Get Mystery Box with random crypto!

Талғар мектебінде тағы шу: Өртенбей қалған чучела мен даулы ка | Жаңалықтар 🇰🇿

Талғар мектебінде тағы шу: Өртенбей қалған чучела мен даулы кадет сыныбы

Бұл жолы орыс сыныбының ата-аналары славяндардың діни мерекесі – Масленицаны өткізіп, мектеп аумағында тұлып (чучела) өртемек болған.

Қазақ сыныбының ата-аналары бұған қарсы өре түрегеліп, ақыры іске аудан билігі араласып, діни мерекені өткізу бастамасын әрең шектеген көрінеді. Қазақ сыныбының ата-аналары оған қоса мектепте кадет сыныбы ашылғалы жатыр дегенді естіген.

Масленица өткізу:
Жалпы Масленица мерекесі биыл 20-26 ақпан аралығына тұспа-тұс келеді. Славяндардың діни мерекесінің бірнеше әдет-ғұрпы бар. Олар бұл күндері бір-біріне қонаққа барып, «блины» деген тағамды пісіріп, шана теуіп, тұлып (чучела) өртейді. Осы мерекені орыс сыныбының ата-аналары мектепте өткізіп, директордан рұқсат алған көрінеді. Рұқсат барын олар қазақ және орыс ата-аналар отыратын ортақ чатқа жазған. Даудың басы осыдан басталған.

«Кадет сыныбын ашуға рұқсат бермейміз!»:
Қазақ сыныбы ата-аналарының тағы бір наразылығы – түп мәні түсініксіз кадет сыныбын ашу бастамасы.

Қазақ сыныбы ата-аналары мектептің инстаграмдағы парақшасында «кадет сыныбы» жөнінде суреттер, тіпті видеолар жарияланғанын, алайда кейін олардың жойылғанын хабарлайды. Ал мектептегі Ақнұр Бестерекова атты мұғалім инстаграмдағы парақшасында әскери форма киген бір топ оқушының суретін жариялап, оның астына «біздің мектептің кадет сыныбы, болашақ отан қорғаушылар» деп жазба қалдырған.

Толығырақ мақалада

@qaz365kz