Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар KZ 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі zhanalyktarkz — Жаңалықтар KZ 🇰🇿
Арна мекенжайы: @zhanalyktarkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: qaz365kz@gmail.com

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2023-02-24 08:00:57
БҚО-да тікұшақ апатынан қаза тапқандардың кім екені анықталды

Ресми мәліметке қарағанда, авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері көз жұмды. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.

ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз

@qaz365kz
1.4K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 07:56:22
Вице-министр «асқазанынан хат табылған» сотталушының өліміне қатысты іске пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бір апта бұрын Заречный кентіндегі 155/8 мекемесінде «өз-өзіне қол салған» тұтқынның өліміне қатысты іс туралы айтты. 18 ақпанда марқұмның асқазанынан «тұтқынның өліміне кінәлі» адамдардың аты-жөні көрсетілген хат табылды

Өткенде болған оқиға. Дұрыс айтасыз. Сараптама кезінде хат табылғаны рас. Ол туралы іс тіркеліп, қазір тергеу жүріп жатыр.
Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы (105-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әзірше ешкімге айып тағылмаған. Қазір қандай да бір адамға айып тағылды деп айта алмаймын. Дәлелдер жиналған жоқ. Егер кінәлі адамдар анықталса, тергеу органдары жинақтаған дәлелдерге сай айып тағатын шығар

Марат Қожаев

15 ақпанда Алматы облысы Заречный кентіндегі 155/8 мекемесінде 1998 жылы туған Әркен Қарасай есімді сотталушы «суицид жасаған». Ол өзіне қол жұмсамай тұрып бауырына хат жазып, онда осы мекеменің «өзін суицид жасауға итермелеген» төрт қызметкерінің аты-жөнін атаған. Хатта Әркен Қарасай өзі жазасын өтеп отырған мекемедегі «жемқорлық» туралы айтып, «түрме қызметкерлері жас жігіттерді мекемеге жұмыс істеуге мәжбүрлейді, келіспесе, ұрып-соғады, балағаттайды» деп жазған.

Хаттан үзінді:
«Осы мәселені шешіп, оларды заң аясында толық жазалауды сұраймын. Бұл хат менің ішімде болады, өз қолыммен жазғанмын. Өліміме тікелей осы адамдар кінәлі. Хат адресатына жетеді деп ойлаймын»

Түрмеге жеткенде ол жақта тергеушілер, лагерь басшысы жүрді. Мәйіті Қонаев қаласының мәйітханасына жеткізілген, - деді бауыры Жәкен Қасенов.

@qaz365kz
1.4K views04:56
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 06:22:24 Түркияда тағы жер сілкінді

Хатайда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала тереңдігі 9,76 шақырым.

@qaz365kz
1.6K views03:22
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 21:38:27
23 ақпанда Павлодар облысында полицей суицидтен қайтыс болды.

Ол үйіндегі сарайда асылып қалған. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу басталғаны хабарланды.

@qaz365kz
330 views18:38
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 20:41:34
Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі "Бесінші түрме" аталып кеткен тергеу изоляторының видеосы тарады.

"Тергеу изоляторын ақтөбеліктер "бесінші түрме" деп атайды. Мына видео сол "бесінші түрмедегі" #148 камерада түсірілген. Видеодағы тұтқынның сөзінше, тар қапасқа 11 адам қамалған. Қабырғасы көктеп, сылағы түсіп жатқан бұл камераны түрме басшылары "апаттық жағдайда болғандықтан бір ай бұрын консервациялап қойдық" деді. Басшының айтуынша, изоляторда тап осындай екі камера бар.
Изолятор 1949 жылы тұрғызылған. КУИС "2026 жылға дейін Ақтөбеде 1,5 мың орындық жаңа изолятор саламыз" деді. Құрлыстың қашан басталары белгісіз" деп жазады журналист Жаңагүл Жүрсін.

@qaz365kz
611 views17:41
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 17:22:18
Құлаған тікұшақтың суреті пайда болды

@qaz365kz
1.2K views14:22
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 17:07:56 БҚО-да болған тікұшақ апатынан 4 адам мерт болды

Соңғы мәліметтер бойынша, тікұшаққа төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру тобы жеткен.

4 адам қаза тапты, 2 адам жарақат алды.

@qaz365kz
1.3K views14:07
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 14:31:11
Түркияға тағы 100 киіз үй жіберіледі

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза қазақтың дәстүрлі 100 киіз үйі 11 провинцияға беріліп, қазір орнатылғанын жеткізгенін хабарлады.

Түркия тарапынан оңай жиналып, орнатылатын үйге сұраныс болғандықтан Алматы қаласынан осы аптада тағы 100 киіз үй жіберілетін болды, деді елші.

@qaz365kz
1.6K views11:31
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 14:10:49
Алматыда кәсіпкерлер QR-код арқылы прокуратураға шағымдана алады

Енді смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы прокуратураға кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар туралы сигнал жіберуге болады.

Сигналдар жедел әрекет ету үшін мобильді топқа дереу келіп түседі, бұл кәсіпкерлерге бұзылған құқықтарды жедел қалпына келтіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Процесті цифрландыру бизнес субъектілерінің уақытын үнемдейді және олардың құқықтарының бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

@qaz365kz
1.5K viewsedited  11:10
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 12:23:14
В сети появились кадры землетрясения в Таджикистане

23 февраля в Таджикистане произошло 2 землетрясения. Первое - магнитудой 6,8 в 05:37 по местному времени, второе - 5,0 в 05:55.

В Алматы толчки ощущались в 2-3 балла. Как сообщают сейсмологи, магнитуда составила 7.

ДЧС Алматы сообщил что на гидротехнических сооружениях деформации, просадки и образования трещин не выявлено

@qaz365kz
1.7K views09:23
Ашу / Түсініктеме