-құрылымдарда жұмыс істегенін айтты.

Ақтөбеде ол жерде бұрын ескі орман шаруашылығы болған. Біз оны сатып алып, 2007 жылы тұрғын үй кешенін сала бастадық. Өкінішке қарай, 2007 жыл аса сәтті бола қойған жоқ, ипотека дағдарысы болды. Біріншіден, құрылысы ұзақ. Екіншіден, бұл пәтерлер мүлде сатылған жоқ. Оның үстіне, компанияға өте көп салмақ түсті, заңды тұлғаларға мүлде бөлек жоғары салық салынады. 2016 жылы салықты оңтайландыру мақсатында сол пәтерлерді өзімнің атыма ауыстырамын деп шештім. Мұнда қылмыстық элемент мүлде жоқ. Иә, ол пәтерлер біздікі, Ақтөбе өзі – қызық қала, елдегі ең арзан пәтерлер сол жақта

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Ол барлық мүлкін декларацияда көрсететінін айтып, ешқандай заңсыз әрекетке бармағанын меңзеді.

@qaz365kz
261 views10:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 13:05:56
Назарбаев "AMANAT" партиясына мүше ме?

Констиутцияда әркім қай партияға жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқылы деп көрсетілген. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаевтың рұқсатынсыз ол қай партия мүшесі немесе мүшесі емес екені туралы ақпаратты жариялай алмаймыз

AMANAT партиясының баспасөз хатшысы

Алайда бүгінге дейін Назарбаевтың «Нұр Отаннан» шығып, "AMANAT" партиясына өткені туралы ақпарат еш жерде жарияланбаған.

@qaz365kz
250 views10:05
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 11:41:56 Әбжанов саяси тұтқындар тізіміне енгізілді

Қазақстанның саяси тұтқындарының тізімі кеңейтілді. Сараптамалық кеңестің 2023 жылғы 18 ақпандағы шешімімен саяси тұтқындар деп танылды:

Өтепов Аслан, "халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы" ҚБ басшысы, құқық қорғаушы, белсенді, Орал қаласынан келген жеке кәсіпкер. 30.12.2022 жылы ұсталды, оған "алаяқтық" және "пара беруге итермелеу" бойынша айып тағылды. Отепов қауіпсіздік органдарының арандатуы туралы мәлімдейді. Қазіргі уақытта Орал қаласының тергеу изоляторында қамауда.

Махамбет Әбжан-тәуелсіз журналист және "Abzhan News" телеграм-арнасының негізін қалаушы. Махаттың өтініші бойынша танылды және ұсталды. Р. 03.07.2022 ҚР ҚК 194 және 274-баптары бойынша 50 миллион теңге сомасына көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін. Ол Н. Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды "көмекшісі" атанды. Сот жәбірленуші тараптың өтініші бойынша жабық режимде өтті және 2023 жылғы 3 ақпанда Абжанды 9 жылға үкім шығарды

@qaz365kz
646 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 10:33:44 Эксклюзив: Орал әуежайын сатып алған кімдер

Орал әуежайын сатып алған құрылтайшылардың акция көлемі бұған дейін жазылып келгендей болмай шықты. «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 49% емес, 2% екен

Әуежайды кім сатып алды?
«Орал Аэропорт Холдингі» ЖШС құрамында бірнеше құрылтайшы бар. Бұған дейін таралған ақпаратқа сүйеніп қазақстандық «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 49% деп келдік. Сөйтсек қазақстандық жеке кәсіпкер Дәулетхан Килыбаев үлесі 49%, «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 2% екен. Үшінші құрылтайшы ресейлік «Ретранс» АҚ («Аэропорты Регионов» БК) үлесі - 49%. «Орал Аэропорт Холдингі» ЖШС құрамында бірнеше құрылтайшы бар. Бұған дейін таралған ақпаратқа сүйеніп қазақстандық «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 49% деп келдік. Сөйтсек қазақстандық жеке кәсіпкер Дәулетхан Килыбаев үлесі 49%, «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 2% екен. Үшінші құрылтайшы ресейлік «Ретранс» АҚ («Аэропорты Регионов» БК) үлесі - 49%.

Неге ресейліктер таңдалды?
«Орал Аэропорт Холдингі» ЖШС құрамында бірнеше құрылтайшы бар. Бұған дейін таралған ақпаратқа сүйеніп қазақстандық «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 49% деп келдік. Сөйтсек қазақстандық жеке кәсіпкер Дәулетхан Килыбаев үлесі 49%, «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 2% екен. Үшінші құрылтайшы ресейлік «Ретранс» АҚ («Аэропорты Регионов» БК) үлесі - 49%. Өзім бизнесмен болсам да әуежай саласының маманы емеспін. Сондықтан серіктестер іздедім. Қазақстаннан, Түркиядан, Еуропадан таппадым. Ресейден іздеп, «Аэропорты Регионов» басқарушы компаниясы иелік ететін «Ретранс» компаниясын таптым. Мен оларға өзім 51%, олар 49% пайыз акцияға иелік етуді ұсындым. Ресейде 14 әуежайға иелік ететін олар «біз әуежайларды кәсіби басқарушымыз. Мен олардың 51 пайызды иеленуін қаламадым. Сөйтіп арбитр ретінде үшінші тарапты тартуға келістік. Келіспеушілік бола қалғанда төрелік етіп, үшінші тарап дауыс берген шешім қабылданады. Үшінші тұлға ретінде қазақстандық бизнесмен танысым Сергей Артюгинді таңдадым. Оған 2% үлесті сатып алуды ұсындым. Ол «Орал Менеджмент» ЖШС-ын құрып, сол екі пайызға үлескер болды. Содан кейін ресейліктер серіктес болуға келісті - Дәулетхан Қилыбаев

Санкция салынған ресейлікпен қандай байланыс бар?
Ретранс» АҚ-ның меншік иелері – Владимир Резер (акциясы 90%) және тағы 4 адамнан құралған «Аэропорты Регионов» менеджменті (акциясы 10%).
«Аэропорты Регионов» басқарушы компаниясының акциясы 100% «Ретранс» АҚ-ға тиесілі. «Аэропорты Регионов» 14 әуежайды басқарады. Соның төртеуі жеке өздерінікі.


Әуежайдың жаңа иелері еліміздің әуе кеңістігіне билік жүргізе ала ма?
Еліміздің аспан кеңістігі осы мекемелердің иелігінде. Әуежайға кім қонады, кім ұшады – бәрін шешетін осылар. Әуежай территориясында орналасқан «Қазаэронавигация» мекемесі әуежайдың иелеріне тәуелді емес. Әуежай иелері аталған органдардың рұқсатсыз ешқандай ұшаққа қонуға не ұшуға рұқсат бере алмайды.

Әуежайдың қай бөлігіне иелік етеді?
Мақсаттары қандай?
Неге Үкімет әуежайларды жеке меншікке беруде?
1.1K viewsedited  07:33
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 08:46:50
Ақтөбеде мектеп өртеніп, 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланды

22 ақпанда сағат 08:01-де (Ақтөбе уақыты бойынша) 112 құтқару қызметінің пультіне №23 мектеп-лицейдегі өрт туралы ақпарат түсті

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер хабарламадан кейін 4 минуттан кейін келді, өрт сағат 08:12-де толығымен жойылды.

Өрттің алдын - ала себебі электр желісінің тұйықталу.

@qaz365kz
1.1K views05:46
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 07:54:05
Ақтауда математика мұғалімі оқушыға қол көтермек болды

Кадрларда мұғалімінің оқушыға бірнеше рет қол сермеп, ұруға оқталғаны анық байқалады. Балалар бұған дейін де оның қатал екенін айтып жүрген. Алайда ата-аналар бұған аса мән бермеген.

Ұстаз 2018 жылдан бері білім ошағында сабақ беретіні туралы ақпарат бар. Математика мұғалімі осы әрекеті үшін ата-аналардан кешірім сұраған. Оған сөгіс беріліп, мектеп директорына ескерту жасалды.

@qaz365kz
1.3K views04:54
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 07:40:59 Қазақстан Германияға алғашқы мұнай партиясын ақпанның соңына дейін жөнелтеді - Энергетика Министрі

Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтуынша, Қазақстан жоспарланған 300 мың тонна мұнайдың алғашқы 20 мың тоннасын ақпанның бірінші жартысында жөнелтеді.

20 мың тонна болатын бірінші партияны жөнелту туралы келісім бар. Бұл - ақпанның басында. Қаңтарда жібергіміз келді, бірақ техникалық ақаулар бар. Бүгін мен Ресей Федерациясы Энергетика министрлігіндегі әріптестеріммен де сөйлестім. Бұл техникалық нәрселер қайта бағыттауға, маршруттарға, рәсімдеу және т.б. қатысты. Бұл мәселелер шешілді және жеткізуді физикалық түрде жүзеге асыруға болады - министр

@qaz365kz
1.2K views04:40
Ашу / Түсініктеме