Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-05-25 14:27:59 Оқушыны үздік жетістіктерге қалай жеткізуге болады? Әрбір ата-ана оқитын пост

Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне, бастысы ата-аналарға арналған лайфхактармен бөлісеміз.

https://tengrinews.kz/mixnews/layfhaki-vospitaniyu-otlichnikov-nazval-izvestnyiy-469417/

Ата-аналар чатына және әріптестер чатына жіберіңіз, біліп жүрсін

Білім туралы үздік арнаға жазыл t.me/ustazdarrkk
653 viewsedited  11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 08:07:00
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Барлық ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз

Дәстүр бойынша бүгін оқу жылы өз мәресіне жетті. 25-мамыр – түлектер ұяларынан ұшып, қорытындылар жасалатын күн.

Осы оқу жылында қандай қызықты оқиға болды? Білім саласында қандай өзгерістер орын алды?

Еске түсіріп, комментарийде бөлісейік

Ең үздік оқиға ұсынған оқырманға «MÄRTEBELI» журналында тегін бір мақала жариялауға мүмкіндік береміз

https://t.me/ustazdarrkk
1.3K views05:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 12:43:38 ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ pinned «Ұстаздарымыз Заң жүзінде қалай қорғалған? Соңғы уақытта әлеуметтік желіде педагогтердің ар-намысына тиетін жағдайлар орын алғаны есімізде. Осы орайда Заң не дейді? Естеріңізге салайық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің…»
09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 12:43:17 Ұстаздарымыз Заң жүзінде қалай қорғалған?

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде педагогтердің ар-намысына тиетін жағдайлар орын алғаны есімізде. Осы орайда Заң не дейді?

Естеріңізге салайық

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабына сәйкес:

Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар, белгілер, заттар көрсетілсе, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік танытылса – жеке тұлғаларға 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынады. 2022 жылы бұл мөлшер - 95 400 теңгені құрайды.

Бұл әрекетті 12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса – ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК (63 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал егер, айыппұл салынғаннан кейін жеке тұлға бір жыл ішінде бұл әрекетін қайталап жасаса – 40 АЕК (127 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Кәмелетке толмаған бала бұзушылықты қайталаса, ата-анасына – 30 АЕК (95 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Өз құқықтарыңызды біліп жүріңіз және әріптестеріңізбен бөлісіп, ұжымдық чаттарға жіберіңіз.

https://t.me/ustazdarrkk
7.6K views09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 10:07:03
170 МЫҢ ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСАДЫ

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Рұқсат етілмейді:

– аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;

– мерекелік дастархандар жаюға;

– жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала бойынша экскурсиялар өткізуге; – мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;

– ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.
5.8K viewsedited  07:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 08:19:57
ҰБТ-2022: 21 ТҮЛЕКТІҢ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды

"Біз ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтижені тексереміз", - деді ол.

Сонымен қатар ол жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленушіге тоқтады.

"Тест тапсырушы қаңтар айында 7️2 балл, ал негізгі ҰБТ-да 1️30 балл жинаған. Нәтижесі бірден 5️8 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік", - дейді орталық директоры.

Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен мини құлаққап қолданған.

Толығырақ: martebeli.kz/%D2%B1bt-2022-21-t%D2%AFlekti%D2%A3-n%C9%99tizhesi-zhojyldy
5.2K viewsedited  05:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 06:26:41
0,5 ЛИТР СУ 300 ТЕҢГЕДЕН

Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграмдағы парақшасында өзекті мәселелердің бірі - мектеп асханаларының жұмысы жайлы өз пікірін білдірді.

"Бұл бағытта бақылауға алынатын және нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін бірнеше проблема бар.

1. Осыған дейін асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіттік. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Бұл гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі. Сондай-ақ балаларда қолма-қол ақшаның болмауы оларды қауіптерден сақтайды. Ата-аналарға да шығындарды бақылау оңайырақ болады. Бірақ көбінесе қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайды.

2. Буфет өнімдерінің құны. Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады. Бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін.

Толығырақ https://martebeli.kz/mektep-ashanalary-talapk%CB%8Ca-saj-ma
3.4K viewsedited  03:26
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 13:21:52 Родители претендующего на ”Алтын белгі” школьника оспорили в суде четверку в Павлодаре: 23 мая 2022, 15:51 - новости на Tengrinews.kz
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/roditeli-pretenduyuschego-altyin-belg-shkolnika-osporili-469232/
704 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 10:25:56
ГИМНАЗИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграм каналында хабарлады.

"Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола.

Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында"
- деп жазды Асхат Қанатұлы.

Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берген.

Толығырақ https://martebeli.kz/gimnaziadada-top-zhardy
917 viewsedited  07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 08:33:34
5200 ОҚЫТУШЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Қазақстандық колледждердің 5 200 оқытушысы біліктіліктерін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Қазақстан ұстаздары.

Былтыр Білім және ғылым министрлігі колледж оқытушыларының жаңа технологияларды аудиторияда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелердің базасында оқыту үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізген болатын.

Нәтижесінде педагогтер «АрселорМиттал» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» МАЭК, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС және басқа да кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.

Оқытушылардың айтуынша, оқытудың мұндай форматы оларға жұмыс берушілердің колледж түлектеріне қоятын талаптарымен тереңірек танысуға және жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, тағылымдамадан тек педагогтер ғана емес, колледж басшылары да өтті. Мұндай оқыту форматы әлі де жалғасын табады.
963 viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме