Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-19 12:20:19
«Желіге шолу» айдарында жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдаманы қалай алуға болатыны туралы айтылды. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули жолдама алу мүмкіндігі туралы.
913 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 09:25:35 https://aikyn.kz/196615/dene-shynyktyru-sabagynda-uldar-men-kyzdar-tobyna-bolu-turaly-kagida-engiziledi/
1.1K views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 08:55:40
СИНГАПУРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР НЕЛІКТЕН ҮЗДІК?

Сингапур – халықаралық экономикалық аренада өткен ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болды. Оған дейін бұл ел «дамушы», «үшінші әлем елдері» қатарында еді. Соған қарамай бар-жоғы ширек ғасыр ішінде Жер планетасындағы технологиясы мен әлеуметтік жағдайы жоғары деңгейлі елдердің арасынан бір-ақ шықты.

Ал белгілі бір салада ғалым боламын, сапалы білім аламын деген талапты студенттің «Меккесіне» айналды. Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан 63 аралдың жиынтығы болып есептелінетін елдің жетістігінің сырына үңілейік.

Бұл материал «Не үшін Сингапур мектептері әлемде үздіктер қатарында?»,- деген сұраққа жауап береді.

Толығырақ https://martebeli.kz/singapurlyk%CB%8C-mektepter-nelikten-%D2%AFzdik
1.1K viewsedited  05:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 07:48:33
Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды әуежайға барып Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр.

Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таеквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сондай-ақ дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды.

Барлық жеңімпазды лайықты жеңістерімен құттықтаймын! Әр медаль – еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі. Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын.

Әуежайдан шығарып салғанда сіздердің ұмтылыстарыңызды, талпыныстарыңызды байқадым. Алдағы ойындарда жеңістер тілеймін және туған жерде сіздерді асыға күтіп, барлығы жанкүйер болып отырғанын ұмытпаңыздар.
897 views04:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 07:32:43 Балалар жылы аясында «Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/544548-balalar-zhyly-ayasynda-bala-qorgau-internet-resursy-iske-osyldy
1.0K views04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 15:36:57 «Қазақстан ұстаздары» телеграм арнасы

Біз Қазақстандағы көптеген журналдар, сайттар мен педагогтерге арналған ақпараттық арналарды («MÄRTEBELI» Республикалық ұстаздар журналы, «Қазақстан ұстаздары» телеграм арнасы және т.б) біріктіретін үздік ұйым болып табыламыз.

Педагогтерді және білім саласындағы қызметшілерді аттестаттаудан өткізуде көмек көрсету мақсатында, біз Сіздердің мақалаларыңызды, сабақ жоспарларыңыз бен бағдарламаларыңызды үздік журналдар мен ақпараттық ресурстарды тегін немесе 50% жеңілдікпен жариялауға мүмкіндік береміз!

Жарияланудың шарттары:

1. http://tiny.cc/ustaz_kz сілтемесі арқылы анкета толтыру;
2. Өздеріңіздің материалдарыңызды ustazdar_kz@inbox.ru поштасына жолдау.

Бұл ақпаратты әріптестерге, мұғалімдер чатына жолдаңыз
1.0K viewsedited  12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 12:50:14
Түркістан облысында 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде.

Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Аталған фактінің орын алғанын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады.

Толығырақ: https://martebeli.kz/
211 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 11:01:12
СҮЙЕК МҮЙІЗ ӨҢДЕУ – КҮРДЕЛІ ӨНЕР

Халқымыздың кенже қалған қолөнер түрлерінің бірі – сүйек мүйіз жону. Ерекше кәсіпті қайта жандандырып жүргендердің бірі – Павлодар қаласындағы №1 мектептің көркем еңбек ұстазы және «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі Қайнарбек Махмет.

Бүгінде ол үйірмеде ұсталыққа икемі бар оқушылардың басын қосып, сүйектен мүйізден жону ісіне тәрбиелеуде. Қайнарбек Ерназарұлы Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин ауылының тумасы, Павлодар гум.-педагогикалық колледжін бітіріп, Қаражар орта мектебінде еңбек жолын бастаған. Технология пәнін жүргізіп, оқушыларға қайыстан қамшы өру, ағаш бұйымдарын жасауды үйретеді.

Кейін Павлодардағы №1 мектепке ауысты. Қайнарбектің шеберханасынан сүйек пен мүйізден жасалған композициялардың түр-түрін көруге болады. Мысалы, қыз балаларға арналған білезік, алқа, қонырау, тарақ, тұмар, тұз салғыш, қобыз, үкі, киіз үй, шаңырақ секілді кәдесый бұйымдарын қанша тамашаласаңыз да көз тоймайды.
https://martebeli.kz/s%D2%AFjek-m%D2%AFjiz-%D3%A9%D2%A3deu-k%D2%AFrdeli-%D3%A9ner
472 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 10:03:06 Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру және технология сабақтарына бөлек қатыса алады. Мұндай ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне түсіп жатыр екен. Бұл пәндер бойынша бөлек оқыту сыныптағы оқушы санына қарамастан жүргізіледі, деді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау жалғасады. Мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жұмыстары олардың шаруашылық жүргізу құқығына көшуімен жүргізіледі. Республиканың үздік мұғалімдерінің платформасын құру жоспарлануда.

Комитет басшысы атап өткендей, мектептер де балалар қозғалысын дамытуды жалғастырады.

Пікірталас, өзін-өзі басқару апталығы, оқу орындарында театрлар ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының өзін-өзі тануы көтеріледі. Сонымен қатар, кем дегенде 20 минутқа созылатын күнделікті кітап оқуды ұйымдастыру жоспарлануда.
603 views07:03
Ашу / Түсініктеме